Оқулық Медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, дәрігер педиатрларға және


АСҚАЗАН МЕН АСҚАЗАН АСТЫ БЕЗДІҢ АУРУЛАРЫ



бет86/247
Дата07.02.2022
өлшемі7,1 Mb.
#83227
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   247
Байланысты:
Balalar khirurgiasy kaz medical students

АСҚАЗАН МЕН АСҚАЗАН АСТЫ БЕЗДІҢ АУРУЛАРЫ


Асқазан мен 12-елі ішектің жара ауруы.
Балаларда асқазан мен 12-елі ішектің жара ауруы үлкендерге қарағанда сирек кездеседі. Көбінесе жасөспірімдер ауырады. Осы аурудың дамуында тамақтану режимінің бұзылуы, жоғары эмоционалды жүктеме, пубертатты кезеңдегі гормональдық фонның өзгеруі. Ғылыми әдебиет деректері бойынша кіші жастағы балаларда стресс жаралары және нәрестелерде сепсис пен гормональдық емнің фонында ауру дамуы мүмкін.
Асқазанның жара ауруына қарағанда 12-елі ішектің жара ауруы жиі кездеседі.
Клиникасы. Баланың жасына байланысты жара ауруының өзіндік ерекшеліктері болады. Үлкен жастағы балаларда аурудың анамнезі ұзақ және оған тән белгілермен өтеді – іште дискомфорт сезіну, эпигастрий аймағындағы ауырсыну, тәбеттің төмендеуі, құсу. Ауырсыну сезімі тамақ қабылдаудан кейін, немесе түнгі уақытта кездеседі. Құсу, жүрек айну, кекіру, қыжылдау сияқты дисфагиялық бұзылыстар күшейе түседі. Кейде ауру айқын аурсыну сезімімен өтеді. Жара перфорациясы, жара пенетрациясы, қан ағулар сияқты асқынулар балаларда сирек кездеседі. Жара малигнизациясы мүлдем кездеспейді деуге болады.
Нәрестелер мен емшек жасындағы балаларда бұл жарақат кезінде байқалатын жалғыз белгі – ол қан кету. Сонымен қоса кенеттен болған перфорация да болуы мүмкін. Перфорация себебінен тез арада перитонит дамиды. Бұл кезде құрсақ қуысы тығыздалған, перкуссияда бауыр тығыздығы жоғалған. Рентгенологиялық зерттеу кезінде құрсақ қуысында бос газ деңгейі анықталады.
Жара ауруының диагностикасы анамнез, зертханалық тексерулер және рентгенологиялық зерттеулер негізінде қойылады. Аурудың алғашқы кезінде, пилородуоденальдық аймақтағы спазмды ғана анықтауға болады. Диагностикада фиброгастро-дуоденоскопия ерекше орын алады. Оның көмегімен үрдістің орнын (локализациясын), таралғандылығын анықтауға болады.
Ересек балаларда жара ауруын гастритпен, гепатохолециститпен, қан кету кезінде Меккель дивертикулымен, портальдық гипертензиямен ажыратпалау (дифференциациялау) керек. Ажырату мақсатымен бауыр функциясын зерттеу, дуоденальдық зондтау, асқазан сөлін зерттеу әдістерін жүргізеді.
Емі. Асқынбаған жағдайларда жара ауруы консервативті түрде емделеді. Оған диета, витаминдер кешені, сілтілі сұйықтар ішу жатады. Тек перфорация, тоқтамай қанау жағдайларында ғана оперативтік ем жүргізіледі. Перфорация кезінде жара жібек жіптерімен тігіледі.
Операциядан кейін науқас 2 тәулік парентеральды тамақтандырылады да, 3-ші тәуліктен бастап сұйықтық беріледі. Операциядан кейін балалар диспансерлік бақылауда болады, оларға жараның алдын алуға арналаған емдік курстары жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   247




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет