179
1-4 бастауыш сыныптарда өзін-өзі басқару жүйесі арқылы олардың
қабілетін ұштау, әлеуметтік орындарға көзқарасын дұрыс қалыптастыру және
сыйлауға баулу міндеті қойылады да, осыған бағытталған «Жақсыдан үйрен,
жаманнан жирен», «Мен нені жақсы көремін?», «Көзіңмен көргенді, қолыңмен
жасауды қалайсың ба?» және т.б. жұмыс формаларын ұйымдастыруға болады.
5-9
сыныптарда оның әлеуметтік басқарушылық іс-әрекетіндегі
қабілеттерін дамыту, топ басшы рөлі негізінде өзінің саяси ұстанымын
және өзгелердің ұстанымын анықтай білуін дамыту болып табылады.
Осы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған «Жігіттік шаққа бір қадам»
дөңгелек үстел, «Адам – жұмбақ әлемі» конференция, «Жеке тұлға қалай
қалыптасады ?» атты пікірталас ұйымдастыруға болады.
10-11 сыныптарда әлеуметтік бейімділік, белсенділік, тұрақтылық
қасиеттерін меңгерген адам ретінде өмір сүру біліктілігін қалыптастыру міндеті
қойылады да, «Менің алғашқы жобам!» идеялар аукционы, әлеуметтік жобалар
сайысы, «Біз бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» дөңгелек үстел,
«Жаныңда
жүр жақсы адам» ойталқы сынды жұмыс формалары
ұйымдастырылуы керек.
Оқушының жас ерекшелігі ескеріле отырып, әр буынға көшкен сайын
әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру бағыты бойынша
жұмысты ұйымдастыру формасы және өткізілетін тәрбиелік шараның
тақырыптары да күрделене түседі.
Сынып жетекшісі өзінің негізгі қызметін жүзеге асыруда оқушылармен
тәрбие жұмыстарының формасын таңдайды. Олар оқушылардың әртүрлі
іс-әрекеттерін ұйымдастырумен байланысты болып келеді. Яғни, тәрбие
жұмысының формасын әрекеттің түрлері арқылы бөліп қарастыруға болады.
Оқушылардың практикалық іс-әрекеттері теориялық аспектіге қарағанда
басымдылық жағдайда болғандықтан, оның мазмұнын анықтауда оқушының
әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегі әрекеттің маңызына ерекше мән берген
жөн (76-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: