П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел


желтоқсан Ақын-импровизатор, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Н. Баймұратовтың



бет16/44
Дата23.10.2016
өлшемі3,7 Mb.
#92
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44

6 желтоқсан Ақын-импровизатор, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері

Н. Баймұратовтың туғанына 125 жыл (1887-1969)



Ақын-импровизатор Баймұратов Нұрлыбек 1887 жылы Павлодар облысы Май ауданында туған. Нұрлыбек ақын Қазақстан халық ақындары ішінде өзіндік орны, өлең өрнегі, суреттеу мәнері бар өр дауысты, суырып салма төкпелігімен аты бүкіл Қазақстанға танымал болған аса дарынды тұлға.

Жасынан жалшылықта жүрген Баймұрат егін кәсібімен айналысып, күн көрісті ойлаған. Ақынның арғы тегі мен ұрым бұтағын тарата айтар болсақ, қазіргі Павлодар облысының Май ауданына қарасты Бозарал – Жалаңаш деген Ертіс бойындағы шағын қазақ ауылдарын мекендеген орта жүздің белді руы Найман ішінде Кенжалы бұтағынан тараған.

Н.Баймұратов ескіше де жаңаша да сауатын ашқан ақын. Оның өлеңдері 1924 жылдан бастап жариялана бастады. Абай, Әріп, Әсет шығармаларынан тәлім алды. Ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, насихаттаумен шұғылданды. Иса (1922), Нартай (1939), Маясар (1943), Төлеу (1944), т.б. ақындармен айтысты.

Ұлы Отан соғысының қаһарманы Төлеген Тоқтаровқа арналған “Ер Төлеген” (1945), азамат соғысын суреттеген “Қанды жорық” (1962) дастандары жеке кітап болып басылды. Шығармаларының жинағы 1957 жылы жарық көрді.

Н.Баймұратовқа 1939 жылы Қазақ КСР– нің еңбек сіңірген өнер қайраткері атағы берілген. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.


Әдебиеттер

Баймұратов, Н. Өлеңдер мен поэма. / Н. Баймұратов – Алматы, 1957. – 111 б.

Баймұратов, Нұрлыбек // Ақын-жыраулар. – Алматы, 1979. – 38 б.

Баймұратов, Н. Қазына: өлеңдер мен поэмалар. / Н. Баймұратов – Алматы: Жазушы, 1982. –240б.

***

Баймұратов Нұрлыбек // Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы, 2005. – 111 б.



Баймұратов Нұрлыбек // Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр: анықтамалық. – Алматы, 2004. – 68 б.

Баймұратов Нұрлыбек // Павлодар өңірінің ақын- жыраулары: библиографиялық анықтамалық. – Павлодар: ЭКО, 2004. – 32 б.

***

Шығыс жұлдыздарының бірі - ақын Нұрлыбек // Түкісов, Ә. М. Киелі жандар және ұрпақтары (Тарихи зерттеулер). – Павлодар, 2002. – 425 – 474 б.



Нұрлыбек – төкпе ақын // Сарыарқа самалы. – 2003. – 28 қаңтар. – 4 – 5 б.

Әбділманатқызы, Ә. Нұрлыбек Баймұратұлының «Ер Төлеген» поэмасындағы фольклорлық дәстүр мәселесі / Ә. Әбділманатқызы. // Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2006. - № 10. – 75 – 78 б.


15 желтоқсан Кеңес Одағының батыры А. С. Квитковтың туғанына 90 жыл (1922-1994)

Александр Спиридонович Квитков 1922 жылы Павлодар облысы Үрлітүп (қ. Железинка) ауданында Железинка селосында жұмысшы отбасында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін Кайманачихинск совхозында, кейін Үрлітіп аудандық партия комитетінде жұмыс істеді. 1941 жылы наурыз айында армия қатарына шақырылды. 77 – гвардияшы дивизиясының 218 –гвардияшы атқыштар полкіндегі 5 ротаның бөлімше командирі, гвардия аға сержанты Александр Квитков жүздеген километр майдан жолынан өтті.

А.Квитков алғашқы наградасы “Ерлік үшін” медалін Украинаның Киреевка селосы түбінде жау күшіне барлау жасап, онда ерлік және батылдық көрсеткені үшін алды. Кеңес Одағы батыры атағы А.Квитковқа 1944 жылы 15 қаңтарда Днепрден өтерде көрсеткен ерлігі үшін берілді.

Соғыс біткен соң Кеңес Одағы Армиясы қатарында қалды. Әскери училищені, кейін әскери – саяси Академияны бітірді. А.Квитков өз білімін жауынгерлік мол тәжірибесін Кеңес Одағы Қарулы Күштерінің жас жауынгерлеріне қалдырды.


Каталог: orgs
orgs -> Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел Павлодар
orgs -> Ашы ОҢҒарсынова фариза
orgs -> «Жусан иісті дара талант»
orgs -> ҚР мемлекеттік рәміздері күніне арналған іс-шаралар туралы есеп
orgs -> П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапханасы
orgs -> Алаш идеясының жаршысы
orgs -> Жаңа кітаптар Новинки литературы
orgs -> «Павлодар қ. орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мм әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімі
orgs -> Новинки литературы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет