Жарыс сабақтары. Жарыс сабақтары – инновациялық сабақтардың ең
көп тараған түрі. Жарыс сабақтарының ерекшелігі – оқушылардың бойында
ізгілік, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасып, олардың жеке тұлға болып
қалыптасуына өз үлестерін қосады.
Барлық жарыс сабақтарының құрылымы бірдей. Жарыс сабақтарында
сынып 2 топқа бөлінеді, әр топтың өзінің жанкүйерлері және топ басшылары
болады. Жарысқа қатысатын әр топтың сабақтың тақырыбына байланысты,
аты, ұраны болады. Жарыс сабақтары: сәлемдесу; топ басшыларының сайысы;
жанкүйерлер сайысы сияқты бөлімдерді міндетті түрде қамтиды, ал қалған
бөлімдері сабақтың тақырыбы мен сыныптың біліміне қарай таңдалынып
алынады. Жарыс сабақтары оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке, татулыққа,
жолдастық көмекке үйретеді. Жарыс сабақтарына әсіресе орташа оқушылар
мен бұйығы оқушылар ерекше ынтызарлық білдіреді. Жарыс сабақтарында
бұндай оқушылар өздерін еркін ұстап, жарысқа қатысып, пәнге қызығушылық
таныта бастайды. Жарыс сабақтарының оқушылардың белсенділіктерін,
танымдық қызығушылықтарын арттыруда атқаратын рөлі орасан зор.