Патрик диксон



бет81/110
Дата05.02.2022
өлшемі1,28 Mb.
#18967
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   110
Алтыншы тарау
Сіз қайда бара жатырсыз?

Өлім аузында жатқандарға күтім көрсету үшін ең алдымен өлім жайлы өзіміз не ойлайтынымызды біліп алған жөн.




Қатыгездіктің озбырлығы
Өлімнің бетіне көз алмай қарау үшін ержүректік керек. Бұндай жағдай ең алғаш рет мен мектепте оқып жүргенде болған. Мен машина көп жүретін жолмен келе жатқанымда кенеттен бір әйелді автобустың қағып кеткенін көрдім. Ол қансырап, дем ала алмай тұншыға қырылдап жерде жатты. Біз бәріміз оның жанына жиналдық. Мен ешқашан мектепте алғашқы жәрдем көрсеткен емеспін және сол сәтте не істеу керектігін білмедім. Біреу зақымданған әйелдің басын көтерді. Жүрегі аузына тығылып, есі шыққан жүргізуші кабинадан шықты, «жедел жәрдем» шақырдық. Мен алысырақтан әйелдің кенеттен құсып, қақалып, бірден көгеріп барып жан тапсырғанын көрдім.
Мен болған жағдайдың қатігездігіне қайран қалып үйге қарай бет алдым. Біз бұндай сан алуан жағдайларды теледидардан үнемі көреміз, бірақ сондай жағдай өз көз алдыңызда болғанда, ажалдың шынайылығын сезінеміз. Мен кейінірек әлгі әйелдің шалқасынан жатып, құсығына шашалып өлгенін естігенде, одан бетер жаным түршікті.
Өліммен екінші рет мектепті бітіре салысымен бетпе-бет келдім. Кешкі уақыт болатын, жаңбыр жауып тұрды, мен үлкен екі қабатты автобустың астыңғы салонында отырған едім. Оның артқы есігі ашық болатын. Автобус жылтыраған қара жолмен зымырап келе жатқан, кенеттен мен арт жақтан жерге шашылған ұсақ тиындардың сылдырын естідім. Мен артыма қарап, еш нәрсе байқамадым. Бірақ артқы терезеден кондуктордың жолда жатқанын көргенде, жүрегім зу ете қалды. Ол тайғанап барып, басын кабинаға соғып, автобустан құлап кеткен.
Мен жүгіріп барып ауыр автобус тоқтағанша қоңырауды өлгенше бастым. Автобустан секіріп түсіп, артқа қарай жүгіре жөнелдім. Шұбырған машиналар легі тоқтап қалыпты. Біреуінен бір медбике шығып, апатқа ұшыраған адамға алғашқы жәрдем көрсетті, бірақ ол бәрібір өліп кетті.
Біздің көпшілігімізге өлім туралы айтқан ұнамайды. Біз өлімнің бар екенін мойындамаймыз. Егер кейбір адамдардың сөздеріне құлақ салсақ, олар ешқашан өлмейтіндей әсерде қаламыз. Кейбір елдерде жерлеу рәсіміне балаларды қатыстырмайды, мүмкін, үлкендер үшін балалардың көзінше жылау ыңғайсыз шығар. Дәл осы белгісіздіктің алдындағы өлім қорқынышы — ЖҚТБ-ның неге соншалықты сұсты болып көрінуінің басты себебі. Адамдар менен рак ауруына шалдығып өлім аузында жатқандардың, кейінірек ЖҚТБ ауруларының қасында қалайша ұзақ уақыт өткізгенімді жиі сұрайды. Жауабы қарапайым: өйткені мен қайтыс болғаннан кейін қайда баратынымды білемін.
Мен енді ғана дәрігер болып жұмысқа кірген кезімде алғашқы пациенттерімнің бірі рак ауруы соңғы сатыға жеткен орта жастағы әйел болды. Бір күні кешкісін мен оның жанында отырғанымда, ол кенеттен менің қолымды алғаны есімде. «Мен өлгеннен кейін сіз мені ұмытпайсыз ғой? — деп сұрады. Мен басымды изедім. Содан соң ол: — Сіз өлгеннен кейін қайда баратыныңызды білесіз ғой, солай ма? Сіз Құдайға сенесіз ғой?»
Мен оған өзімнің сенімім жайлы ешқашан айтқан емеспін. Менің киімімде ешқандай белгі жоқ, мен өзіммен бірге Киелі кітапты алып жүрмеймін, әйтсе де, ол бір нәрсені сезді. Ол менің оның өлімін тыныштықпен қабылдайтынымды түсінді. Оның аурудан айығуына деген ешқандай үмітім қалмағанына қарамастан, менің өзін тастап кетпейтінімді және қорықпайтынымды көрді.
Өлім жайлы түрлі ойлар біздің қартайған шағымызда келеді. Әдетте балалар өлімге тура қарайды. Өлімге душар бүлдіршіндер өлімді өмірдің ісі деп қабылдайды және бұны үлкендерге қабылдаудың қаншалықты қиын екенін көріп таңданады. Олар ата-аналары мен медицина қызметкерлерін жабықтырмас үшін үндемеуге тез үйреніп алады.



Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет