Зертханалық сабақ 15 – Табиғи (натуралды)талшықтар қасиеттері Жұмыс мақсаты: Табиғи талшықтардың қасиеттерін анықтау
Лабораториялық жұмысқа рұқсат алу сүрақтары: Табиғи талшықтар дегеніміз не?
Табиғи талшықтарға минералды қышқылдар мен сілтілер қалай әсер етеді?
Тәжірибе №1. Сұйытылған минералды қышқылдардың табиғи талшықтарға әсері
Талшықты 3% күкірт қышқылының ерітіндісіне батырып, қайнаған су моншасында 5 минут қыздырады. Шайып, кептіргеннен кейін өзгеріс барма екенін белгілейді. Сұйытылған қышқыл ерітінділерінде талшық үлгілері өзгермейді.
Тәжірибе №2. Концентрлі минералды қышқылдардың әсері
Талшық үлгілерін концентрлі қышқылдарға батырады. Үлгілер тез ісініп, ыдырай бастайды. Концентрленген азот қышқылында жүн мен жібек ісініп, сары түске боялады (ароматты оксиаминоқышқылдарға тән ксантопротеин реакциясы), мақта ериді.
Ксантопротеин реакциясы
Мақта гидролиз нәтижесінде ериді
Тәжірибе №3.Сұйытылған сілтілердің әсері
Үлгілерді 3% NaOH ерітіндісіне батырып, қайнаған су моншасында бес минут қыздырады. Жүн және жібек ериді (петидік байланыс арқылы гидролиз), мақта өзгеріссіз қалады.
Тәжірибе №4. 10% сілті ерітіндісінің әсері
Үлгілерді 10% NaOH ерітіндісіне батырып, қайнаған су моншасында қыздырады. Үлгілердің өзгерісін белгіленіз.
Тәжірибе №5.Еріткіштердің әсері
Үлгілерді ацетон, бензол, этанол ерітінділеріне салып, өзгерістерді бақылайды.
Тәжірибе №6. Жану
Горелка жалынына үлгілерді енгізеді. Сәйкес өзгерістерді байқап, белгілейді.
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Бейорганикалық қышқылдарда талшықтардың еру ерекшелігі?
Сілтілік ортада талшықтардың деструкциясы қалай өтеді?
Сусыз ортада талшықтардың деструкциясының ерекшелігін сипаттаңыз