Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Адамның дамуындағы және оның тұлға ретінде қалыптасуындағы



Pdf көрінісі
бет150/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

 
Адамның дамуындағы және оның тұлға ретінде қалыптасуындағы 
(биологиялық, әлеуметтік және биоәлеуметтік) биологиялық және 
әлеуметтік арақатынас тұжырымдамасы. Тұлғаны қалыптастыруға және 
дамытуға әсер ететін факторлар (сыртқы және ішкі, биологиялық және 
әлеуметтік). Негізгі факторлар: тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие, 
олардың өзара байланысы. Іс- әрекетпен қарым-қатынастың тұлғаның 
дамуындағы және қалыптасуындағы рөлі. Тұлға 
– 
тәрбиенің, өзіндік 
дамудың 
объектісі және субъектісі. Тұлғаны дамытудың және 
қалыптастырудың қозғаушы күштері мен негізгі заңдылықтары. Өзін-өзі 
тәрбиелеу 
– 
 тұлғаның дамуы мен қалыптасуының шарты, нәтижесі. 
Тәрбие, орта, тұқымқуалаушылық жеке тұлға дамуына әсер ететін 
әлеуметтік, биологиялық, психологиялық ықпалдар болып табылады.
 
Тәрбие – 
жеке тұлға дамуындағы басты факторлардың бірі. Тәрбие балалардың жеке 
және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, 
тәрбие адамдардың іс-әрекеттерін ұйымдастырады.


102 
Тәрбиенің негізгі мақсаты – қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның 
әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан-жақты үйлесімді дамуы. Жеке 
тұлғаның дамуы мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп 
аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады.
Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биологиялық 
факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп есептеген. Жеке 
тұлғаның қалыптасу факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің 
прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде 
өз жалғасын тапқан (Я.А.Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистерверг, 
К.Д.Ушинский, 
Д.Дьюи, 
Э.Торндайк, 
П.П.Блонский, 
А.С.Макаренко, 
Л.С.Выготский, Л.И.Божович, С.Л.Рубинштейн, В.В.Давыдов т.б.). 
Жеке адамның дамуының ықпалды көзі – тәрбие, қоршаған орта, табиғи 
нышандармен қатар тұрса, ол – адам қалыптасуында жетекші фактор. Баланың 
жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін үш фактордың ішінен 
тәрбие адамның дамуына орасан күшті ықпал етіп, тұқым қуалаушылық пен 
ортаның ықпалына белсенді әсер етіп, баланың дамуын қоғам талаптарына 
сәйкес бағыттап, белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-әрекеттерін 
ұйымдастырады, ортадағы жағдайлардан тұлға дамуына қажетті материалдарды 
іріктейді, жеке бастың дамуына теріс, зиянды әсер қалдыратын жағымсыз 
ықпалдардан аластайды.
Осы тұрғыдан келгенде 
тәрбие
– аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық 
тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау 
арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие бала 
дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол – баланы қалыптастырудағы 
негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның жетімсіздігі, әлсіздігі 
баланың қалыптасуына кері әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет