Байланысты: Balalar khirurgiasy kaz medical students
Туа біткен кеңірдек пен эзофагальдық жыланкөз Туа біткен шектелген кеңірдек пен эзофагальдық жыланкөз - сирек кездесетін даму ақауы. Кездесу жиілігі – барлық өңеш аномалияларының 3-4% құрайды. Жыланкөз, негізінен жоғары, VII мойын немесе I кеуде омыртқалары деңгейінде орналасады.
Кеңірдек пен эзофагальдық жыланкөздердің 3 түрін ажыратады: ұзын және тар, қысқа және кең (ең жиі кездеседі), өңеш пен кеңірдек арасында кең көлемді бөлінудің болмауы.
Клиникалық көрінісі және диагностикасы. Ақау белгілерінің айқындылығы жыланкөздің диаметріне және кеңірдекке түсу бұрышына байланысты. Ақауға тән белгілерге: жөтел және цианоз ұстамалары жатады. Олар баланы қоректенген кезде, әсіресе горизонталдық қалыпта байқалады. Тар және ұзын жыланкөздер кезінде, баланы қоректендіру кезінде тек аздаған жөтел ғана байқалады.
Кеңірдек пен эзофагальдық жыланкөздердің диагностикасы, әсіресе тар түрлерінде, өте қиын. Зерттеу кешеніне рентгенологиялық және аспаптық әдістер кіреді. Рентгенография баланың горизонтальдық қалпында жасалады. Өңештің бастапқы бөлігіне, енгізілген зонд арқылы, контрастты зат жіберіледі. Оның кеңірдекке енуі жыланкөздің бар екендігін көрсетеді. Бұл әдістің тиімділігі төмен. Ақпаратты зерттеу әдісіне трахеоскопия жатады. Кеңірдекті дауыс байламдарынан бифуркацияға дейін мұқият қарайды. Қуыс тәрізді жыланкөз, кеңірдектің артқы қабырғасында орналасады. Жыланкөздің тура белгісі – шырышпен бірге ауа көпіршіктерінің пайда болуы.
Емі – операциялық. Операция алдындағы дайындыққа кеңірдек пен бронхиальдық ағаштың санациясы, аспирациялық пневмонияның емі кіреді. Бұл мақсатта санациялық бронхоскопия, антибактериальдық, инфузиялық ем тағайындалады. Ауыз арқылы қоректендіру толық тоқтатылады.
Жыланкөздің мобилизациясын, байлауын және кесуін оң жақтық мойындық кіреспен, сирек торакотомия арқылы жасалады. Мерзімінде жасалған диагностикада болжам – жақсы.