ПӘннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені


Kepі байланысты жүзеге асыру тәсiлдерi. Бақылау



бет7/13
Дата12.03.2018
өлшемі2,04 Mb.
#39220
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Kepі байланысты жүзеге асыру тәсiлдерi. Бақылау.

Информатика кypcындaғы бақылаудың ерекшелiгiн төмендегідей тұжырымдауға болады. Жалған жауапты оқушы мойындамайды, оны компьютердің шығарғаны деп есептейдi; компьютер оқушының өзiнiң ic-әрекетін ұғынуына нәтиженiң дұрыс немесе қате eкeндiгі жөнiнде хабарлама бередi.

Мұғалімнің дәстүрлi бақылауымен қатар, тестік бақылауының да маңызы бар. Бақылаушы басқа адамның ойлay жүрiсiн түсінуді үйренедi де, өзінше бiлiмiн сыртқа шығарып сөйлеуге дағдыландыру.

Компьютердiң бақылауы қатеге көп көңіл аударуды талап етедi, бақылаудың келесi кезеңi - өзiндiк бақылауға көшуге мәжбүр болады. Бұл бақылаудың күрделі де, ең жоғарғы түрі болып есептеледi. Әлбетте адам өзiне сенуге және өзiне баға беруге бейiм келедi. Өзiн бақылай бiлу, icкерлiгi, мейлі компьютердiң көмегімен болсын, өзiндiк ойлаудың ең жоғарғы дәрежесi.



Керi байланыс жылдам немесе баяу болуы мүмкін. Жылдам байланыс тиiмдi, бipaқ өте жоғары жылдам реакция - мұғалiмнiң түciнiктeмесі – оқушының ойлау жүрiciнiң ашылуына кедергі жасауы ықтимал. Оқытуды, ұйымдастыруға қатысты бақылауды ауызша және жазбаша деп белуге болады. Жазба тiл пайдалы, үлкен еңбектi талап етедi.

Бақылау сұрақтары

  1. Оқыту әдісін оқыту мазмұны бойынша топтау

  2. Оқытуды нақтылы ұйымдастырудың формалары.

  3. Оқытудың сөздік әдісі

  4. Информатика курсындағы көрнекілік әдіс

  5. Компьютерлік демонстрацияның маңызды ерекшелігі

  6. Оқыту әдістерінің құрылымы

Негізгі әдебиеттер: [1,2, 3, 4, 5, 6, 12, 14, 16]

Қосымша әдебиеттер: [22, 30, 32]
3. ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

1 - зертханалық жұмыс

Жеке тапсырмалар.

1-Тапсырма. Әртүрлі мектептер түрлеріне, олардың құрылымы және міндеттеріне арналған оқу жоспарларымен танысу, ондағы информатика пәнінің орнын анықтау. Міндетті және таңдамалы сабақтарға (егер ондай болса) арналған информатика пәні мұғалімнің бір апталық жұмыс жоспарының кестесін құру.

2-Тапсырма. Орта білім беру мектебіне арналған информатика пәнінің бағдарламасын, оның құрылымын және мазмұнын талдау. Информатиканың басқа пәндермен пәнаралық байланыстарына мысал келтіру.

3-тапсырма. (Компьютерде іс-қағаздарды жүргізуге дайындау) курсының бағдарламасымен танысу. Курс бағдарламасының құрылымын, олармен жұмыс істеу әдістемесін анықтау. Әртүрлі курстар үшін бағдарламаларды салыстыра отырып талдау.

4-тапсырма. «Компьютерді қолданушылар» курсының бағдарламасымен танысу. Курс бағдарламасының құрылымын, олармен жұмыс істеу әдістемесін анықтау. Әртүрлі курстар үшін бағдарламаларды салыстыра отырып талдау.

5-тапсырма. «Информатика, Физика, Математика», «Алгорифм» журналдарының ерекшеліктерін ашу. Оның құрылымы бөлімдері, мәні және информатика мұғалімнің жұмысына әдістемелік көмегі.
2 - зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Сабақты жобалау кезеңдері

Мақсаты: Сабақты кезеңдерге бөліп отырып, сабақ жоспарын құру.
Тапсырмалар:

    1. Тақырып 1 сүйене отырып, сабақ жоспарын құрыңыз.

    2. Сабақ тақырыбын Қосымша 1-де көрсетілген өз нұсқаңызды алыңыз.

    3. Сабақ жоспарын А4 фоматта қағаз түрінде тапсырасыз.

    4. Тақырып 1-де көрсетілген мысалға қарап орындаңыз.

Бақылау сұрақтары

  1. Сабақты жобалау дегеніміз не?

  2. Жобаның жоспардан ерекшеілігі қандай?

  3. Сабақтың мақсатын анықтау үшін қандай талаптар қойылады?


3 - зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Педагогикалық әрекетке практикалық дайындық

Мақсаты: MS PowerPoint-та презентация құрып үйрену
Тапсырмалар:

  1. Алдыңғы зертханалық жұмыстағы құрған сабақ жоспарыңызға сүйене отырып, осы тақырыпты түсіндіруге көмекші құрал ретінде презентация құрыңыз.

  2. Ол үшін Тақырып 2 теориялық материалын оқып, сондағы мысалды орындап көріңіз.

  3. Осы мысалға қарап отырып, өз тақырыбыңыз бойынша презентация құрыңыз.

  4. Презентация кем дегенде 7 слайдтан тұруы керек.

  5. Презентация Тақырып 2 теориялық материалындағы Презентацияны құруға қойылатын талаптарды қанағаттандырсын.

Бақылау сұрақтары

  1. Презентация не үшін қолданылады?

  2. Оның ерекшеліктері қандай болуы керек?

  3. Қалай қолданудың маңыздылығы бар ма?

  4. Визуалды құралдың маңыздылығы неде?

  5. Негізгі сүйенетін принциптер қандай?


4 - зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Педагогикалық программалық құралдарды (ППҚ)

құрудың психологиялық аспектілері

Мақсаты: MS Word-та Веб-бет құрып үйрену
Тапсырмалар:

  1. Тақырып 3 теориялық материалмен оқып танысыңыз, гиперсілтеме құруға берілген мысалды орындаңыз.

  2. Алдыңғы сабақта құрған өз сабақ жоспарыңыздың электронды нұсқасын ашыңыз.

  3. Осы жоспарды Тақырып 3 теориялық материалына сүйене отырып, сабақ жоспарыңызды Веб-бет түрінде сақтаңыз.

  4. Оған гиперсілтемелер орнатыңыз. Гиперсілтеме сіздің жоспарыңыздағы практикалық жұмыстарға орнатылсын. Яғни, Веб-бетте тек сабақ жопары жазылуы керек, ал практикалық тапсырмалар, сұрақтар, қолданылған әдебиеттер басқа беттерде орналассын. Осы беттерге гиперсілтеме құрыңыз. Гиперсілтемелерге түсініктеме жазыңыз.

  5. Мұғалімге электронды нұсқасын тапсырыңыз.

Бақылау сұрақтары

  1. ТП MS Word гиперсілтеме қалай құрылады?

  2. Веб-бет дегеніміз не?

  3. Бірнеше файлдарды гиперсілтеме арқылы байланыстыруға болады ма?

  4. Құжат ішінде қандай да бір бөлімне сілтеме құруға болады ма?

  5. Гиперсілтеме орнатылған сөзді қалай ажыратуға болады?


5 - зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Жобалар әдісі

Мақсаты: Сабақ жоспарын дәстүрлі емес әдіспен құру.

Ойын элементтерін қосып, сабақ өткізу.



Тапсырмалар:

    1. Тақырып 6 теориялық материалын оқып танысыңыз.

    2. Осында аталған дәстүрлі емес сабақ өткізу әдістеріне өзіңіз білетін әдістер болса, қосыңыз.

    3. Екі студенттен бірігіп, өз еріктеріңізбен 7, 8, 9 сыныптарда өтілетін бір тақырыпты таңдап, сол сабаққа дәстүрлі емес ойын әдісін қолданыңыздар.

    4. Сабақ жоспарының қағаздаағы нұсқасын тапсырасыздар.

    5. Осы сабақты толық 45 минутқа есептеп, топ студенттері арасында өткізуге дайындалыңыздар.

    6. Ойын элементтері, дидактикалық материалдар, дайын ойын программаларын қолданыңыздар.

    7. Көрнекілік материалдар қолданыңыздар.


Вариант номерлері:

1 және 3


2 және 5

4 және 7


Бақылау сұрақтары

  1. Дәстүрлі емес әдіс дегеніміз не?

  2. Қандай дәстүрлі емес әдістерді білесіз?

  3. Ойын элементтерін қолданудың тақырыпты меңгеруге көмегі қандай?


6 - зертханалық жұмыс.

1-тапсырма. Информатика сабақтарындағы аналогия. Жаңа программалық әдісті меңгеру аналогиясының іс-әрекеті бойынша және піікр айтуға өзіндік мысал келтіру.

2-тапсырма. Дедукция. Алгоритмде қатені іздеу кезінде дедуктивтік ой қорытындысын ашуға тырысыңыз.

3-тапсырма. Абстракция және дәлелдеу. Үш туристтің жүкті бөлу туралы қолданбалы есепті информатика термині бойынша қисынға келтіру.

4-тапсырма. Мына критерийлар бойынша информатикада бақылау әдістерін салычстырыңдар: алгоритмде немесе нұсқауда қатені түзеу нәтижелігі; оқушыға пайдасы; педагогты ескішілдік жұмыстан босату.
7 - зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Информатиканы оқыту үрдісінде психологиялық

мәселелерді шешу әдістері

Мақсаты: Информатиканы оқуға ынталы оқушыларды анықтау үшін

тест құрастыру. Тест программасын кез-келген программалау тілінде құру.


Тапсырмалар

  1. Информатикаға ынталы оқушыларды анықтап алуға арналған тест сұрақтарын құрыңыз. Ол сұрақтар оқушының білімін және логикалық ойлау қабілетін тексеруге мүмкіндік беретін болсын.

  2. Тестте 30 сұрақ және әр сұрақта 5 жауап нұсқасымен құрыңыз.

  3. Құрылған тест сұрақтарын бағалау шартын көрсетіңіз.

  4. Осы тест сұрақтарын тесттік программаға енгізіңіз. Программа ретінде Тақырып 5 көрсетілген мысалды алуға, толықтыруға немесе өзіңізге басқа программалау тілінде құруыңызға болады. Сұрақтарға байланысты сызбалар немесе суреттер бар болса, оны міндетті түрде тест программасына қосыңыз.

  5. Тест сұрақтарына оқушы жауап бергенде оның информатика сабағына бейімділік мөлшері бағалансын.


Бақылау сұрақтары

  1. Информатикаға ынталы оқушыларды анықтауда қандай талаптарға сүйенесіз?

  2. Тесттің нәтижесін бағалауды қалай ұйымдастыруға болады?

  3. Тестті білімді бағалауға қолданған дұрыс деп есептейсіз бе?


8 - зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Бағдарламалар, жоспарлар, оқулықтар, оқу құралдары

олардың құрылымдары және мазмұны.

Жеке тапсырмалар.

1-тапсырма. 7 сыныпқа арналған Информатика оқулығын, оқу құралдарын талдау, олардың құрылымдарын және осы оқулықтармен жұмыс істеу әдістерін сипаттау. Түрлі оқулықтарға арналған оқу бағдарламаларын салыстыра отырып талдау жасау.

2-тапсырма. 8 сыныпқа арналған Информатика оқулығын, оқу құралдарын талдау, олардың құрылымдарын және осы оқулықтармен жұмыс істеу әдістерін сипаттау. Түрлі оқулықтарға арналған оқу бағдарламаларын салыстыра отырып талдау жасау.

3-тапсырма. 9 сыныпқа арналған Информатика оқулығын, оқу құралдарын талдау, олардың құрылымдарын және осы оқулықтармен жұмыс істеу әдістерін сипаттау. Түрлі оқулықтарға арналған оқу бағдарламаларын салыстыра отырып талдау жасау.

4-тапсырма. 10 сыныпқа арналған Информатика оқулығын, оқу құралдарын талдау, олардың құрылымдарын және осы оқулықтармен жұмыс істеу әдістерін сипаттау. Түрлі оқулықтарға арналған оқу бағдарламаларын салыстыра отырып талдау жасау.

5-тапсырма. 11 сыныпқа арналған Информатика оқулығын, оқу құралдарын талдау, олардың құрылымдарын және осы оқулықтармен жұмыс істеу әдістерін сипаттау. Түрлі оқулықтарға арналған оқу бағдарламаларын салыстыра отырып талдау жасау.
9-зертханалық жұмыс.

Тақырып: Информатика сабағында көрнекті құралдарды (электрондық

оқулық және гипертақырыптар, мультимедиа) қолдану.

Жеке тапсырмалар әдебиеттерді таныстыру және тапсырмаларға қысқаша баяндама жасайды.



Жеке тапсырмалар.

1-тапсырма. Информатика сабағында көрнекілікті қолдану. Плакаттардың ерекшеліктері. Информатика сабағында плакатты қолдану және негізгі фрагментін көрсету.

2-тапсырма. Информатика сабағында көрнекілікті қолдану. Транспаранттардың ерекшеліктері. Информатика сабағында транспарантты қолдану және негізгі фрагментін көрсету.

3-тапсырма. Информатика сабағында көрнекілікті қолдану. Инструкция және оның түрлері. Информатика сабағында инструцияны қолдану және негізгі фрагментін көрсету.

4-тапсырма. Информатика сабағында көрнекілікті қолдану. Компьютер экранындағы тақырып арқылы сабақтың фрагментін өңдеу.

5-тапсырма. Информатика сабағында көрнекілікті қолдану. Гипертақырыптар. Гитертақырып арқылы мысалдың жұмысын демонстрациялап өту (10-11 сыныптар үшін).



6-тапсырма. Информатика сабағында көрнекілікті қолдану. Мультмедиа. 10-11 сынып оқушыларына информатика сабағына дайындау.
10-зертханалық жұмыстар

Төмендегі тақырыптарға ауызша жауап дайында:

  1. ЭВМ құрылғыларымен жабдықталған кабинетте оқытылатын информатика сабағына қойылатын талаптар.

  2. Информатика кабинетінің негізгі тағайындалуы.

  3. Информатика кабинетінің құрал-жабдықтары.

  4. ЭЕМ кабинеттеріндегі жұмысты ұйымдастыру.

  5. Информатика кабинетінде жұмыс істеу кезіндегі гигиеналық талаптар

  6. ЭВМ құрылғыларына қойылатын гигиеналық талаптар

  7. Информатика кабинетінде жұмыс істеу кезіндегі қойылатын гигиеналық талаптар

  8. Оқушылардың ЭЕМ сабағы кезінде гигиеналық тұрғыдан дұрыс орналасулары.


11-зертханалық жұмыстар

Тақырыбы: Жергілікті және ауқымды компьютерлік желілер

жұмысындағы ақпараттық өзара әсерлесу

Мақсаты: HTML тілінде электрондық оқулық құрып үйрену.
Тапсырмалар:

  1. Тақырып 5 теориялық материалдарын оқып танысыңыз.

  2. Осы теориялық материалдардағы мысалдарды орындап, нәтижесін мұғалімге көрсетіңіз.

  3. Қосымша 2 тақырыптарды қараңыз. Осы өзіңіздің нұсқаңызда қандай тақырып тұр, сол тақырыпты толықтырып электронды оқулық құрыңыз.

  4. Электронды оқулық 15 беттен тұрсын.

  5. Оқулықты құру барысында HTML тілінің барлық теориялық материалдағы көрсетілген мүмкіндіктерін қолданыңыз.

  6. Сурет қою, сырғымалы жол, фреймдарға бөлу, кесте құру тегтарын қолданыңыз.

  7. Электронды оқулықты құрған студент жайлы ақпарат жеке бір бетте кесте түрінде берілсін.


Бақылау сұрақтары

  1. HTML құжаты дегеніміз не?

  2. HTML құжаты жазылатын негізгі тегтарды атаңыз.

  3. Құжатты Веб-бет түрінде ашу үшін қандай форматта сақтау керек?


12-зертханалық жұмыстар

Тапсырма. Төмендегі тақырыптар бойынша сабақ жоспарын және Power Point

программасының көмегімен презентация құрыңдар:

  1. Әлемнің информациялық көрінісі

  2. Компьютердің арифметикалық негіздері

  3. ДК құрылымы және жұмыс істеу принципі

  4. Компьютерлік информацияны қорғау

  5. Microsoft Word-та графикалық сурет кірістіру

  6. Графикалық редакторда сурет фрагменттерін жылжыту және көшіру

  7. Microsoft Excel-де диаграммамен жұмыс

  8. Microsoft Word-та фигуралық мәтін кірістіру

  9. Windows ОЖ. Калькулятор.

  10. Windows ОЖ. Paint -графиктік редакторы


13-зертханалық жұмыс

Тақырып: Информатика пәнінен оқу жылының 3-ші тоқсанға арналған оқу-

тәрбие жұмысының күнтізбелік жоспарын кесте бойынша құру:


Сабақ

тақырыбы


Сағат саны

Қайталауға арналған материал

Көрнекі оқу құралдары

Үй тапсырмасы

Сабақта бақылау түрі

Сыныптан тыс жұмыс

  1. Тақырыпты меңгертудегі сабақтың ролі.

Сабақты жобалауда тақырыпты меңгертуде қандай роль алатынын алдын ала анықтау керек. Бұл сабақтың басты дидактикалық қойылымы болып табылады. Келесі қойылымдарды анықтайық:

    • Оқушыларды курстың, тарауды немесе бөлімнің проблемасымен таныстыру; проблеманың маңыздылығын түсіндіру.

    • Жаңа тақырыпты үйреншікті қабылдауын қамтамасыз ету.

    • Алған білімдерін дұрыс пайдалана білуге үйрету.

    • Тақырыптағы негізгіні қайталау.

    • Оқушылардың білімін бақылау.

Қойылымдарға байланысты келесі сабақ түрлері туады:

  • Кіріспе сабақ

  • Жаңа материалды меңгеру және оқу сабағы

  • Білімді қолдану сабағы

  • Білімді жалпылау және жүйелеу сабағы

  • Білімді тексеру және қайталау сабағы

Осы кезеңнің нәтижесі сабақ типін анықтау болып табылады.

  1. Мақсатты анықтау.

Мақсат – тосатын нәтиженің бейнесі (образ) және бұл мақсатқа қол жетілген. Сабақ мақсаты екі түрлі түрде қалыптасады: пән көлемінде (оқыту мақсаттары) және пәнге қатыссыз деңгейде (педагогикалық мақсаттар). Мақсат құрғанда келесі талаптарды қанағаттандыру керек:

  • Мақсат анық болуы керек

  • Мақсат қандай да бір әрекеттер тізбегі ретінде берілуі мүмкін

  • Мақсатты анықтайтын қандай да бір критерилер болуы керек. Яғни, сабақ соңында мақсатқа жеткен жетпегендікті анықтау үшін керек.

  • Оқытушы мақсат – ой қалыптастыру, көрсету, ашу.

  • Дамытушылық – біліктілікті дамыту

  • Тәрбиелік – тәрбиелеу; ой тудыру т.б.

  1. Оқыту нәтижесін жоспарлау.

Оқыту нәтижесіне қойылатын талаптар тұлғалық- әрекет түрінде болуы керек:

  1. Сабақ тақырыбын оқыған соң оқушылар нені білуі керек?

    • Түсінік;

    • Кейіпкерлер;

    • Фактілер;

    • Құбылыстар;

    • Үрдістер;

    • Даталар

  2. Нені үйренуі керек:

  • Атау;

  • Түсіндіру;

  • Анықтау;

  • Құру;

  • Өткізу;

  • Ережелерді қадағалау;

  • Картадан көрсету

4. Оқыту әдісін таңдау.

Оқу әдістерінің типологиясы:



  • Түсініктемелі, иллюстрациялы

  • Эвристикалық

  • Проблемалық әдіс

  • Зерттеушілік, модельдік

  • Бағдарланған

5. Сабақтың қолайлы ұйымдастырылған формасын таңдау.

Сабақ формасын таңдау сабақ материалдарына, тақырыптағы сабақтың роліне, басқа пәндермен, сабақтармен байланыстылығына байланысты. Сабақ формасы анықталады:



  • Дәстүрлі- элементтері: дискуссиялар, зертханалық жұмыстар; пробле-малық есептерді шешу.

  • Дәріс тақырыптың негізгісін тереңірек ашып береді.

  • Зертханалық сабақ – баспа құралдарымен (оқулық, құжат) өз бетімен жұмыс жасау.

  • Практикалық сабақ - әлеуметтік тәжірибеде кездесетін проблемаларды дәрістен алған білімге сүйене отырып шешу, талдау.

  • Қорытынды сөйлесу – оқушылар сұрақтарға жауап береді

  • Сабақ – диспут – маңызды тақырып бойынша пікірталас.

6. Танымдық әрекетін ұйымдастыру формасы

Танымдық әрекеттің келесі түрлері бар:



  • Фронтальді

  • Топтық

  • Жеке

  • Жұппен

7. Оқыту құралдарын таңдау

Бұл дегеніміз тақырыпты меңгеру үшін керек сабақтың техникалық жабдықталуы



8. Сабақ құрылымын құру

Жаңа тақырыпты меңгерту жаспары жасалады. Сабақтың әр кезеңінің уақыты есептелінеді. Оқушылар әрекеті:



  • Әңгімеге араласу

  • Жоспар және кестелер құру

  • Оқулық мәтінін оқу

  • Проблемаларды шешу

  • Картамен жұмыс

  • Құрылымды-логикалық схема құру

  • Тезис және конспекті құру.

  • Талдау және жалпылау

  • 2 түрлі ақпарататр қатынасы

  • Оқиғалар тізбегін орнату

  • Жалпылаушы мінездеме

  • Белгілері бойынша фактілерді топтау

  • Белгілерін анықтау

  • Фактілер мен құбылыстардың қатынасы

  • Терминдер мен анықтамалардың қатынасы

9. Сабақты мазмұнды толтыру.

Жаңа тақырыпты берудің бірнеше тәсілдері бар:



  • Таныстыру (әңгіме, хабарлама) – 6 сыныпқа дейін

  • Сипаттау (мінездеме, суретпен беру, аналитикалық сипаттау)

  • Түсіндіру

  • Әңгімелесу (аналитикалық, эвристикалық)

10. Өлшемдерді құру

Бұл жұмыстың ең қиын, көп жағдайда қол жеткізе алмай қалатын бөлімі. Бұл талаптың өзі бірінші қойылған талаптан анықтылықты талап етеді. Егер абстрактілі мақсат қойылса, онда өлшеу мүмкін емес.


Жеке тапсырмалар.

Оқулық бойынша оқу-тәрбие жұмысының планын құру.



  1. Информатика 7.

  2. Информатика 8.

  3. Информатика 9.

  4. Информатика 10.

  5. Информатика 11.


14 - зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Оқытудың ұйымдастырылған формаларының жүйесі.

Зертханалық жұмысқа дайындалғанда, таңдап алынған жеке тапсырма бойынша сөз сөйлеуді өңдеу.

Жеке тапсырмалар.

1-тапсырма. Неге оқытудың басында қостық жұмыс жиі қолданылады? Қостық жұмысты қолданатын ОҰФ-ке мысал келтіру. ЭЕМ-де қостық жұмыста оқушылардың ролін қалай өзгертуге болады?

2-тапсырма. Қандай себептен ЭЕМ-де жалғыз жұмыс істеп отырған оқушы, мұғалімнен көмек сұрамауы мүмкін? Жеке тапсырмаларды қолданатын ОҰФ-ке мысал келтіру.

3-тапсырма. Топтық құрамында жұмыс істеп әрбір оқушының активтілігін қалай қамтамасыз ету керек? Топтық жұмысты қолданатын ОҰФ-ке мысал келтіру.

4-тапсырма. Оқытуды басқару үшін педагогқа компьютер не береді? Қостық, топтық және жеке жұмысты қолданатын ОҰФ-ке мысал келтіру.
15-зертханалық жұмыс

Оқытудың бір түрінен баяндама дайындау. Баяндама басында таңдалып алынған оқыту түрінің бейнесін беру. Нақты мысалмен алынған оқыту түрінің ерекшелігін көрсету.



  1. Дәріс. Неге бүкіл сабақты дәріс түрінде өткізуге болмайды? Оқытудың қандай түрлері дәрістен алыстатылған?

  2. Семинар. Семинардағы оқушының жұмыс нәтижесі не болуы мүмкін?

  3. Зертханалық жұмыс. Оқушылардың Зертханалық жұмыс дайындығына бақылауды не үшін қолданылады?

  4. Жеке практика. Оқушылардың ЭЕМ-нің көшпелі жұмысының нәтижесін көрсету. Өзіндік практиканы оқытудың ерекшеліктерін көрсету.

  5. Саяхат. Мұғалімге информатикадан саяхат дайындаудың алгоритмін құрыңыз. Саяхат уақытында тақырыпқа байланысты оқушыға мысал келтіру.

  6. Факультативтік курс. Факультативтік сабақтың жалпы мақсатын көрсетіңіз. Пәндер арасындағы факультативтік курстардың ерекшелігі неде? Факультативтік сабаққа келмейтін тақырыптарға мысал келтіру. Түсініктеме беру.

  7. Үйірме. Ииформатика бойынша үйірме жұмысының басқалардан ерекшелігі неде?

  8. Олимпиада және оған дайындық. Оқушыларға, мұғалімге олимпиада мақсаттарын көрсету.


4.Студенттің өздік жұмыстары

1 өздік жұмыс



Тақырыбы: «Ақпарат және информатика ғылымы» тақырыбын

оқыту әдістемесі

Мақсаты: «Ақпарат және информатика ғылымы» тақырыбын оқытуды

ұйымдастыру. Тақырыптық үлгі жоспармен танысу. Оқушы біліміне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақ жоспарын жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет