199
Бұл реакция
амидтену
деп аталады.
Адам организмінде
амидтену реакциясы глутамин, сиректеу аспарагин амин
қышқылдарының қатысуымен жүреді. (4.16). [113].
(4.16)
Тіндерде түзілген усыз глутамин және аспарагин амидтері қан
арқылы
бауырға келеді, осы жерде дезаминденеді, яғни аммиакқа
және сәйкес дикарбон қышқылдарына ыдырайды [12].
Амидтену және дезамидтену
реакциялары АТФ энергиясын
жұмсау арқылы өтеді. Амидтердің түзілуі - бұл аммиакты уақытша
усыздандыру және оның тасымалдану формасы болып табылады.
Амидтердің түзілуін уақытша усыздандыру ғана емес, сонымен
қатар аммиактың жұмсалуы деп те санауға болады, себебі түзілген
глутамин және аспарагин белоктары
синтезіне құрылым материалы
ретінде қолданылады және амин тобының көзі ретінде
гексозаминдердің, пуриндік және пиримидиндік негіздердің
синтезіне пайдаланылуы мүмкін.
Бүйректе түзілген аммиактың біраз
бөлігі қышқыл өнімдерді
нейтралдау арқылы зәрмен аммоний тұздары түрінде организмнен
шығарылады. Аммоний тұздары түзілуінің маңызы зор,
себебі
органикалық және минералдық қышқылдардың артық мөлшері
организмнен аммоний тұздары түрінде шығарылады,
бұл организм
200
үшін өте маңызды иондарды (Na, K, Ca) сақтап қалуға септігін
тигізеді. Аммиактың біразы α-кетоглутарь қышқылымен әрекеттесіп,
глутамин амин қышқылын түзеді, яғни,
Достарыңызбен бөлісу: