Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет34/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Өңеш күйігі
Балаларда өңеш күйігі концентрациясы жоғары қышқыл немесе сілтілерді ішіп қойғаннан болады. Жиі 1-3 жас аралығындағы балалар дәмін көру үшін ішіп қояды. Үлкен адамдарға қарағанда балалар сұйықтықты көп мөлшерде ішеді және ең негізгі қиындығы - өңештің тыртықты тарылуы.
Асқорыту жолының жоғары бөлімдерінің күйігі көптеген заттармен шақырылады, бірақ олардың көбі тарылуға әкелмейді. Қазіргі кездегі өңештің ауыр күйіктері жоғары концентрациялы уксус қышқылын ішуден (70% ерітінді) болады. Екінші орында, техникалық қышқылдар мен нашатыр спирті тұр. Педиатрия тәжірибесінде басқа заттар ауыр күйік тудырмайды.
Егер бала байқаусызда ыстық су ішсе күйік ауыз қуысында болады да, өңеш зақымдалмайды. Ауыр клиникалық көріністерге, яғни дисфагия, дене қызуының жоғарлауы, гиперсаливация, сусыздануларға қарамастан, біраз уақыттан соң күйген беткей жазылып кетеді. Өңеш күйігінің клиникалық көрінісі, диагностикасы, емі, өңеште болған патоморфологиялық өзгерістер тереңдігіне тікелей байланысты. Әр түрлі қышқылдармен болған күйікте, дұрыс емдеу тактикасын қолданғанның өзінде, өңеште тыртықты өзгерістер пайда болады.
Өңеш күйігінің 3 дәрежесін айырады:

  1. Жеңіл (I) дәрежесі: өңештің шырышты қабатында катаралдық қабыну, ісіну, гипертермия, беткей эпителийдің зақымдалуы. Ісіну 3-4 күннен соң қайтады, эпителиялану 7-8 күннен кейін пайда болады.

  2. Орташа (II) дәреже, шырышты қабаттың терең зақымдануымен, эпителийдің некрозымен фибринозды түзілістермен сипатталады. Жазылу 1,5-3 аптадан кейін толық эпителиленумен, немесе нәзік тыртық пайда болуымен сипатталады.

  3. Ауыр (III) дәрежі: шырыш қабаты, шырыш асты, кейде бұлшықет қабаты некрозданып, ұзақ уақыт өздігінен түспейтін фибринозды түзілістермен сипатталады. Олар түскеннен кейін орнында жара түзіледі, ол біртіндеп грануляциялық тінмен алмасады, өңеш қуысын тарылтатын тыртықтар пайда болады.

Клиникасы мен диагностикасы. Алғашқы сағаттарда клиникасы ауырсыну сезіміне, қабынуға байланысты. Науқастың қызуы жоғарылап, мазасызданып, сілекейі қатты ағып жұтына алмайды.
Жұтқыншақ, жұтқыншаққа кіреберіс, жұтқыншақ үсті, тыныс алу жолдары ұшатын заттармен, немесе күйдіретін сұйықтықтардан аспирация кезінде, жұтқыншақ стенозымен байланысты тыныс жетіспеушілігі болады. Бұл жағдайда стридорозды тыныс және аралас демікпе пайда болады. Жедел кезеңде жүрек қан тамыр жетіспеушілігі, ақыл естің күңгірттенуі, гематурия және бүйрек жетіспеушілігі түріндегі улану белгілері болады. Жедел кезеңіндегі ең жиі кездесетін асқыну - аспирациялық пневмония.
5-6 күннен бастап өңештің ауыр күйіктермен түскен науқастардың жағдайы жақсарады: дене қызуы төмендейді, сілекей ағуы және дисфагия жоғарлайды, ауыз арқылы тамақ іше бастайды. I, II дәрежелі күйіктің клиникалық жақсаруы өңеш құрылымының қайта қалыптасуымен жүреді. III дәрежедегі, емделмеген күйікте бұл жағдай уақытша, 4-6 аптада оларда өңеш өтімсіздігі пайда бола бастаған тыртықтар әсерінен дамиды. Алғашқыда қатты тамақтар , кейін сұйық тамақтың өзі өтпейді. Қатты асқынғанда бала тіпті сілекейін де жұта алмай қалады. Дегидратация және арықтау дамиды.
Ас қорыту жолының жоғарғы бөлімінің күйігі туралы ақпаратты фиброэзофагодуоденогастроскопия береді. Жаңа иілгіш эндоскоптар бұл іс шараны қауіпсыз етеді. Клиникалық көріністерге сүйене отырып, өңеш күйігін негіздеуге немесе жаққа шығаруға болмайды. Ауыздың немесе өңештің жекеленген күйігі кезінде клиникасы бірдей, ал ауызда күйік болмаса, онда ол өңеште де күйік жоқ деген сөз емес.
Өңеште күйік бар деген науқастардың бәріне ФЭГДС жасау керек. Оны жасау мерзімі клиникалық көрінісінің айқындылығына байланысты. Клиникасы әлсіз немесе болмаса, ФЭГДС жарақаттан кейінгі бірінші күні, немесе амбулаторлық жағдайда жасау керек.
Айқын клиникасы бар өңеш күйігінде алғашқы фибро-эзофагодуоденогастроскопияны бірінші аптаның соңында жасайды. Ол II және III дәрежелі күйікті I дәрежелік күйіктен ажыратуға көмектеседі. Осы уақытта II мен III дәрежелі күйіктер арасын ажырату қиын. Сондықтан, ол үшін 3 аптадан кейін екіншілік фиброэзофагогастродуаденосокпия жасайды. Бұл кезде, II дәрежелі күйікте тыртықсыз эпителизация пайда болады. Ал III дәрежелі күйікте, бетінде фибринді дақтары бар жаралар анықталады. Бұл кезде профилактикалық буждау жасамаса өңеш стенозы пайда болады.
Емі. Алғашқы көмек ретінде құсуды шақыру үшін көп мөлшерде су немесе сүт береді. Жедел жәрдем дәрігері асқазанды зонд арқылы көп мөлшердегі сұйықтықтпен шаюы керек. Асқазан неғұрлым ертерек жуылса, соғұрлым асқазанды ауыр күйіктен сақтауға болады. Перманганат калий кристалдарын жұтқыншақтан аскорбин қышқылына матырылған тампонмен алады. Жарақат алғаннан соң алғашқы сағаттарда наркотикалық анальгетиктер береді, әсіресе егер дисфагия болса, дене қызуын бақылап отырады. Улану белгілері болса инфузиялық терапия жүргізіледі. Көмейдің ісінуіне байланысты тыныс жетіспеушілігі болса, мұрынішілік новокаинды блокада, қан тамырға гидрокортизон, 10% кальций хлориді ертіндісін, 20-40% глюкоза ертіндісін енгізеді, оттегі ингаляциясы беріледі. Шамалы седативтік ем жүргізеді. Тыныс жетіспеушілігі ұлғая түссе, термопластикалық түтікшелермен назотрахеалдық интубация жасайды, бұл өз кезегінде кеңірдек пен стомиядан сақтайды.
Қызуы мен пневмония узаққа созылса, антибиотиктер парентералды енгізеді.
Жарақаттан кейінгі 5-6 күндері дисфагия айқын болса, сұйықтық парентералды енгізіледі, немесе бала тек сұйық тамақ ішеді. Ауырсынуды басу үшін балаларға өсімдік майын, алмагель береді. 5-8 күндері дисфагия азайып, баланы дұрыстап тамақтандыруға көшіреді.
Қазіргі уақытқа дейін өңеш күйігіне және тыртықты тарылуға жақсы әсер ететін дәрілік заттар жоқ, бірақ алдын-ала буждау көрсетілген. Егер манипуляция дұрыс жүргізілсе тыртықты тарылулар сирек болады.
Алдын-ала буждауды жарақаттанудан кейінгі бірінші аптаның аяғында және фиброэзофагодуоденогастроскопия кезінде өңеште фибрин жабынды анықталса (II-III дәрежеде) жасайды. Буждауға тұйық біткен буждарды қолданады, олар пластмассадан жасалады да, ыстық суға салғанда олар жұмсақ және иілгіш болады. Бужды бала жасына қарай, өңеш диаметріне байланысты алады. Балалардың жасына байланысты қолданылатын буждың өлшемдері ІІ.2 кестеде көрсетілген.
ІІ.2 кесте
Буждардың өлшемдері


Баланың жасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет