Сыныптық-сабақ жүйесінің артықшылықтары:
сынып-сабақ жүйесінің
басқа оқыту түрлеріне қарағанда артықшылықтары бар, себебі оның бөліктері
бір-бірімен байланысты, мұғалім барлық оқушылармен жұмыс істейді,
оқушылардың
бір-бірін
оқытуына
мүмкіндік
жасалады.
Оқушылар
тәрбиеленеді, дамиды, бір-бірімен жарысады.
Сыныптық-сабақ жүйесі жас мөлшері біркелкі топтан құрылған және
тұрақты құрамы бар, сабақ үнемі оқу кестесімен өтілетін және оқытудың бірдей
бағдарламасы құрылған жағдайда іс-тәжірибеде қолданылады (100-сурет).
Сурет-100. Сынып-сабақ жүйесінің ерекшеліктері
Сабақ оқу-тәрбие жұмысын реттейді, оны басқарады, балалар бір-бірімен
ынтымақтаса жұмыс істейді, мұғалім оқушылардың сезім әлеміне әсер етеді,
тәрбиелейді, көп оқушылармен жұмыс істейді.
Сынып-сабақ жүйесінің мәні мен ерекшеліктері:
Артықшылықтары:
1. Қатаң ұйымдастыру құрылымы бар
2. Бір мезгілде мұғалім үлкен оқушылар тобымен
жұмыс жасау алады
3. Өзара оқыту
4. Ұжымдық іс-әрекет
5. Тәрбие мен оқытуға қажет жағдайдың болуы
Кемшілігі:
Оқушылармен
жеке оқу-
тәрбие
жұмысын
жүргізу мүмкін
емес
Достарыңызбен бөлісу: |