IV. Жаңа сабақты бекіту
1.Медицина қызметкерлерінің қолды тазалау деңгейі дегеніміз не?
2. Медицина қызметкерлерінің қолды тазалау деңгейін алгоритм бойынша жасап көрсетіңіз?
3. Медицина қызметкерлерінің қолды тазалаудағы мақсат - міндеті?
4. Залалсыздандырылған қолғапты киіп, шешудің мақсаты неде?
5. Залалсыздандырылған қолғапты кию, шешу әдісін алгоритм бойынша жасап көрсетіңіз?
V. Қорытындылау.
Студенттерді бағалау.
VI. Үй тапсырмасын беру.
Медицина қызметкерлерінің қолды тазалау деңгейі мен залалсыздандырылған қолғапты кию, шешу әдісі
Теориялық сабақтың әдістемелік нұсқасы № 13
Тақырыбы: Науқасты ауруханаға қабылау және санитарлық тазарту әдістері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге білім алу барысында науқасты ауруханаға қабылау және санитарлық тазарту әдістерін түсіндіру, алгоритм іс – әрекеттерін жетілдіру
Дамытушылық: Студенттердің тәжірибелік дағдыларын дамыту
Тәрбиелік: Студенттерді жауапкершілік, тазалық, ұқыптылық қасиеттеріне тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сабақты түсіндіру, сұрақ-жауап, үлестірмелі материалдармен жұмыс
Сабақтың уақыты: 50 мин
Сабақтың өту орны: № 303 кабинет
Пәнаралық байланыс: хирургия ісі, ішкі аурулар, физиология
Сабақтың жабдықталуы: ф № 001/у, ф № 003/у, термометр, термометрия парағы, гигиеналық құралдар
Пайдаланылған әдебиеттер: «Мейірбике ісі негіздері» Сақтағанова А.А
Студент білуі тиіс: науқасты ауруханаға қабылау және санитарлық тазарту әдістерін
Студент істей білуі тиіс:науқасты ауруханаға қабылау және санитарлық тазарту әдістеріналгоритм бойынша жүзеге асыруды
Сабақтың хронокартасы мен құрылымдық – логикалық сызбасы
І. Ұйымдастыру бөлімі – 5мин.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру – 5мин.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру – 30мин.
Достарыңызбен бөлісу: |