Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет598/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   592   593   594   595   596   597   598   599   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Ауыру сезімінің түрлері.
Ауыру сезімі біріншілік және екіншілік болатыны 
жоғарыда келтірілді. Көптеген дерттер кездерінде ішкі 
ағзаларда орналасқан ауыру сезімі байқалады. Мұндай ауыру 
сезімін висцералдық (ағзалық) ауыру деп атайды. Бұл ауыру 
белгілі бір жерге орналаспай, бүкіл іш қуысына тараған 
болып келеді және көңіл-күйдің қатты қобалжуымен, адамның 
тұнжырауымен, 
дербес 
жүйке 
жүйесі 
әрекеттерінің 
өзгерістерімен сипатталады. 
Іш қуысы ағзаларының, ішек-қарын, бауыр, бүйрек, 
көкбауыр, 
өкпе, 
жүрек, 
ми 
тіндерінің 
механикалық 
тітіркендіргіштерге ауыру сезімталдығы болмайды. Ал, 
бұларға шажырқай, іргелік іш пердесі мен өкпеқап, 
коронарлық артериялар, жүрек қабы қатты ауыру сезімімен 
жауап қайтарады. 
Ішкі ағзалардың ауыруы мына жағдайлардан байқалуы 
мүмкін: 
● қанайналым бұзылыстарынан (жүрек ұстамасы, ми 
тамырларының қатты жиырылуы немесе тым кеңуі, шажырқай мен 
бүйрек артерияларының тромбозы т.б.);
● тегіс салалы еттердің жиырылуынан (асқазан мен 
ұлтабардың ойық жара ауруы, холецистит, энтерит, колит 
т.б.); 
● қуыс ағзалар қабырғаларының (өт қабының, бүйрек 
түбекшелерінің, несеп жолдарының) керіліп кетуінен
● қабынудың іргелік іш пердесіне, өкпе қабына 
тарауынан. 
Ішкі ағзалардың дерттерінде басқа жерлерге жаңғырыққан 
ауыру сезімі пайда болуы мүмкін. Мәселен, жүрек қыспасы 
кезінде ауыру сезімі сол жақ жауырында, сол қолда, иықта, 
тісте т.б. жерлерде орналасуы ықтимал. 
Өт қабы керілгенде ауыру сезімі жауырын аралық жотада
несеп жолдарында тас тұрып қалғанда — белде, шапта 
орналасуы мүмкін. Бүлінген ішкі ағзалардан серпіндер 
жұлынның артқы мүйізі нейрондарына түседі. Бұл нейрондарға 
терінің сезімтал жүйке талшықтары аяқталады. Сондықтан 
ішкі ағзалардан түскен серпіндер жұлынның артқы мүйіз 


711
нейрондарының қозуын арттырып, терінің сәйкес бөліктеріне 
таратуы ауыру сезімі ретінде қабылданады. Бұндай ауыру 
сезімін жаңғырыққан ауыру дейді. 
Құбыжық ауыру аяқ немесе қолы кесіліп тасталған 
адамдарда байқалады. Бұл кезде организмде жоқ дене 
мүшелері бар сияқты сезіліп, олардың орнында қатты ауыру 
сезімі пайда болады. Даму жолдары жоғарыда келтірілді. 
Каузалгия -
дененің ірі жүйке тармақтары бүлінуден, 
жанға қатты бататын, қақсап ауыратын сезім. Бүлінген 
мүшеге болымсыз әсерлердің өзі қатты ауыруға әкеледі. 
Каузалгия жиі жүйкенің толық кесілмеуінен, бірақ бұл кезде 
жуан миелиндік талшықтардың көпшілігі бүлінуінен дамиды. 
Оның даму тетіктері жоғарыда келтірілген құбыжық ауыруға 
сәйкес болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   592   593   594   595   596   597   598   599   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет