99-суретте ашылды.
Сурет-99. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын тудырудың негізгі шарттары Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын тудырудың негізгі шарттары:
1.
Егер оқушы оқу процесінде белсенді болса, өз бетімен іздену, «жаңа
білімді табу» процесіне енгізілсе, проблемалық сұрақтарды шешетін болса,
онда оның танымдық қызығушылығы, пәнге деген және ойлау еңбегі
процесінің өзіне де махаббаты артады.
2.
Оқыту әрекеті түрлендіріліп отырылса – қызықты болып келеді.
Біртекті ақпарат және біртипті тапсырмалар оқушыларды зеріктіреді.
3.
Пәнге
қызығушылықты
тудыру
үшін
оның
қажеттілігін, маңыздылығын, мақсатын түсіну қажет.
4.
Жаңа материал неғұрлым өткен материалмен байланысты болса,
соғұрлым қызықты болады.
5.
Оқу материалының қызықты болуы оқушыға, оның пәнге деген
қызығушылығына ерекше әсер етеді.
Сабақтың тиімділігі оқушылардың танымдық әрекетін және ақыл-ойын
дамыту процесін басқарудың тиімді жолдарын қолданумен қамтамасыз етіледі.
Оқу процесінде танымдық әрекетті басқару көптеген факторларға тәуелді.