Аорта және ме-диастинум тамыр ларының даму ақаулары (тамыр лық сақина)
Өкпе артерия сының ілмегі
Бронхогендік киста
Толық шеміршек сақина
Ісікпен басылу
Трахеостомия
Бөгде денелер
Тыныс жолдары ның күйігі
Трахея және бронх-тардың жарақаттық жыртылуы
Трахеяның және бронхтардың туа біткен стенозы. Жиірек трахея және өңешті орайтын аортаның трахеяны қысатын стеноздар кездеседі. Бұл трахеяның өңешпен бірге қысылуы байқалатын жалғыз тарылу. Аталған белгі, бұл стенозды басқа стеноздардан қарапайым өңештің бүйірлік контрастты рентгенограммада ажыратады. Бұл жағдайда өңештің артқы қабырғасында, аортаның бір бағанының қысылуы анықталады. Бронхоскопия кезінде трахеяның ортаңғы үштен бір бөлігінің алдыңғы қабырғасында қысылу байқалады. Диагноз аортаның ультрадыбыстық зерттеуі кезінде де анықталуы мүмкін. Күдіктенген жағдайларда аортография жасау керек.
Емі. Емдеу негізгі тамырлық сақинаны тілуге бағытталады. Аталған ақау, аортаның трахеяны көп қысқан жерінде трахеомаляция белгілерімен ерекшеленеді. Сондықтан, операция барлық жағдайда аортаның алдыңғы бағанын төске бекітумен (аортопексия) аяқталуы тиіс. Бұл операциядан кейінгі кезеңде трахеомаляция көріністерін азайтады. Өкпе операциясының ілмегі трахея бифуркациясы аймағындағы стенозбен сипатталады. Аталған ақау трахеяның қысылған жерінің толық шеміршектік сақина немесе гипоплазиямен жиі қосарланады.
Бронхогендік киста трахея және өңештің арасында орналасады. Трахея артынан қысылады. Трахеоскопия кезінде шектелген аймақта трахеяның мембранозды бөлігінің пролапсы анықталуы мүмкін. Ақаудың емі кистаны сылып алуға бағытталған.
Трахеяның өзіндік туа біткен стенозы толық шеміршектің сақинасының болуымен және белгілі аймақта трахеяның мембраноздық бөлігінің болмауымен байланысты. Оны трахеоскопия кезінде анықтауға болады. Трахея ұзындығының 30%-дан аз бөлігін қамтитын стеноз кезінде, тарылған бөліктің резекциясын тура анастомоз салумен жасауға болады.
Трахея және бронхтардың жүре пайда болған стеноздары. Трахея және бронхтардың жүре пайда болған стеноздарының себептері - трахеостомия және тыныс жолдарында ұзақ уақыт бөгде денелердің тұруы табылады.
Емі. Трахеяның өзіндік стенозының емін бронхоскоп арқылы тыртықты сылып алудан бастаған дұрыс. Нәтиже болмаған жағдайда, трахеяның резекциясы, трахеяаралық анастомоз салу көрсетілген. Бронхтардың стенозы кезінде емнің алдында зақымдалған жаққа бронхоскопия жасау керек. Обструкция орнында бронхоэктазия дамыған жағдайда стенозды жою өкпенің зақымдалған бөлігінің резекциясымен бірге жүруі керек. Бронхтардың жыртылуынан кейін дамыған стеноздар кезінде тарылған бөліктің резекциясы, трахеобронхтық анастомоз салу жасалады.