Сурет-76. Іс-әрекет түрлері
Спорттық-сауықтыру әрекеті.
Оқушылардың денсаулығы мен дене
бітімінің үйлесімді дамуы үшін қажет. Ол табиғатқа саяхат жасау, спорттық
жылжымалы ойындар, спартакиада, туризм, жорықтар арқылы жүзеге асады.
Еңбек әрекеті
.
Мектептегі кезекшілік, көгалдандыру жұмыстары,
сенбіліктер, сынып бөлмелерін жөндеу жұмыстары және т.б.
Қоғамдық пайдалы еңбек
.
Дәрі-дәрмек шөптерін, қағаз, темір қалдықтарын
жинау, қайырымдылық акциясын ұйымдастыру, балалар бақшасы және үйін
қамқорлыққа алу және т.б.
Шығармашылық әрекеті.
Оқушылардың бейімін, қызығушылығын
дамытуды, олардың шығармашылық күшін жетілдіруді көздейді. Ол концерттік
қойылым, көркемөнерпаздар байқауы, көркемсөз оқу, қолөнер шеберлері және
сурет көрмесінің байқауын ұйымдастыру формасында көрініс береді.
Достарыңызбен бөлісу: |