Футуризм – символдан сөзге дейін.
Акмеистер «Жас ақынға» деген брюсовтың үшінші қағидасына сүйенді – «мақсатсыз және ойсыз өнерге табын» деген, Бірінші қағидасы «осы шақпен өмір сүрме» Болашақ қана – ақынның кеңістігі» дегенін футурист ақындар қағып алып өз ағынында желеу етті. (футурум - болашақ).
Ғалым А. Крусановтың айтуы бойынша «футуристер сөздің жаңаруын қалады. Алайда тілді жаңарту үшін сөздік қорды жаңа сөздермен жаңғырту қажеттілігі туындады» - дейді.
Жоғарыда аталған футуризмге тән белгілер танымал ақын Тыныштықбек Әбдікәкімұлының поэзиясының өн бойынан табуға болады.
Мысалы ақынның «Ақ таңмын» атты өлеңінен бірігу арқылы жасалған жаңа сөздерді байқауға болады:
«Талтүспін.//жанымның мазасын алғыш мұң//Заман мынау, ауызкесел, бұткесел//Бақ пен Сордың құпиясын ұқпас ел» [4:48].,- дейді ақын.
Бұл шумақта «ауызкесел», «бұткесел» секілді кесел атты абстрактілі ұғымды зат есімдермен байланыстырады. Бір қарағаннан оқырманға түсінікті әрі ұғынықты болғанымен, бір қырынан бұл жаңа сөздердің өзі жаңа әрі дара түсінік вакумын құрастырып отыр.
Осы секілді В. Маяковскийдің поэзиясында «овазился», «поэтино», «обобившись» деген етістіктер мен Хлебниковтың туындыларындағы «чингисхань», «времири», «мечтежник» немесе И. Северянин шығармаларындағы «зеркалозеро», «поэза», «повсеградно оэкранен» іспетті заумьдер кездеседі. Футуризмдегі осы тәсіл өлеңге жаңаша леп, ерекше мағыналық дәм береді.
Сондай-ақ ақын «Әр сөзіңе жаратылған періштелер демінен» өлеңінде:
«Күнге Кійең кісінеген, Түз-Қамбар
Сені де – құртып тынбақшы қожасынған дұшпандар» [4:34]. - дейді.
Мұндағы «Кійе», «Түз - Қамбар» атты ұғымдар ақынның жеке ой танымының көрінісінен туындаған образдар. Бұл Тыныштықбек Әбдікәкімұлының «аңқымасы» туралы жазған метафизикалық ой-толғамынан туындаған сөздер.
Сол секілді келесі бір өлеңінде ақын :
«Дәстүрден де түк қоймай жалмады Ақыл//Әр Ой, әр сөз меншікшіл сарнакәпір» - дейді.
Мұндағы «Сарнакәпір» сөзінің «сарнау + кәпір» сөзі сарнай беретін кәпір адам бейнесіндегі образ болуы ықтимал.
Сонымен қатар футуристер сөздің ішінара әріптерді өзгерту арқылы жаңаша мән-мағынаға жеткен екен. Мысалы В. Хлебниковта: «бобр-бабр, обезлесили-обезлисили-обезлосели» секілді сөз ішінара өзгерістерге ұшырайды. В. Хлебников өз ғылыми ізденістерінде мынадай тұжырымға келеді:
«Минимальной неделимой смысловой единицей языка является не морфема, а звук, прежде всего начальный согласный – «корневой» по своей функции, чей исходный смысл корректируется остальными звуками слова». Ғалымның пікірінше: «Ч – оболочка. Поверхность, пустая внутри, налитая или обнимающая другой объем. Череп, чаша, чара, чулок, чрен, чоботы, черевики, черепаха, чехол, чахотка» [2:352].
Осы тұрғыдан қарастырсақ Тыныштықбек ақынның мына өлеңінде «көлкін» сөзін жоғарыдағы мысал қалыбына түсіруге болады.
«Толеранттылық көлкін у
Халықтың Тілін өлтіру
Бәрі – ақша үшін?» [4:65].
Осы мысалдағы «көлкін» сөзі қазақтың сөз қолданысында кезікпейді. Алайда осы сөзбен түбірлес, «к» әрпінен басталатын мәндес сөздерді анықтап көрсек: «көлтектеу, көлгірсу, көнбіс, көнімді, көнімпаз,көнтері» сөздері жалпы «көлкін» сөзінің мағынасына жақындайды деген пікірдеміз.
Орыстың авангардтық қозғалысының қалыптасуына италияндық футуристердің манифестері көп әсер етті. Шыға салысымен Ресейге кең таралып отырды. Бұл манифестер Маринеттиге ғана қатысты емес. Сонымен қатар 1910 -1913 жылдар арасында «Апполон» газетінде итальяндық ақын-футурист Паоло Буццидің жариялаған хаттары да болатын. Футуризмнің еуропадағы аухалы туралы Илья Зданевич Мәскеу мен Петербург қалаларында лекциялар оқитын. Футуристік поэтиканың негізгі сипаттамасын көрсеткен Маринеттидің алғашқы екі манифесті бар. Бірі «Техническому манифесту футуристической литературы» (1912 жылғы мамыр) болса, бірі «Беспроволочное воображение и слова на свободе» (1913 жылғы мамыр). Маринетти манифестерінде тыныс белгілерінен арылу, сапалы сын есімдер мен орфографияны қолданбау және барлық дәстүрлі поэзияның жүйесінен алшақтау болатын. Бұл ойлар италиялық футурист ақындар Маринеттидің,
А. Плаццескидің, П. Буццидің тәжірибесінен көрініс тапты.Орыс футуризмі аталған ойларды «Садок судей» жинағында айқын білдірді.
Сонымен Маринеттидің және Крученныхтың футуризм бағытында жазылған шығармаларынан үзінді келтіріп, салыстырайық:
Маринетти жазу барысында «создания сжатой цепи образов или аналогии» дей келе соғыс барысындағы уақытты былай бедерлейді:
«Полдень ¾ флейты визг смятение тумтум тревога гаргареш треск хрустенье марш звяканье мешки ружья сабо гвозди пушки гривы колеса фуры евреи оладьи ...» [1:115]. - дейді.
Ал Хлебников өзінің 1922 жазылған «Зангези» шығармасына мынадай түсінік береді:
«Эль — остановка падения, или вообще движения, плоскостью, поперечной падающей точке (лодка, летать). <…> Пэ — беглое удаление одной точки прочь от другой, и отсюда для многих точек, точечного множества, рост объёма (пламя, пар). <…> Ха — преграда плоскости между одной точкой и другой, движущейся к ней (хижина, хата)» [5].
Осы іспеттес Тыныштықбек Әбдікәкімұлы өзінің «Қас Сақ аңқымасы» кітабында дәл осындай заумьдерге түсінік беріп отырады:
«Қош Естер я Қош Ійістер (Ійс: приятных запах, аромат) Көк таңыраға <...> Ес Ійелеріне Аңқыл Қассақ осылайша аңқылдай жөнеледі» [3:78]. - дейді.
Ақынның түсіндіруінше: «аңқыл (славян бауырлар тіліндегі нұсқасы - ангел) періште. Ійс – жағымды иіс. Таң ыра – тәңір құдай. Қорытындысында «Өзтаным дегеніміз - Сөзтаным» деген тұжырымға келеді. [3:56].
Байқағанымыздай ақынның прозасында әрі поэзиясында көбінесе фонетикалық және морфологиялық заумьдер жиі қолданылады.
Ақын бір өлеңінде:
«Көктің Сыры көзінен ағылатын //Шаңыра тұр төбеңде, Шаңыра тұр!//Отыз екі Нұрымен,//Шексіздікті//Оңай сөйлеп береді Таңыра-Тіл!.. »- дейді.
Мұндағы «Шаңыра – «шыңырау» түрінде тұйық етістіктеніп нұрған сөздің негізі.
Жоғарыда айтылған ойларды тұжырымдай келе Тыныштықбек Әбдікәкімұлының шығармашылығы заумьдерге бай екенін аңғардық. Оның шығармалары жаңа тыныстағы футуризм десек, қателеспейміз. Футуристерді «поэты - экспериментаторы» деп те атаған екен. Осылайша, Тыныштықбек ақын да поэзиясында біршама футуристік тәжірибелерге баратынына көз жеткіздік.