Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет37/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Өңеш перфорациясы (тесілуі)
Перфорация – ятрогендік зақымдау, немесе жиі буждау кезіндегі техникалық қателіктерден, эзофагоскопия, соның ішінде наркозсыз ригидтік эзофагоскопия жасау, дөрекі манипуляциялар кезінде болады.
Клиникасы мен диагностикасы.
Перфорация клиникасының айқындылығы оның деңгейіне (мойын, кеуде немесе, өңештің құрсақ бөлімдері), перфорация тесігінің көлеміне (макро және микроперфорация) және жарақат мерзіміне байланысты. Перфорация ауырлығы мойын клетчаткасы мен көкірек аралықтағы қабыну үрдісінің дамуымен байланысты.
Өңештің кеуде бөлімінің перфорациясында көкірек аралыққа сілекей, асқазан құрамы және ауа енеді. Сілекей микроағзалары іріңді және септикалық сипаттағы медиастиниттің дамуына әкеледі.
Өңештің кеуде бөлімінің тесілуінде оң жақты пневмоторакс дамиды. Себебі өңеш медиастинумда осы жерде жақын жатады. Медиастиналды плевра сақталса көкірекаралық эмфизема дамып, ол ірі қан тамырларының, жүректің ығысуы мен компрессиясына және нерв шоғырларының тітіркенуіне әкеледі. Мойынға ауа жиналса, мойын ісінуі, тері асты эмфиземасы және крепитация дамиды.
Перфорациядан кейін қан аралас құсық қайталанады. Науқас бала мазасызданады, тамақтан бас тартады, төс артындағы және арқасындағы ауырсынуға шағымданады. Ентігу, сықырлы тыныс, жоғары температура дамиды. Токсикоз және тыныс жетіспеушілігінің белгілері дамиды. Перкуторлы жүрек тұйықтығы немесе пневмоторакс анықталады. Мойын ісінуі және тері асты эмфиземасы жиі дамиды.
Перфорация болғаны жайлды күмән туса, бірден рентгендік зерттеу жүргізіледі. Рентгенскопияда өңештің кеуде бөлімінің перфорациясында, көкірекаралық көлеңкесі кеңейеді. Пневмомедиастинум болса, ауа жүрек контурына жатады, айырша безді қамтиды және мойын клетчаткасына таралады, пневмоторакста да болуы мүмкін.
Тесік орнын контрастты зерттеу арқылы білуге болады. Балаларда рентгеноскопияны иодолиполмен горизонтальды қалыпта жасайды және контрастты затты катетер арқылы енгізеді. Перфорацияны контрастты заттың өңеш сыртына ағуынан байқайды.
Емі. Ауыз арқылы тамақ беруді толық тоқтату керек. Шұғыл түрде грамм-теріс, грамм-оң және анаэробтық микроағзаларды залалсыздандырушы әсер ететін антибиотиктерді ересектерге арналған ең жоғары рұқсат етілген дозада көктамырға енгізеді. Балаға гастростома салады. Егер өңештің кеудеден төменгі бөлігі тесілсе, екі жақтылы гастростома қойылады. Біреуі арқылы ащы ішекке түтік енгізіп, науқасты қоректендіреді. Екіншісі арқылы асқазанды декомпрессиялайды. Бұл асқазан-өңеш рефлексінің және көкірек аралықтың реинфекциясының алдын алуға мүмкіндік береді. Тек қана ерекше жағдайда, егер перфорация диагнозы күмәнді болса, мұрын-ауыз арқылы өткізілген зондпен науқасты тамақтандыруға болады.
Егер өңеш перфорациясының диагнозы алғашқы тәулікте қойылса, шұғыл түрде операция жасап, өңеш жыртығын тігеді. Кеш уақытта, флегмона мен абсцесті (көкірекаралықта орналасқан) плеврадан тыс әдіспен дренаждаумен шектеледі. Операцияның өңеш маңы шеліне дренаж орнатумен және көкірекаралыққа система қоюмен аяқтайды. Ол арқылы көкірекаралықты жуып-шайып отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет