Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет15/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

КӨКІРЕК ҚУЫСЫНЫҢ ДАМУ АҚАУЛАРЫ


Көкірек қуысының туа біткен даму ақаулары шамамен туған 1000 баланың 1-інде кездеседі. 90% жағдайда «воронка» тәрізді деформациясы кездеседі. Сирек кездесетін деформациялар ішінде «киль» тәрізді түрін бөлуге болады.
Жоғарыда аталған ақауларының даму себептері толық зерттелмеген. Көбінесе олар шеміршек тінінің, кейде кеуде клеткасының сүйектік бөлігінің туа біткен дисплазиясы немесе аплазиясы кезінде кездеседі. Шеміршек тінінің морфологиялық зерттеуі олардың құрылымының бұзылысын анықтайды. Шеміршек тінінің құрылымының өзгерісі өз кезегінде алмасу үрдістерінің бұзылысымен байланысты.
Тұқым қуалаушылықтың маңызы да өте зор. Көптеген авторлардың мәліметтері бойынша, көкірек қуысының деформациясы бар балалардың 20%-нің туыстарында осыған ұқсас патологиялар кездеседі. Қазіргі уақытта кеуде-қабырға кешенінің аномалиясы құрамына кіретін көптеген синдромдар белгілі. Кең тарағаны - Марфан синдромы. Бұл синдром кезінде шеміршек тінінің дисэмбриогенез фонында астениялық бітім, арахнодактилия, хрусталиктің шығуы, аортаның қабатталған аневризмасы, кеуде қуысының деформациясы, коллаген және гликозамингликандар алмасуының айқын биохимиялық өзгерістері кездеседі.
Синдромдардың белгілерін білу және оларды нақтылаулау оларды емдеу үшін маңызды. Мысалы, Эларс-Данлос синдромы кезінде сүйек-шеміршек патологиясымен бірге тамырлар қабырғасының бұзылыстары байқалады. Хирургиялық ем кезінде қан кетуге байланысты асқынулар болуы мүмкін. Сүйек-шеміршек деформациясы бар балаларды анықтаған кезде міндетті түрде генетик кеңесі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет