Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет151/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

Тұқым қуалаушылық 
– ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын 
елестетуі. Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не 
шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине, бұл кездейсоқ нерсе емес. 
Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен 
басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы 
берілетін биологиялық ұқсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін, нерв 
жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, 
математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау 
арқылы алады.
Орта 
– адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды. Жеке 
тұлғаның дамуы әсер ететін факторлар және олардың ішкі, сыртқы деп бөлінуі
төмендегі 47- суретте толық ашылды. 
Табиғи орта
- бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына, қызметіне 
ықпал жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына
әрекетіне елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен, 
ал солтүстікте балық, бұғы шаруашылығымен айналысады. Табиғат жағдайына 
байланысты 
олардың 
мінез-құлықтарында 
ерекшеліктер 
байқалады. 


103 
Әлеуметтік орта
- жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын 
әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. 
Адамға әсер ететін түрлі жағдайларды қозғаушы күш деп атайды. Біршама 
зерттелген ғылыми еңбектерде әлеуметтендірудің жағдайлары мен қозғаушы 
күштерін төрт топқа біріктіреді: 
1) 
Мегафакторлар
: космос, неосфера, планета, әлем. Бұлар басқа 
қозғаушы күштер арқылы барлық жер бетінің тұрғындарын әлеуметтендіруге 
әсер етеді. 
2) 
Макрофакторлар
: ел, мемлекет, этнос, қоғам. Бұлар белгілі бір елді 
мекенде өмір сүретін тұрғындардың әлеуметтендіру жағдайына әсер етеді. 
3) 
Мезофакторлар
: тұрғылықты жерде халықтың болмыс-түрі, әртүрлі 
субьмәдениетке қатысы бойынша сараланатын адамдардың үлкен тобының 
әлеуметтеңдіру жағдайы. 
4)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет