Сурет-75. Тәрбиенің негізгі құралдары Бұдан шығатын тұжырым – тәрбиелік жұмыстарда жоғарыдан берілетін
нұсқауларға таңылып не нақты ұжыммен байланысы жоқ сырттай біреулердің
дайын сценарийлерін ойсыз пайдаланып, іс жүргізуге болмайды. Жұмыстар
жалықтыратындай біртекті де болмағаны жөн. Бұрыннан бар, тәжірибеде
сыналып, тиімділігі сенімді тәрбиелік жұмыс формаларының кейбір
элементтерін
заман
ыңғайы
мен
тәрбиеленушілер
ерекшеліктеріне
сәйкестендіре пайдаланған ойға қонымды.
Сонымен, шығармашылық іс-әрекеттерді ұйымдастырушы мұғалім
оқушылар тарапынан анықталып, белгіленген тақырып әрбір қатысушының
қызығушылықтары мен тілектеріне сәйкес жұмыс түрлерін таңдауға тәрбие
формалары мен құралдары маңызды рөл атқарады.
Тәрбиелік іс-әрекеттің тиімді болуы осы мәселенің дұрыс шешіміне
тәуелді. Тәрбиелік істердің әрбір жекеленген жағдайларында өзіндік
ерекшеліктерімен, қызығулары және мүмкіндіктерімен дараланған әртүрлі
тәрбиеленушілер қатысады. Мұндай жұмыстарға араласқан ересектердің өздері
де балалар сияқты қайталанбас сипатқа ие.