Зертханалық сабақ 14 – Каучук пен резина қасиеттері Жұмыс мақсаты: Каучук пен резинаның қасиеттерін анықтау
Лабораториялық жұмысқа рұқсат алу сүрақтары: Бутадиен каучуктың құрылымдық формуласын келтірініздер
Каучуктын химиялық қасиеттері қандай
Каучуктерді алу әдістері
Бутадиен стиролды, бутадиен нитрилды каучуктердің құрылымдық формуласын келтіріңіздер
Тәжірибе № 1. Бромды судың каучукке әсері
Зерттелетін каучуктің ұсақ бөлшектерін бромды суы бар пробиркада араластырады. Бромды суды полиизобутиленді, бутилкаучук, силиконды каучуктер түссіздендірмейді.
Каучуктердің бромдану реакцияларының теңдеуін жазыныз.
Тәжірибе № 2. Түсті реакция арқылы каучуктерді ашу
Резина үлгілеріне CCl4ерітіндісінің шағын мөлшерін құяды (сабаққа дейін екі сағат бұрын). Оған бромды судың 4-5 тамшысын құйып, екі минутқа қойып қояды. Одан кейін бір грамм фенол қосып, еріткішті жою үшін су моншасында қыздырады. Нәтижесінде көк немесе күлгін қызыл түстің түзілуі табиғи каучуктің барын көрсетеді.
Тәжірибе №3. Хлорпренді каучукті ашу
Үлгіні жалынға енгізіп, бөлінген газ тәрізді заттарға ылғалды индикатор қағазын жақындатады. Түстің өзгеруін байқайды.
Үлгіні газды түтігі бар пробиркада қыздырады. Ыдырау газдарын күміс нитраты ерітіндісі арқылы өткізеді. Реакция теңдеуін келтіріңіз.
Тәжірибе №4. Күкіртті ашу
Үлгіні металды натриймен балқытып, балқыманы ерітеді де алынған ерітіндіні филтрлейді. Фильтраттың бір бөлігіне қорғасын тұзын қосады. Кейін қоныр немесе қара түсті тұнбаның түзілуін байқайды.
R-S + Na + O2 Na2S + CO2 + H2O
Na2S + Pb2+ → PbS + 2Na+ Фильтраттың екінші бөлігіне натрий нитропруссид ерітіндісін қосады – күлгін түс түзіледі.
Na2S + Na2[Fe(CN)5NO]→Na3[Fe(CN)5NOSNa]
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Изопренді, бутадиенді, бутадиеннитрилді, бутадиенстирольді, хлорпренді, полиизобутиленді каучуктердің түзілу реакцияларын келтіріңіз.
Каучуктердің күкірт көмегімен жүретін вулкандау процесі қалай өтеді? Реакцияларды келтіріңіз.
Неге каучук сұйық көмірсутектерде ериді, ал резина ісінеді?