Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Педагогикалық шығармашылықтың нәтижесі ретінде оқытудың



Pdf көрінісі
бет353/489
Дата15.03.2022
өлшемі8,71 Mb.
#135606
түріОқулық
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   489
Байланысты:
Buzaubakova Pedagogika

Педагогикалық шығармашылықтың нәтижесі ретінде оқытудың 
инновациялық формаларын қолдану. Оқушылардың оқу және оқудан тыс 
танымдық іс-әрекеттерін үйлестіру 
Оқушылардың оқу және оқудан тыс танымдық іс-әрекеттерін үйлестіру 
мақсатында
педагогикалық шығармашылықтың нәтижесі ретінде оқытудың 
инновациялық формалары қолданылады:
ойын сабақтары;
 
жарыс сабақтары; 
ой қорыту сабақтары және т.б. 


242 
Ойын сабақтар.
Ойын сабақтары – инновациялық сабақтардың ең көп 
тараған түрлері. Ойын сабақтарының ерекшелігі – оқу-тәрбие процесінде 
балаларға таныс ойын элементтерін білім алуға пайдалану. 
Ойын сабақтары оқушыларды қайырымдылыққа, достыққа үйрете отырып, 
олардың 
бойындағы 
белсенділік 
қатынастардың 
дамып, 
шығармашылықтарының артуына себебін тигізеді. 
Ойын сабақтарына: саяхат, театр, концерт, тренинг, жұлдызды сағат
ғажайыптар алаңы, «Ойлан, тап!», аукцион, бақытты сәт және т.б. сабақтар 
жатады. 
Ойын – оқушылардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы 
басты құрал. Бала ойын ойнағанда өмірде көрген-білгенін өзіне ұнаған адамның 
іс-әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді. Бала үшін өзіне ұнаған адамнан артық 
ештеңе жоқ, оған барлық жағынан ұқсағыш келеді. Жалпы бала табиғаты өзін 
бірнеше есе үлкен ғып көрсетуге бейім. 
Балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Мұғалім 
бағдарламада көрсетілген көріністі рөлдік, қимыл қозғалысты, дидактикалық 
шығармашылық ойын түрлерін пайдалана отырып, баланың ойын әрекетін 
ұйымдастыра білуі тиіс. Ойын барысында оқушылардың айналадағы дүние 
жайында мағлұматтары кеңейіп, таным белсендігі артып, игерген білім -
машықтарының негізінде бір көрініске орай басты кейіпкерлерге еліктеуі, ойын 
ойнауға өзіне серік тауып алуы, онымен шынайы қарым-қатыныс орната 
отырып, таңдап алған рөлдеріне деген жауапкершілігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   489




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет