Бүйректің жедел шамасыздығы - бүйректің несеп бөлу қызметінің тез арада (бір неше сағатта немесе күндерде) тоқтап, ануриямен қанда азот қалдықтарының жиналуымен сипатталатын жағдай. Себептері: преренальды факторлар – іш өтүде, күйіктерде көп мөлшерде сүйықтық және электролиттер жоғалтқанда, қан кетулермен, шокта артериальды қысымның төмендеуі. Ренальды факторлар – нефротоксикалық улармен, дәрілермен улану. Бүйректің қабыну аурулары – гломерулонефрит, пиелонефрит, инфекционды аурулар.
Аурудың ағымында 4 кезең айырады: этиологиялық фактордың алғашқы әсері, олигурия немесе анурия, диурездің қалпына келуі, айығу.
Достарыңызбен бөлісу: |