Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және



бет36/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

Өңештің тыртықты тарылуы
Өңештің тыртықты тарылуы, әдетте буждау жасалмаса, немесе буждау техникасы дұрыс жасалмағанда пайда болады.
Клиникасы мен диагностикасы. Өңеш өтімсізділігінің бұзылу клиникасы дисфагия мен дене салмағының жоғалуымен байқалады. Толық өтімсіздікте бала тіпті сілекейін жұты алмайды, дене салмағын тез жоғалтады. Диагностика үшін өңешке бариймен контрастты рентгеноскопия және эзофагоскопия жасалады.
Емі. Өңештің үлкен стенозын буждау арқылы қалпына келтіруге болады. Оның бірнеше түрі болады: соқыр буждау, эндоскоп арқылы, өткізгіш бойынша және т.б. Бірақ ең тиімді және өңеш перфорациясын тудырмайтыны жіп арқылы буждау.
Ол үшін балаға гастростома салады. Гастростома баланы толымды тамақтандыру және өңешті ары қарай тексеру үшін қажет. Балаларда гастростоманы ең қарапайым әдіспен (Кадер әдісімен) салады. Түтікті жеке тілім арқылы шығарады. Гастростоманы салған соң, 2-3 аптадан кейін, эндоскопиялық әдісті қайталайды – тура және ретроградты буждау жүргізіледі (гастростома арқылы). Эндоскоп каналы арқылы өткізілген эндоскопиялық қысқыштарды, ретроградты стеноз арқылы жіпті буждау үшін жібереді. Жіп арқылы екіншілік рентгендік зерттеу жүргізіледі.
Буждауға сақина тәрізді және қысқа түтікше тәрізді өңеш стенозы жақсы көнеді.
Буждауды стеноз арқылы өтетін кішкентай буждан бастайды; манипуляцияны 2-3 апта сайын 1 рет, буждың өлшемдерін өсіре отырып қайталайды. Стеноз басылған соң балалар ауыз арқылы тамақтанады, гастростомияны алып тастайды, гастростомиялық тесік жіп аймағында тарылады. Балаларды амбулаториялық емге көшіріп, өңеш күйігінің III дәрежесінің схемасы бойынша буждайды. Буждауды тоқтатқаннан соң, балалар өздігінен тамақтанып, дисфагия көріністері жойылуы керек. Мұндай нәтиже науқастардың тек 2/3-де байқалады. Буждаудың нәтижесіздігі және стеноз рецидиві өңеш пластикасы операциясының көрсеткіші болады.
Қазіргі кезде өңешті пластикалауда тоқ ішекті қолданады. Ол үшін тоқ ішекті қан тамырымен кесіп алып, төс артымен өткізіп, бір жағын өңешпен ал төменгі бөлімін асқазанмен жалғастарады.
Өңеш стенозын жоюға арналған көптеген операциялар түрлері бар. Оларға эндоскопияның электрорезекция, немесе криодеструкция, эндоскопиялық баллонды дилятация, өңешті форсирлі буждау, стенозды эзофагоэзофагоанастомозбен резекциялау және т.б. жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет