Оқулықтарды ғылыми-педагогикалық сараптау сараптамалық шешім


Жалпы талдамалы қорытындылар: (оқулық сараптамасы бойынша толық талдау)



бет21/22
Дата01.08.2020
өлшемі63,5 Kb.
#75981
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
джт 11 сынып гум багыт 2 болим

Жалпы талдамалы қорытындылар: (оқулық сараптамасы бойынша толық талдау)

Оқулық мазмұны мен оның құрылымы МЖМБС-да анықталған мақсаттар мен міндеттерге және базалық құндылықтарға сәйкес. Оқулық атауы үлгілік оқу жоспарында белгіленген пән атауына сәйкес. Оқулықтың негізгі тарау атаулары үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес. Оқулық мазмұны үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес. Оқу материалдары көлемі үлгілік оқу жоспарында және оқу бағдарламасында көрсетілген сағат сандарына сәйкес емес, үлгілік оқу жоспарында 102 сағат берілген, кітапта 87 параграф қана. 1- бөлім бойынша орташа балл - 2,4. Оқулық құрылымы үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес. Кіріспеде пәннің мақсаты мен міндеттері қысқаша түрде берілген. Оқулықтың құрылымдық бөліктері жүйелі және үйлесімді. Оқулықта негізгі, қосымша және түсіндірме мәтіндері бар, олардың бір-бірімен байланысы және өз міндеттеріне сәйкес. Оқулықтың әрбір тарауынан кейін қорытынды материалдары жоқ. Пайдаланылған оқу ақпараттарына сілтемелер жоқ, тек кітаптың соныңда да берілмеген. Глоссарий тек әрбір параграфтан кейін, кітаптың соныңда жоқ. 2- бөлім бойынша орташа балл – 2. Оқулық мазмұны басқа сынып оқулықтарының мазмұнымен сабақтас. Оқу материалдары жүйелі (тақырып мәтіні ішіндегі/тақырып арасындағы логика сақталған, оқу процесін ұйымдастыру принципімен сәйкес). Пәнішілік және пәнаралық байланыс принципісақталған. Оқу мазмұнында сәйкес білім беру саласы бойынша қазіргі ғылым, техника және технология жетістіктері туралы ғылыми-танымдық ақпарат бар. Оқу мазмұнында қазақстандық контент көрініс табылады: Қазақстан Республикасының табиғи, тарихи-мәдени, экономикалық жетістіктері мен технологиялық ерекшеліктері. Оқу мазмұнында ғылыми дәлелденбеген, күмәнді мәліметтер, мысалдар мен түсіндірмелер жоқ. Оқу материалдары көлемі мен күрделілік деңгейі оқушылардың жеке, психологиялық және жас ерекшеліктеріне сәйкес. Оқу мазмұны оқушыларға кәсіби бағдар беруге бағытталған. Ер балалар мен қыз балалардың іс-әркетін бейнелейтін жағдаяттар ескерілмеген және теңгерімді. Ауыл мен қала өмірі ерекшеліктерін бейнелейтін жағдаяттар ескерілмеген және теңгерімді. Параграф (сабақ) мазмұны тақырыпқа сәйкес 3- бөлім бойынша орташа балл - 3. Оқу мазмұнында өмірлік және оқу аспектілері мен жағдаяттары көрініс тапқан (жергілікті және аймақтық). Саралап оқыту және жекелей оқыту тәсілдемесі жүзеге асқан. Білу, түсіну, қолдану, талдау, синтездеу, және бағалауға, арналған тапсырмалар бар. Оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыру мен дамытуға арналған сұрақтар, тапсырмалар мен жаттығулар жүйесі бар. Оқу мазмұнында шығармашылық, практикалық, жобалық және зерттеу тапсырмаларының, модельдеу мен өздігінен орындауға арналған тапсырмалар бар. Сұрақтар, есептер, тапсырмалар мен жаттығулар әдістемелік сауатты, олар нақты және түсінікті емес, әрбір параграфтан кейінгі тесттерға шартты белгі қойылған, тесттерден кейінгі тапсырмаларға шартты бергі қойылмаған, 42,54 бетте, тесттен кейін тапсырма жоқ. Жеке орындауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар жүйесінің, оқу процесіне қатысушылардың өзара коммуникацияға түсуіне арналған тапсырмалар бар, топпен орындауға тапсырмалар жоқ. Оқушылардың ақпарат көздерімен (кестелермен, карталармен, схемалармен, фотосуреттермен, графикалармен, диаграммалармен, т.б.) жұмыс істей алу дағдыларын дамытуға арналған сұрақтар, тапсырмалар мен жаттығулар бар, бірақ 123, 149 беттегі суреттердегі сөздерді қазақшаға аудару керек. Электрондық ақпарат құралдарымен жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмалар мен жаттығулар жоқ . 4- бөлім бойынша орташа балл -2,2. Оқулықтың мазмұндалу тілі мен лексикасы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес. Оқулықта қолданылған анықтамалар мен терминдер жалпыға ортақ ғылыми терминологияға сәйкес. Терминдер орнымен және дұрыс қолданылған. Барлық мәтіндер логикалық өзара байланысы, мақсатқа сәйкес және түсінікті. Мәтіндегі сөйлемдер лингвистикалық нормаларға сәйкес (сөйлем құрылымы мен көлемінің оңтайлылығы). Аударма мәтіндер нақты, сауатты, дұрыс. Мәтін тілдегі грамматикалық, орфографиялық және пунктуациялық ережелерге сәйкес емес, 85 бетте «құрылды» деген сөзден кейін үтір қойылмау керек. Оқу материалдары мен тапсырмаларды құрастырудағы мәтінді мазмұндау стилі кейбір жерлерде дұрыс емес, 9 бетте 1ші тест сұрағында ел деген сөздің қасында тырнақша қосылып кеткен, 14 бетте тура сондай қате бар. Оқулықта қате жазылған және қате басылған сөз бар, 9 бетте 1ші тест сұрағында ел деген сөздің қасында тырнақша қосылып кеткен, 14 бетте тура сондай қате бар. 5- бөлім бойынша орташа балл-2,5. Оқулық атауы толық, түсінікті және анық берілген, авторлар, баспа атауы және шығарылған жылы көрсетілген. Оқулық мазмұнында (оглавление) үлгілік оқу бағдарламасында берілген тараулар толық көрсетілген. Оқулық тарауларының басында навигатор жоқ, тек қана бөлемдердің басында ғана берілген, олардың өзі 2-3 сөйлемнен ғана тұрады. Кіріспеде қысқа да нұсқа, түсінікті белгі-символдар берілген. Шартты белгілердің біртипті қамтамасыз етілген, бірақ әрбір параграфтардан кейінгі тест тапсырмалар астындағы кестелерге, не эссе жазуға шартты белгі қойылмаған. 6- бөлім бойынша орташа балл – 2,2. Оқулық мұқабасы мен өңірбетіндегі иллюстрация пән мазмұнына сәйкес. Иллюстрациялар оқу мазмұнын меңгерту мақсаттары мен міндеттеріне, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес. Иллюстрация оқу мәтініне сәйкес, атауы берілген және мәтінде иллюстрацияға сілтемелер бар. Иллюстрациялар мазмұны қазіргі қоғамда қалыптасқан этикалық түсініктерге сәйкес. Иллюстрациялар мазмұнының эстетикаға сәйкес. Иллюстрация сапасы мен саны әдістемелік талаптарға сәйкес, 31, 91, 44 беттегі суреттерді анық қылдыру керек. Оқулықтағы иллюстрация сапасы, схема/сызбалар бір стильде, бірақ 31, 91, 44 беттегі суреттерді анық қылдыру керек. Қолданылған көрнекі иллюстративтік оқу материалдары алуан-түрлі және тақырыпқа байланысты (кестелер, схемалар, карталар, сызбалар, суреттер, фотосуреттер, т.б.) 31, 91, 44 беттегі суреттерді анық қылдыру керек. 7- бөлім бойынша орташа балл - 2,5. Электрондық қосымша жоқ. 8- бөлім бойынша орташа балл – 0. Оқулық эстетикалық безендірілген. Оқулық беттерінде барлық мәтіндер мен иллюстрациялық материалдар орналасуы эргономикалы (әдістемелік мақсаттарға сәйкестігі тұрғысынан). Оқулық форматы мен көлемі оқушылардың қолдануына ыңғайлы. Тарау, параграф, т.б. маңызды оқу ақпараттары ерекше қаріптермен белгіленген. Оқулықта қолданылған қаріптероқуға ыңғайлы: сапалы, көлемді. Параграф сонынан кейінге тапсырмалар мен тесттерді, параграфтағы шрифтпен бірдей жасау керек. 9- бөлім бойынша орташа балл – 2,6. Өзара толықтыру мақсатында оқулық пен ОӘК материалдары арасында сәйкестік пен тығыз байланыс бар. Оқулық авторлары мен ОӘК авторлары сәйкес. Оқулықтың кіріспе бөлімінде қосымша пайдаланылатын ОӘК бөліктері тізбесі жоқ. 1-бөлім бойынша орташа балл – 2. Оқулық концепциясы МЖМБС пен үлгілік оқу жоспарының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес. Дидактикалық ұстанымдар негізінде оқу материалдарында ғылыми және дүниетанымдық білімдер жүйеленіп берілген. Оқу материалдарында практикалық-технологиялық білімдер жүйеленіп берілген. Оқу материалдарының дидактикалық ұстанымдар негізінде жүйелі және логикалық байланыс та берілуі. Оқулықтағы қысқартулар мен өлшем бірліктері халықаралық бірліктер жүйесіне сәйкес. 2-бөлім бойынша орташа балл – 3. Оқулық мазмұнындағы ақпарат ғылымилық дидактикалық ұстанымдарына сәйкес. Оқулық мазмұнында басты теориялар, ғылыми ережелер, заңдылықтар және анықтамалар мен терминдер жүйесі берілген. Оқулық мазмұнындағы ақпарат оқушының ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігін,қажетті ақпаратты іздеу және дұрыс шешім қабылдау дағдыларын дамытуға бағыттылған. Оқулық мазмұнындағы ақпарат денсаулық сақтай отырып оқыту ұстанымына сәйкес. 3-бөлім бойынша орташа балл – 3. Ынталандырушы және оқушының жобалау, модельдеу, өз білімін әртүрлі жағдаяттарда қолдану дағдыларын дамытушы оқу материалдары берілген. Оқушы қызығушылығын тудыратын, сұрақтар мен проблемалардың шешімін өздігінше табуға, бағытталған оқу материалдары берілген. Оқушының болашақта профилдік оқу бағытын анықтау, мамандық таңдау мақсаттарында тереңдете оқуға қызығушылығын арттыратын оқу материалдары берілген. Өмірмен, практикамен технологиялық процестермен байланысты оқу материалдарың берілмеген. 4-бөлім бойынша орташа балл – 2,2. Оқулық мазмұны оқушының креативтілігін, шығармашылық ойлау қабілетін, интеллектуалдық әлеуетін дамытады (оның ішінде оқу материалдарымен вариативті түрде жұмыс істеу мүмкін). Экспериментальдық-зерттеушілік сипаттағы, қысқаша нұсқаулықтары қоса берілген тапсырмалар бар. Оқу материалдары мазмұнында жоғары және күрделі деңгейдегі тапсырмалар арқылы оқушының абстракті түрде ойлау қабілеттерін дамыту мүмкіндіктері қарастырылған. Сыни түрде ойлау, белсенді және интербелсенді оқыту стратегияларын қолдану мүмкіндіктері қарастырылған. Қолданбалы, практикаға бағдарланған сипаттағы тапсырмалар бар. Оқу материалдары тілдік құзыреттіліктерді дамытуға бағытталған. Ақпараттық-коммуникативтік, технологиялық құзіреттіліктерді, электрондық, ақпараттық ресурстармен жұмыс істей алу қабілеттерін дамытатын тапсырмалар мен жаттығулар жүйесі бар. 5-бөлім бойынша орташа балл – 2,5. Ғылыми-теориялық білімдер дидактикалық принциптер мен ережелер негізінде педагогикалық және әдістемелік өңделген (оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып). Тапсырмалар мен жаттығулар жүйесі оқушылардың алған білімдерін түсіндіре алады және тәжірибеде қолдана алады дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқу материалдарын инновациялық оқыту әдістері (проблемалық, практикаға бағдарланған, коммуникативтік және т.б.) және шығармашылық тәсілдемелер (іскерлік ойындар, жобалау және т.б.) арқылы өңделген. Дидактикалық принциптер мен ережелерге негізделген техникалық-технологиялық білімдер берілген. 6-бөлім бойынша орташа балл – 3. Оқулық оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағытталған (ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, борышкерлік, адалдық, ар-намыс, еңбекқорлық қасиеттерге тәрбиелеу). Оқу материалдары оқушылардың коммуникациялық дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқулық мазмұнында патриотизм, отансүйгіштік, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мемлекет, қоғам, отбасы және жеке тұлға алдындағы жауапкершілік сезімдерін тәрбиелеу мақсатындағы тапсырмалар, мәтіндер мен иллюстрациялық материалдар бар. Оқулық мазмұнында экологиялық мәдениетке, салауатты өмір салтын ұстануға, сабырлылыққа тәрбиелеуге бағытталған материалдар бар. Оқулық мазмұнында қатыгездіктің, діни экстремизм мен азғындықтың көрініс табуына, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге тәрбиелеу құралдары бар. Көпмәдениеттілік көрініс табуы: оқулық мазмұнының оқушыларда толеранттылықты, ұлтаралық және конфессияаралық диалогты қалыптастыруға ықпал етеді. Оқулық мазмұнында еңбекке баулуға бағытталған материалдар жоқ. 7-бөлім бойынша орташа балл – 2,5. Оқулықта өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға және алған білімдерін түрлі табиғи және өмірлік жағдайларда қолдана алуға үйретуге бағытталған тапсырмалар мен жаттығулар бар. Оқулықтағы тапсырмалар, жаттығулар, иллюстрациялық материалдар оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге бағытталған. Өздігінен аналитикалық ойлауға және қорытуға бағытталған тапсырмалар бар. Өз бетінше тәжірибелер, эксперименттер мен зерттеулер жүргізуге бағытталған тапсырмалар бар. Оқулық тақырыптарында, қорытынды бөлімдерінде өздігінен орындауға арналған навигация барлық жерде емес, 140 бетте жоқ. 8-бөлім бойынша орташа балл – 2,8. Тапсырмаларда оқу мазмұнының сабақтастығын ескеретін пәнішілік байланыс бар. Тапсырмаларда басқа, іргелес ғылымдармен логикалық байланысқа құрылған, пәнаралық байланыстар бар. Безендіруші-илюстрациялық материалдарда пәнаралық байланыстар бар. Қосымша материалдарда пәнаралық байланыстар бар. Оқушының жобалау қызметіне қабілеттілігін дамытатын кіріктірілген тапсырмалар бар. Шығармашылық сипаттағы, кіріктірілген есептер, тапсырмалар және жаттығулар бар. 9-бөлім бойынша орташа балл – 3. Оқу мәтінінде, тарауларда оқушының өздігінше, бақылау-бағалау қызметтерін атқару мүмкіндіктері қарастырылған. Тақырыптар мен тараулар бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін анықтайтын және бекітетін көпдеңгейлі бақылау тапсырмалары бар. Оқушы білімін ағымдағы бағалау және өздігінше түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін тесттер, есептер, тапсырмалар және жаттығулардан тұратын оқу блоктары бар. Базалық ақпаратты іздеу, түсіну және түрлендіру үшін қажетті контексті тапсырмалары бар. Дәлелдемелер келтіруге, қорытуға, қорытынды шығаруға, мәтіннің өмірмен байланыстылығын табуға қажетті контексті тапсырмалары бар. Оқу мазмұнын ой елегінен өткізуге, салыстыруға, дәлелдемелер келтіруге, өз пікірін қорғауға лайықталған контексті тапсырмалар бар. 10.4 – 10.6 критерийлерінің орташа балы – 3. Оқулық мазмұнында сандық ақпаратты оқуға, оларды шешудің тиімді жолдарын талдауға және табуға лайықталған тапсырмалар бар. Қоршаған ортадағы,өмірлік жағдайлардағы проблемаларды математикалық жолмен ( модельдеуді қосқанда) шешуге лайықталған есептер бар. Математикалық тәсілдермен шығаратын шығармашылық сипаттағы есептер берілген. 10.7 – 10.9 критерийлерінің орташа балы -3. Табиғи құбылыстарды ой елегінен өткізуге және түсінуге лайықталған контексті тапсырмалар бар. Табиғи ортадағы өзгерістерді болжау үшін білімін қолдануға лайықталған контексті тапсырмалар бар. Заманауи ғылым мен технологияның жетістіктерін талдау және қолдану бойынша тапсырмалар бар. 10.10 – 10.12 критерийлерінің орташа балы - 3. Математикалық терминдерді, анықтамаларды түсінуді бағалауға лайықталған тапсырмалар жоқ. Есептерді математикалық жолмен ұтымды түрде шешудің әдістерін, тәсілін таңдауды бағалауға, математикалық ақпаратты іздеуге, дәлелдеуге және келтіруге, модельдеуге лайықталған тапсырмалар жоқ. Ойлау деңгейі – математикалық тәсілдер арқылы шешуге лайықталған стандартты емес тапсырмалар жоқ. 10.13 – 10.15 критерийлерінің орташа балы – 0. Жараталыстану-ғылыми терминдер мен анықтамаларды түсінуге, құбылыстар мен процестердің пайда болуын анықтай алуға, мысалдар мен түсіндірмелер келтіре алуға бағытталған тапсырмалар бар. Табиғи құбылыстарды, процестерді, объектілерді салыстыруға, шешімдер қабылдап, оларды іс жүзінде пайдалана алуға бағыттайтын тапсырмалар бар. Жобалау мақсатында іздену гипотезасын (немесе) зерттеу дағдысын қалыптастыру, олардың нәтижесін бағалау және алған мәліметтерін таныстыра алуға бағытталған тапсырмалар бар. 10.16 – 10.18 критерийлерінің орташа балы - 3. 10-бөлім бойынша орташа балл -2,5.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет