Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес


Өзін-өзі тану пәнін оқытудың ерекшеліктері



бет67/142
Дата26.01.2022
өлшемі290,91 Kb.
#114828
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   142
Байланысты:
ГОС жауаптары
5 апта КБЕУ, 5 апта КБЕУ, КТП ИКТ 3 класс (2), Документ
Өзін-өзі тану пәнін оқытудың ерекшеліктері.

Өзін-өзі тану пәнінің принциптері.

өзін-өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы-талдауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.

Жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани-адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа үйрете білу аса маңызды.

Осы орайда «Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез-құлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған.

«Өзін-өзі тану» бағдарламасында көзделетін басты мақсат - әрбір баланы өз бойындағы шығармашылық әлеуетін тани және аша білуге, өзінің эмоционалдық көңіл-күйі мен мінез-құлық ерекшеліктерін ұғына білуге, өз әдет-қылығы мен тәртібін басқара және бағалай білуге үйренуіне мүмкіндік туғызу.

Оқу-әдістемелік кешеннің барлық компонеттері өзара байланысты және дамыта оқытудың мақсаттарын арнайы сабақтарда және сабақтан тыс уақытта, балабақшада, үйде іске асыру көзделген (дәптердегі кейбір тапсырмаларды тәрбиеші нұсқауымен үйде орындауға болады).

«Өзін-өзі тану» бағдарламасы сабақтары 10-15 баладан құралған шағын топтарда ұйымдастырылады.

«Өзін-өзі тану» пәні сабақтарының ерекшелігі – оқушылардың үнемі қарым-қатынаста болатындығы. Оқушылар өзі туралы, өзінің ішкі ойлары, көзқарасы, кез-келген іс-әрекетке қарсы ойын немесе пікірін білдіре алады.

Өзін-өзі тану бұл тек өзі туралы біліп қана қою емес, қоғамдық-қатынастар жүйесіндегі, адамдар арасындағы өз орнын таба білу, өзін тұлға ретінде сезіну.

Өзін және қоршаған ортаны тану арқылы оқушының жан дүниесін байытып, рухани-адамгершілік білімді халықтық дәстүр арқылы жеткізу. Адамзат өз елінің, халқының мәдениетін сәби шағынан біліп өсуі маңызды. Сондықтан адамның бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік асыл қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеу ең басты міндетіміз.

Сабақтың өзіне тән ерекшелігі – сабақтың стандартты емес түрлері ұсынылады: ойланатын сабақтар, талдау сабақтары, сайыс сабақтар, концерт сабақтар, экскурсия сабақтар, ойын сабақтар, т.б. «Өзін-өзі тану» пәнінің сабақтан тыс жұмыстары сабақта меңгерген білімдерін іс жүзінде өмірде қолдана білуді және қоғамға қызмет етуді қарастырады.

Тақырыптардағы негізгі ойды жеткізуде халық ауыз әдебиеті үлгілерін, тиым сөздер, мақал - мәтелдер, ағартушы жазушылардың шығармаларын пайдаландық. Сонымен қатар оқушыларға басқа ұлт өкілдеріне құрмет көрсетіп, сыйластық қарым - қатынаста болу керектігін де ұғындырдық. Өзге ұлттың салт - дәстүрлерін, мәдениетін, ұлттық ойындарын таныстыру арқылы достық байланысты нығайтуға көңіл бөлдік.

Оқушылардың өзіне деген сенімділігін нығайтып, олардың бойына имандылық қасиеттерді дарытып, жағымды ойларға бейімдеу мақсатында түрлі өлең, шығармаларды пайдалану тиімді. Оқушылардың бойында жауапкершілік, өнегелік, дербестік мінездері қалыптасып, барлық адамды сүюді үйренеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   142




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет