Зертханалық сабақ 13 – Пластмассалар қасиеттері Жұмыс мақсаты: Пластмассаның қасиеттерін зерттеу
Лабораториялық жұмысқа рұқсат алу сүрақтары: Өңдірісте полиэтиленді қалай алады
ФФШ негізінде қандай мономерлер жатады? Олардың құрылымдық формулаларын келтіріңіздер
Органикалық шыны дегеніміз не? Қандай мономер оның негізінде жатады?
Тәжірибе №1. Қышқылдардың, сілтілердің пластмассаларға әсері
Полимелердің үлгісін күкірт қышқылы (конц), азот қышқылы (конц), NaOH (10%) бар пробиркаларға салып, 10 минут қалдырады. Полимердің барлық үлгілері өзгеріссіз қалады, ФФАШ ыдырады. Пробиркаларды қыздырады, өзгерісті бақылайды.
Тәжірибе №2.Қыздыру кезіндегі өзгеріс, жану қасиеті
Пластмасса үлгісін торда жалынға бірнеше секундка енгізеді, өзгерістерді белгілейді. Қысқышпен үлгіні жалынға әкелгенде өзгерісті бақылайды.
Тәжірибе №3. Еріткіштердің әсері
Бензол мен ацетон еріткіштеріне үлгілерді енгізіп, өзгерісті белгілейді.
Тәжірибе №4. Пластмассаларды анықтау
Үлгілерді құрғақ пробиркаға салып, газ бөліктегіші бар қақпақпен жабады, қыздырады. Газ тәрізді және сұйық өнімдерді зерттеу:
Калий перманганаты ерітіндісі арқылы өткізу
Бром ерітіндісі арқылы өткізу
Күміс нитраты ерітіндісі арқылы өткізу
Лакмуска сынау.
Қажетті реакция теңдеуін жазыңыз
5. Еріткіштердің әсері (кесте №1)
Кесте 1
№
Полимер атауы
Жану ерекшелігі
Қыздыруға әсері
Ыдырау өніміндеріне реакциялар
1
Полиэтилен
2
Поливинилхлорид
3
Полистирол
4
Полиметилметакрилат
5
Фенол-формальдегидті шайыр
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Қыздыру кезіндегі өзгерісіне байланысты пластмассалар қалай жіктелінеді? Мысал келтірініз