Мектепте информатиканы оқытудың білім беру мақсаты - әрбір оқушыға информатика ғылымы негіздерінің алғашқы фундаментальды білімін беру, оқушыларға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
Информатика ғылымының жалпы білім берудегі қызметі өте жоғары. Информатикадан білім негіздерін меңгеру оқушылардың жалпы, ақыл – ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін нығайтуға елеулі әсер етеді.
Сонымен, информатиканы оқытудың білім беру – дамытушылық мақсаты – оқушының шығармашылық қабілетін, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруға, ақыл-ойын, ойлау өрісін, ынтамен дамытуға, яғни қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған.
Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты – оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен, дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру.
Курстың бұл мақсаты қолданбалы және теориялық аспектілердің байланысын жүйелі түрде ашып көрсетіп, алгоритмдеудің, программалаудың ЭЕМ-нің қазіргі кезеңдегі өндірістік рөлі мен маңызын айқындау болып табылады. Информатика курсында кәсіптік бағдарлау мақсатында информатикаға және ЭЕМ-ға байланысты мәліметтер, ЭЕМ-ны пайдаланатын басқа ғылымдар жайында мәліметтер берілуі тиіс. Мұнымен қатар, информатиканың практикалық мақсатының “тұрмыстық аспектісі” де бар. Ол күнделікті өмірде, тұрмыста жастарды компьютерлік техниканы сауатты пайдалануға үйретеді. Қорыта келгенде, информатиканы оқытудың практикалық мақсаты – оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, басқа пәндерді оқыту үрдісінде практикалық есептерді шешуге және оны информациялық қоғамда өмір сүруге дайындауға бағытталған.
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты өте зор. Информатиканы оқыту барысында ой еңбегінің мәдениеті жаңа сапалы деңгейде қалыптасады, оқушы өзінің жұмысын жоспарлай білу, оны ұтымды орындай білу, бастапқы жоспарды оның орындалуымен байланыстыра білу сияқты жалпы адамзаттық мәні бар қасиетер де қалыптасады. Сонымен информатиканы оқытудағы тәрбиелік мақсат – оқушыны азаматтық, адамгершілік қасиетке және жоғары саналыққа баулуға бағытталған.
Информатиканы оқып үйренудің жоғарыда аталған мақсаттары бір-бірімен өте тығыз байланыста, оларды бір-бірінен ажыратуға болмайды. Оқушыларға негізгі жалпы білімді беріп болмай, информатиканың тәрбиелік эффектісін алуға болмайды. Мектепте информатиканы оқытудың жалпы мақсаттары нақты оқу үрдісіне байланысты нақты мақсаттарға айналады, яғни нақты тақырыптарды оқытудың мақсатына айналады. Пәнді оқытудың нақты мақсатарын анықтау жалпы дидактикадан басталады. Қазіргі қоғамның дамуына байланысты дидактиканың көптеген қағидалары өзгеріске ұшырап отыр. Информатика жас ғылым болғандықтан даму үстінде, оны мектепте оқыту мазмұны да әлі қалыптасу үстінде. Осындай жағдайда ғылыми тұрғыдан негізделген мақсат қана оқыту мазмұнын дәл анықтауға мүмкіндік береді.
Жалпы білім беретiн орта мектепте информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесі. Оның негізгі бөліктерінің жалпы сипаттамасы.
Жалпы оқытудың негізгі мақсаты - оқyшыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негiзгi орын aлған мәселе - дамыта отырып оқытуды зерттейтiн бағыт.
Мұндағы маңызды мәселе, баланың ақыл-ойын дамыту қай деңгейде оқытуға, ол қандай дережеде оның организмінің табиғи дамуына тәуелдiлiгiмен қорытындыланады. Бұдан оқытудың потенеңиалды мүмкiндiгiнiң шекарасын тағайындауға, сондай-ақ, нақты дидактикалық өзгерicтiң мақсаты мен мiндетiн aнықтау шығады. Сондықтан оқыту мен дамытудың өзара қатынасы дидактиканың аса маңызды әдiснамалық мәселесі болып табылады.
Алғашқы кезеңде (1985-86 оқу жылы) информатика пәнін мектепте оқытудың негiзгi мақсаты оқушыларда компьютерлiк сауаттылықты қалыптастыру болып табылды. Алайда шетелдiк және oтaндық тәжiрибелер оқу мақсатын бұлайша анықтаудың жеткiлiксiз eкeнiн көpceтті. Өйткенi, компьютерлiк сауаттылық, арнаулы ЭЕМ көмегімен сурет салу, жазу, есеп шығару басқа пәндердi оқу барысында қалыптасатын жалпы сауаттылықтың құрамды бөлiктерiнiң бiрi болып табылады.
Орта бiлiм беруің басты мақсаты-жеке тұлғаның өзіне қоғамға қажет қабiлеттерiн қалыптастырып, дамыту және өз бетiмен бiлiм алу, өзiн-өзі дaмытyғa жағдай жасау.
Сонымен мектептің алдына төмендегiдей үш негiзгi мaқcaт қойылады:
бiлiм беру; 2. тәрбиелiлiк; 3.практикалық;
Бақылау сұрақтары
Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты қандай?
Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не?
Информатиканы оқыту әдістемесінің мақсаты не?
Информатика курсын оқытудағы негізгі мақсаттар қандай?
Мектепте информатиканы оқытуда білім берудің мақсаты?
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты?
Негізгі әдебиеттер: [1, 4, 5, 12, 14]
Қосымша әдебиеттер: [20, 24, 28]
4-ДӘРІС.
Тақырыбы: Информатика негіздерін оқытуға қажетті құжаттар. Орта жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Информатика бойынша жалпы білім беру стандартының функциялары мен орны.
Мақсаты: Мемлекеттік білім стандарты жайлы мағұлмат беру, информатика
пәнінің оқу жоспарында алатын орны мен мектепте оны оқытудың мақсатын игерту.
Мемлекеттік білім стандарты -бұл пәндер бойынша мазмұнның міндетті минимумы және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайтын нормативтік құжат.
-1998 жылы жасақталған стандарттың негізгі мазмұны 7-11 сыныптарда дүниетанымдық көзқарас, алгоритмдеу және программалау, техникалық және қолданушылар аспектілеріне бөлініп қарастырылған. Аталған аспектілер базалық, негізгі және мамандыққа баулу курстары бойынша жеке жеке концентрлі түрдегі мазмұндарға бөліп, анықталған. Мұнда қарастырылған мазмұндар ақпараттық технологияның жеделдетіп дамуына байланысты оларды өзгерістерге ұшырату қажеттігі туындады.
Сондықтан бұл стандарт жылы мына түрде өзгертіліп, қайтадан жасақталды.
«Информатика» пәні бойынша дайындалған стандарт білім берудің сәйкес сатысының базистік оқу жоспарымен, білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспармен, оқу бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылады.
Стандарттың қолданылу саласы;
Қолданылу саласы. Стандарт республиканың мемлекеттік басқару органдары мен ұйымдарында білім қызметін лицензиялау, білім ұйымдарын аттестациялау, жұмыстық оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын дайындау, оқулықтар мен оқу - әдістемелік кешендерді жасақтау және оқу бағдарламаларын жүзеге асырылуын бақылау кезіндде қолданылады.
Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы Заңының талаптарына сәйкес информатиканы оқыту стандартына төмендегі мәселелер енгiзiлген:
- кластар бойынша бiлім беру мазмұнының мiндeттi минимумы;
- әрбiр кластардағы оқушының дайындық деңгейiне қойылатын талаптар;
- стандарттағы талаптардың орындалуын бағалау;
- бiлiмдi бағалау үлгiлерi.
Қазақстан Респyбликасының конституциясында: "Білiм беру - бұл қоғам мүшелерiнiң адамгершiлiқ интеллектуалдық, мәдени дамyынының жоғарғы деңгейін және кәсіби бiлiмдiлiгiн қамтамасыз eтyгe бағыттaлған тәрбие беру мен оқытудың үздiксiз үрдісi", - деп көрсетілген.
Білім беру жүйесiнiң басты мiндетi-ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар ғылым мен практиканың жетістіктері негiзiнде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажеттi жағдайлар жасау, әрине, мемлекет зиялы болу үшін оның әр азаматы зиялы болуы қажет. Бұл білім беру үрдісiнiң үздіксіз талап етедi. Білім беру үздiксiз үрдісс болса, информатиканы оқыту да үздіксіз болуы қажет.
Жалпы бiлiм беретін орта мектепке арналған информатикадан мемлекеттік білім беру стандарты осы мәселені көздейді.
Ал, стандарт осы орта мектепте үздiксiз бiлiм беру тұжырымдамасына негізделіп жасалынған. Тұжырымдама білім беру жүйесiн демократияландыру принциптерін жүзеге асыруға бағытталып құрылған.
Мұнда оқушы өз бетiмен танымдық қызмет жасап, дами алатын субьект болса, мұғалiм осы қызметтің тиiмдi ұйымастырылуына нәтижелi болуына жауап беретiн шығармашылықпен жұмыс icтейтін жеке тулға.
«Информатика» оқу пәнінің базалық мазмұны (БМ) - оқу пәнінің мектепте міндетті түрде оқытылуы тиіс және үздіксіз білім берудің келесі сатылары мен деңгейлерінде информатиканы оқуды жалғастыру үшін жеткілікті болатын мазмұнының құрамы мен құрылымы.
«Информатика» оқу пәні бойынша білім берудің негізгі бағдарламасы (БНБ) - оқу пәнінің мазмұнын, яғни оқушыларда ғылыми дүниетанымдық негізді қалыптастыруды, олардың ойлау қабілетін дамытуды, ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгертуді және оқушыларды өмірге, еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлауды анықтайтын құжат. Оның мазмұны мемлекеттік стандарт бойынша анықталады.
«Информатика» оқу пәні бойынша бағдарлы білім беру бағдарламасы (БББ) -«Информатика» оқу пәнінің мазмұнын анықтайтын, пәнді тереңдетіп, бағдарлы оқытуды қамтамасыз ететін, оқушыларды кәсіби даярлау бағытына қарай көлемі мен мазмұны бойынша сараланған құжат. Оның мазмұны мемлекеттік стандарт бойынша анықталады.
«Информатика» оқу пәні бойынша қосымша білім беру бағдарламасы (ҚББ) - мемлекеттік стандарт мазмұнынан тыс, оқушылардың информатика пәні бойынша білімге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған оқу курстарының мазмұнын анықтайтын құжат. Бұл бағдарлама факультативтік немесе арнайы курстар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы ережелер:
Информатика пәнін оқытудың негізгі мақсаттары төмендегідей:
-оқушылардың ғылыми дүниетанымдық негізін қалыптастыру;
-оқушылардың ойлау қабілетін дамыту;
-оқушыларға ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологияларды меңгерту;
-оқушыларды өмірге, еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлау;
Міндеттері:
-информатика ғылымының негізін қалайтын үш ұғымның (зат, энергия және ақпарат) бірі болып есептелетін, қазіргі таңдағы әлем бейнесін құрудың негізін құрайтын ақпарат ұғымын қалыптастыру;
-қоршаған ортаны жаңа ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын қалыптастыратын ақпараттық үрдістерді, табиғат, қоғам, техника аймақтарында қарастыру;
-қоғам дамуында жаңа ақпараттық технологиялардың ролін анықтау, қоғамның постиндустриялық ақпараттық сатыға өту кезеңінде адам еңбегінің мазмұны мен сипаттамасын өзгерту;
-оқушылардың теориялық, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;
-тиімді шешімдер таңдай білуге бағытталған, оперативті ойлау деп аталатын жаңаша ойлай білуді қалыптастыру;
-ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар саласында білім, білік және дағдыларды қалыптастыру мен оларды дамыту;
-оқушыларды ақпараттық бірліктермен қамтамасыз ететін білімдермен қаруландыру;
-оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру.
«Информатика» пәнінің зерттеу обьектілері:
-ақпарат;
-ақпараттық ресурстар;
-ақпараттық үрдістер;
-ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар.
«Информатика» пәнінің даму болашағы мына көріністерге байланысты:
1.пәннің жалпы білімділік, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, атап айтқанда:
-оқушыларға формальдау, моделбдеу және компьютерлік тәжірибе әдістерін меңгерту;
-тиімді шешімдерді таңдай білуге бағытталған оперативті ойлау қабілетін дамыту.
2.информатиканың ғылыми пән ретінде қалыптасуы, атап айтқанда, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, биологиялық, қолданбалы информатика және т.б.
«Информатика» пәнінің даму бағыттары:
-Теориялық информатика. Мұнда ақпараттың жалпы қасиеттерін зерттеу, табиғаттағы және қоғамдағы ақпарат үрдістерінің өзара қатынасы, сонымен қатар әр түрлі ақпараттық орталарда ақпараттық үрдістерді жүзеге асырудың негізгі заңдылықтарын зерттеу мәселелері қарастырылады.
-Ақпараттандыру құралдары. Мұнда дербес компьютерлердің, микроүрдіссорлардың есептеу қызметінің мүмкіндіктері және аймақтық желілер арқылы ақпараттарды алмасу қызметтері туралы мәселелер қарастырылады. Әр түрлі ақпараттарды сақтау, өңдеу және
қолдану мүмкіндіктерін одан әрі жетілдіру бағытында ақпараттық технологиялардың даму мәселелерін қарастырумен жалғасады.
-Әлеуметтік информатика. Мұнда информатика мен ақпараттық технологиялардың қазіргі қоғамдағы алатын орны, ақпаратпен және программалық өнімдермен жұмыс жасаудың құқықтық, этикалық және моральдық нормалары, жеке тұлға мен қоғамның ақпараттық қауіпсіздігі төңірегіндегі мәселелер қарастырылады.
Информатика пәнінің базистік оқу жоспарында алатын орны мектепте оны оқытудың мақсатын игерту, информатика негіздерін үйрету мен ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың бірнеше кезеңдерін бөліп көрсетуді талап етеді.
Бірінші кезең (7-9 сыныптар)- базалық курс. Ол информатика пәні бойынша оқушылардың міндетті (минимум) жалпыбілімділік дайындық деңгейін қамтамасыз етеді. Бұл кезең нақты мәселені шешуде оқушылардың ақпараттық технология құралдары мен әдістерін меңгертуге, сонымен қатар компьютерді үйренуде, одан әрі кәсіптік білім қызметінде оын еркін, әрі тиімді қолдана білу дағдысын қалыптастыруға бағытталған (3 жыл).
Екінші кезең (10-11 сыныптар) –информатика пәні бойынша жоғарғы сыныптарда көлемі мен мазмұны жағынан сараланған бағдарлы курс. Мұнда оқушылар кәсіптік даярлыққа бағытталған оқу материалдарын меңгеруді жалғастырады (2 жыл).
«Информатика» пәнінің базалық мазмұны төмендегі материалдар көлемінде шоғырланған: ақпараттық бейнелеу, ақпараттық үрдістер, компьютермен танысу, ақпараттық технологиялар, формальдау және модельдеу, алгоритмдеу және программалау, телекоммуникация және әлеуметтік информатика.
10-11 сыныптарда «Информатика» пәнін оқытудың мазмұндық желісі қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану- математикалық бағыттар бойынша қарастырылған.
Қоғамдық –гуманитарлық бағыттар бойынша информатиканы оқыту мына бағыттар негізінде қарастырылған: ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технология, телекоммуникациялық желі, әлеуметтік информатика. Мұнда оқу материалдары теориялық информатиканың және ақпараттық технологиялардың гуманитарлық қызмет саласында қолданылу мүмкіндіктерімен байланыстырылып қарастырылады.
Жаратылыстыну - математикалық бағыттар бойынша информатиканы оқыту мына бағыттар негізінде қарастырылған: теориялық информатика, ақпараттандыру құралдары, ақпараттық технология, әлеуметтік информатика. Мұнда оқу материалдары теориялық информатиканың және ақпараттық технологиялардың жаратылыстану - математикалық бағыттарда қолданылу мүмкіндіктерімен байланыстырылып қарастырылады. Сонымен қатар, программалау тілдері тереңдетіліп, оқытылады.
«Информатика» оқу пәні бойынша оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптар мектептің әр түрлі сатысында берілетін оқу мазмұнына сәйкес берілген. Сатылар негізгі, жоғарғы (қоғамдық - гуманитарлық және жаратылыстану- математикалық) деп қарастырылған. Аталған сатыларға сәйкес берілген мазмұндық желістер бойынша оқушының міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптар анықталған.
«Информатика» оқу пәні бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптар мына бағыттарда қарастырылған: оқыту үрдісін мамндармен қамтамасыз ету; оқыту үрдісін оқу- әдістемелік жағынан қамтамасыз ету; материалдық -техникамен базамен қамтамасыз ету.
Бақылау сұрақтары
Мемлекеттік білім стандарты дегеніміз не?
Информатика оқу пәні бойынша бағдарлы білім беру бағдарламасы
Информатика оқу пәні бойынша қосымша білім беру бағдарламасы
Информатика оқу пәнінің базалық мазмұны
Негізгі әдебиеттер: [1,2, 3, 4, 5, 6, 12, 14, 16]
Қосымша әдебиеттер: [22, 30, 32]
5-ДӘРІС.
Тақырыбы: Жалпы орта білім беретін мектептерде информатиканы оқыту
тұжырымдамалары. Информатиканы үздіксіз оқытудың
үшкезендік құрылымы.
Мақсаты: Орта білім беретін мектептерде информатика пәнін оқытудың
құрылымын қарастыру.
Белгілі ғалым А.А.Кузнецов информатиканы оқытудың төмендегідей әдістемелік жүйесін ұсынды:
1.Оқыту мақсаты;
2.Оқыту мазмұны;
3.Оқыту әдістері;
4.Оқытуда пайдаланылатын техникалық құралдар мен көрнекі құралдар;
5.Оқытудың ұйымдастырушылық формасы.
А.А.Кузнецовтың пікірінше, информатика курсының түпкі мақсаты-оқушыларда компьютерлік сауаттылықты, яғни оқушының информатика пәнінен алған білімін,дағдысы мен біліктілігін оқу үрдісінің барлық салаларындда қолдануымен қатар кәсіби мамандыққа баулу қызметтерінде де ЭЕМ-ды пайдалану мүмкіндіктерін қалыптастыру болып табылады.
Оның пікірінше, информатика курсының нгізгі мазмұны бір-бірімен тығыз байланыстағы теориялық және практикалық бөлімдерден тұруы қажет.
Курстың теориялық бөлімі оқушыларда алгоритмдік мәдениеттіліктің қалыптасуына, яғни есептерді талдау дағдысы, орындау алгоритмі, алгоритм құрылымы, шама түрлері және т.б. ұғымдармен танысуға бағытталған болса, ал курстың практикалық бөлімі дайын программалар пакетімен жұмыс жасауға және нақтылы бір программалау тілдерінде (Бейсик, Паскаль және т.б.) программа жазу дағдысын қалыптастыруға бағытталғаны жөн.
Бұл аталған тұжырымдамада информатика пәнінің даму болашағы бірнеше кезеңдерге бөлінген:
1-кезең (1985-1990жж.). Оқушыларда компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру. Бұл кезең 9-10 сыныптарда факультативтік сабақтарда және оқу-өндірістік комбинаттарында пәнді оқыту арқылы жүзеге асырылады.
2-кезең (1990-1995жж.). Толық емес орта мектептердің 5-7 сыныптарына пәнді оқытуды көшірумен байланыстырылады. Информатиканы төмеңгі сыныпқа көшірудегі қажетті шарт, ол мектептерді жаппай компьютерлік техникамен және сәйкес программалар пакетімен қамсыздандыруға байланысты болды.
Жоғарғы сыныптарда(10-11) оқыту белгілі бір бағдарланған бағытта (физика-математика, химия-биология және т.б.) жүретін болғандықтан бұл сатыда оқушылардың таңдап алуына тереңдетілген курстарды өткізу қажет болды. Атап айтқанда, «ИЕТН» пәнінен ұйымдастырылған тереңдетілген курстардан оқушы программалаушы (белгілі бір дәрежедегі) кепілдемесімен, «Информатика және экономика элементтері» курсынан экономика жөнінде білім алуы тиіс. Оқытудың осы сатысында тереңдетіліп оқытылатын математика және физика курстары да информатикамен тығыз байланыстырылуы қажет.
3-кезең (1995-2007жж.). Бұл кезең жаңа ақпараттық технологияны пайдаланумен байланысты. Мұнда жай оқыту әдістемесін өзгертумен емес, бүкіл оқу үрдісін түбегейлі қайта құрумен сипатталады. Сонымен бірге, оқытудың әдістемелік жүйесіне елеулі өзгерістер енгізілді, атап айтқанда, оқулық пен қосымша оқу құралдарыың және т.б. өзара үлестік қатынасы мәселесін маңызды етіп алды.
А.А.Кузнецовтың жасаған тұжырымдамасында төмендегідей мәселелер:
1.Пәнді орта буыннан бастап оқыту;
2.Пәнді тереңдетіп оқыту;
3.Пәнді экономика, математика, физика және т.б. басқа пәндермен байланыстырып оқыту;
4.Оқыту үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны пайдалану тиімділігін анықтай отырып, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруды түбегейлі қайта құру және т.б. сипатталады.
Бірақ, тұжырымдаманың мазмұнына үңіліп қарайтын болсақ, онда білім беруді ізгілендіру мен демократияландыруда, саралауда информатика курсын оқытудың мазмұнын, құрылымын және әдістерін қайта құру мәселесі қарастырылмаған.
М.П.Лапчик тұжырымдамасында информатика пәнін оқытудың құрылымы мен болашақ осы курстың мұғалімдерін жоғары оқу орындарында даярлаудың үлгілері келтірілген.
Бұл тұжырымдама бойынша мектепте «ИЕТН» пәнін оқытудың құрылымы төмендегі көрсетілген кезеңдерден тұрады:
1-кезең. 1-4 сынып оқушыларына информатика курсының алғашқы мағлұматтарын үйрету. Мұнда компьютерлік техникамен жұмыс жасаудың алғашқы мағлұматтары, ЭЕМ-ның көмегімен нысандарды басқару мен бейнелеуді ойын түрінде үйрету, математика, тіл, бейнелеу және т.б. пәндермен байланыстыра отырып, қарастырылады.
2-кезең. Негізгі мектептің 5-9 сыныптарында информатика пәнін оқыту. Бұл кезеңнің 5-6 сыныптарында компьютерлік техниканы оқу құралы ретінде қарастыра отырып, атқарушылармен – Роботпен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.7-9 сыныптарда программалау элементтері курсы жүргізілді. Мұнда информатика курсының қоғамдағы әлеуметтік аспектілері: ақпараттарды мемлекеттің қызметтеріне сәйкестендіріп, түрлендіру, компьютерге құқық бұзушылар тізімін енгізу және т.б. Осы кезенде информатика курсын оқытудың негізгі міндеті – бұл компьютерлік техниканы барлық пәндердің оқытылуына пайдалана отырып, оқушылардың білімін жүйелеу.
3-кезең. Орта мектептерде 10-11 сыныптарында «ИЕТН» пәнін оқыту. Бұл кезеңде оқушыларға жоғарғы дәрежедегі программалау тілдері үйретіледі. Қоғамның қажеттілігіне байланысты қуатты программалық құралдары пайдаланылған: экономикада, бизнесте және коммерцияда, мемлекеттік қамсыздандыру жүйелерінде, әлеуметтік салаларда және т.б.
И.П.Лапчик информатика пәнін оқытудың құрылымын ұсына отырып, пәнді оқушыларға жан-жақты меңгерту негізінде мұғалімдерден төмендегідей мәселелерді оқыту барысында жүзеге асыруды талап етті:
а) қазіргі талапқа сай информатика курсынан терең білімі бар жоғарғы дәрежелі маман болу;
ә) жаңа педагогикалық технологияны информатиканы оқытуға пайдалану. Бұл көрсетілген талаптар уақыттың өзгеруінен туындап отыр.
И.П.Лапчик жасаған тұжырымдаманың негізгі мақсаты – ол «ИЕТН» пәнін оқытудың тиімділігін арттыру үшін өз мамандығын терең білетін мұғалімдерді дайындау. Бұл өте орынды көтерілген мәселе. Ұсынылып отырған тұжырымдаманың басқа жоғарыда айтылған тұжырымдамалардан ерекшелігі де осында болып отыр.
Сонымен орта мектепте информатикадан үздіксіз білімберу мақсатында оны оқыту төменгі сатыларға түсірілді. 11-жылдық мектепте информатиканы оқытудың жаңа мақсатын жүзеге асыру үш кезеңде қамтиды:
* Бірінші кезең (І-VI) – препедевтикалық. Бұл кезеңде оқушылардың компьютермен алғаш танысады, ойын бағдарламаларын және қарапайым компьютерлік жаттықтырушыларды математика, физикада және т.б. сабақтарында қолдануда ақпараттық мәдениеттің алғашқы элементтері қалыптасады.
* Екінші кезең (VII-IX)- негізгі курс, информатикадан оқушылардың міндетті, жалпы білім берудің міндетті дайындықтарын қамтамасыз етеді. Ол оқушылардың есептерді шешудегі ақпараттық технологияның әдіс-тәсілдерін меңгеруге, кәсіптік, оқу әдістеріне компьютерді тәртіпті және саналы қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
* Үшінші кезең (X-XI)- оқушыларды информатика саласында қызығушылығына байланысты және кәсіптік дайындық бағыттары көлем бойынша кәсіптік сараланған оқыту ретінде білімнің жалғасуы.
Бақылау сұрақтары
А.А.Кузнецовтың тұжырымдамасы бойынша информатика пәнінің даму болашағы
неше кезеңге бөлінген?
И.П.Лапчик жасаған тұжырымдаманың негізгі мақсаты
Негізгі әдебиеттер: [1,2, 3, 4, 5, 6, 12, 14, 16]
Қосымша әдебиеттер: [22, 30, 32]
6-ДӘРІС.
Тақырыбы: Бастауыш мектептегі информатиканың кіріктіріліп
оқытылуы. Бастауыш мектепте информатиканың кіріктіріліп
оқытылудың қажеттілігі. Оның мақсаттары мен міндеттері.
Мақсаты: Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары мен оның элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытуды қарастыру.
Орта мектепте информатиканың жеке пән ретінде оқытылуы, көптеген педагогикалық ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының жандана түсуіне мүмкіндік береді. Информатиканың бүгінгі қоғамдағы алатын орнын, ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, ғылыми зерттеулердің ішінен С.Пейперт, Ж.Пиаже, Ю.Первин, Е.Коган, О.А.Красноперова, А. Витухновская мен А.Семенованың және отандық ғалымдарымыздан Е.Бидайбеков пен Ж.Қараевтың тұжырымдарымен Қ.Әбдиев, Ж.Сардарова және Г.Абдукаримованың зерттеу жұмыстары бастауыш мектептерде информатика элементтерін пайдаланудың теориялық негізі бола алады.
Алайда, бұл зерттелген жұмыстарда бастауыш мектепте информатика элементтерін оқыту негізінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру жөніндегі мәселелер жеткілікті дәрежеде зертелген жоқ.
Сондықтан, бастауыш мектеп оқушыларына информатиканың алғашқы түсініктері мен ұғымдарын беру, сонымен қатар басқа пәндерді оқып үйренуде пәнаралық байланысты жүзеге асыру арқылы қажет болатын біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыру және жастарды ақпараттық қоғамда қызмет етуге дайындауды осы кезеңнен бастау қажеттілігі маңызды болып отыр.
Мұндай келелі мәселелерді шешу, бастауыш мектепте информатика элементтерін оқыту негізінде пәнаралық байланысты жүзеге асыруды теориялық, психологиялық және педагогикалық жағынан негіздеуді қажет етеді. Бірақ, бүгінгі таңда информатика элементтерін пәнаралық баланыс негізінде бастауыш мектепте оқытудың қажеттілігі мен оны оқу үрдісінде жүргізуге тиімді оқу-әдістемелік құралдардын, оқыту бағдарламаларының жеткілікті дәрежеде болмауының арасында қарама-қайшылық бар. Осы қарама-қайшылықтан, бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытуды енгізу арқылы оқушыларда алғашқы білім, іскерлік, дағдыларды қалай қалыптастыруға және оның қандай теориялық, психологиялық-педагогикалық алғы шарттарын анықтауға болады? - деген зерттеу мәселесі туындайды.
Бүгінгі күні дидактикада оқыту әдістерін талдап, іріктеудің түрліше байқаулары өтіп жатыр. Оқыту әдістерін талдап ретке келтіру белгілі бір әдістерді жүйеге келтіру заңдылықтарын және ортақ сипаттамалары мен ерекшеліктерін ашуда үлкен маңызды рөль атқарады.
Бастауыш мектепте информатика элементтерін оқыту әдістеріне келер болсақ, төмендегі мәселелер туындайды:
- әрбір пәндер бойынша жүргізілетін оқу материалын оқушылардың санасына қалай жеткізу керек?
- балалар білімді, іскерлік пен дағдыларды игеруі үшін, олардың белсенді танымдылық қызметін қалай ояту керек?
- оқушылардың оқуға қызығушылығын тудырып, олардың білімді болуына қалай көмектесу керек?
- ынтасы бар мен ынтасы жоқ балаларды қалай оқыту керек?
Дәл бүгінгі күні ғылыми-техникалық үрдістің жоғары дәрежеде дамуы, оқытудың жаңаша, тиімді әдістерін іздестіруді талап етуде. Оқыту әдістері дегеніміз – бұл оқыту міндеттерін шешуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың біріккен іс- әрекеттерінің жүзеге асу тәсілдері. Оның негізгі атқаратын қызметі, білімдерді жай бере салу емес, мектеп оқушысының танымдық қабілеттерін қалыптастыру мен сабаққа деген ынтасын ояту болып табылады.
Оқыту әдістерінің құрылымы - бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытудың әдістемесіне қатысты анықталды. Әдістемені жаңарту барысында, оқыту құралдарының алатын орны ерекше. Ал, біздің оқыту әдістемемізге қолданылатын негізгі техникалық құрал – компьютерлік техника болып есептеледі.
Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға пайдалану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту әдістері мен формаларын жетілдіруде жақсы әсерін тигізді. Оның оқыту үрдісінде даралап және топтап оқыту тәсілдерінде, өздік танымдық зерттеу жұмыстарын жүргізуге, зор мүмкіндіктер жасайтындығы дәлелденді.
Бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытуды жүзеге асыру, оқушылардың информатика элементтерін оқып үйрену бойынша алған алғашқы білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және олардың сауат ашу, әліппе, ана тілі, қазақ тілі, математика мен бейнелеу өнері пәндерінен алған білімдерін нақтылап бекітуге мүмкіндіктер туғызды.
Информатика элементтерін пәнаралық байланыстар негізінде оқытуды орта мектептің жалпы білім беретін пәндеріне пайдалана отырып, оқушылардың екі жақты пәндерден алатын білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын жетілдіру бағытында дамытуға болады.
Информатиканы оқыту әдістемесінде математика мен информатика курстары арасында пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Информатика мен математика үшін жалпы ұғымдар: ақпараттар теориясы, шамалар, графиктер және функциялар болып табылады.
Пәнаралық байланыс жүзеге асыруда дидактиканың негізгі принциптеріне сүйену қажет. Оқыту үрдісінде өзге пәндермен пәнаралық байланысты негізге ала отырып, информатиканы оқыту әдістемесінде дидактикалық принциптер қарастырып отыру керек. Олар барлық пәндермен өзара тығыз байланысуда жалпыға бірдейлік қасиеті арқылы өз кезегінде жалпы дидактиканы өзінің негізгі категорияларымен байыта түседі.
Пәнаралық байланыстың әр алуандығын толық ашып зерттеу-бұл күрделі мәселе. Біздің міндетіміз: білім берудің негізін қалауда және оқу пәндерінің өзара байланысуының пегізгі бағытын белгілеп қоюдағы байланыстарды орнықтырудың үлкен мүмкіндіктерін көрсету.
Информатика пәнiн бастауыш сыныптан бастап оқытудың ғылыми-теориялық негiзi елімізде зерттелiп жатыр. Бастауыш бiлiм жүйесiнде информатика элементтерiн пәнаралық байланыс негiзiнде оқыту бағдарламасының жобасы жасалып, оны оқытудың әдiстемесi берiлсе, онда бастауыш сынып оқушыларының бiлiмi, iскерлiгi, дағдысы мен логикалық ойлау қабiлеттерi жоғары деңгейде дамып, оқу үрдісiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған.
Ақпараттық технологияның жеделдетiп дамуына байланысты информатиканың мазмұны үзiлiссiз өзгерiп отырады. Сондықтан информатиканың курсын оқыту үрдісiн төменгi сыныптан бастаған тиiмдi екендiгi ғылыми-теориялық және практикалық жағынан негiзделген болатын. Олай болса, болашақта бiлiм стандарттарының мазмұнына информатиканы 1 сыныптан бастап оқыту мазмұны енгiзiлуi қажет.
Қазіргі әлемнің ғылыми бейнесінің негізгі сипаттамасы қоғамдағы және табиғаттағы информациялық үрдістер мен факторлардың фундаментальды ролін мойындау болып табылады.
Информатика ЭЕМ-ның көмегімен информацияны іздеу, сақтау, жинақтау, тарату, өлшеу мен өңдеудің әдісі тәсілдері мен заңдылықтарын қарастыратын математикалық ғылым. Қазіргі информация ағымын адамзат тек ЭЕМ-нің көмегі арқылы ғана қабылдайды. ЭЕМ информацияны автоматты түрде жүзеге асырады. Сондықтан ЭЕМ-да программалау информатиканың негізгі ядросы болып табылады, ал қазіргі есептегіш техникалар – оның материалдық базасы.
«Ғылымның объектісі» және оның тақырыбы ұғымдарының айырмашылықтары туралы дәл түсінік кез келген ғылымның мағынасын ашу үшін өте маңызды. Объект дегеніміз зерттеушінің іс-әрекеті бағытталған шын өмірдегі бір облыс, ал тақырып оны зерттеу объектісімен байланыстыратын буын. Сондықтан «ғылымның тақырыбы» ұғымы «ғылымның объектісі» ұғымымен бірдей емес, ол танымның объективті және субъективті жақтарының диалектикалық бірлігін көрсетеді. Әр ғылымның өкілдері бір объектіні әр қырынан көреді, әртүрлі міндеттер тұрғысынан қарайды. Оқыту әдіскердің де, психолог және кибернетиктердің де зерттеу объектісі бола алады. Олардың әрқайсысы бұл объектіден өзіне тән нәрсені ғана ажыратады, зерттеу нәтижелерін өздерінше түсіндіреді. Басқаша айтқанда олардың әрқайсысы өз тақырыбы бойынша жұмыс істейді. Мамандардың бәрі бір сабаққа келіп, әрқайсысы өз ғылымы тұрғысынан талдайды. Дидакт мұғалімнің қандай жалпы принциптерді жүзеге асырғандығын ойлайды; әдіскер оқыту әдістері мен сабақ материалының осы пәнді мектепте оқытудың міндеттері сәйкес болуына назар аударады. Психологты ерекше қызықтыратыны оқушылардың сабақты ұғынуы, ұғынудың жалпы заңдылықтарының көрінуі, ал кибернетикке оқыту тура және кері байланысы бар басқару жүйесі болып көрінеді.
Мектеп информатикасы программалық қамтамасыз етуді зерттейтін сала ретінде анықталады. Мектеп информатикасын программалық қамтамасыз ету орта мектептің информациялық басқару және оқыту жүйелерін қамтиды, оның құрамында осы жүйелерді жобалауға арналған сериялық құралдар бар. Мектеп информатикасын оқу әдістемелік жағынан қамтамасыз ету үшін ол курс бойынша оқу программалары, әдістемелік құралдар, оқулықтар жасалуы қажет.
Мектеп информатикасының келесі бесінші саласы – оны психологиялық – педагогикалық қамтамасыз ету, ол өзінің маңыздылығына байланысты алғашқы болып қарастырылатын мәселеге жатады. Қазіргі ЭЕМ-нің мектептегі оқу тәрбие үрдісіне енгізілуі компьютерлендірудің барлық проблемасын шеше алмайтыны анық. ЖИТ – ны пайдалану жағдайында оқу үрдісін тиімді және өз мақсатына жете алатындай етіп ұйымдастыру үшін бірқатар педагогикалық, психологиялық проблемаларды шешу қажет. Осыған байланысты педагогиканың, психологияның және дидактиканың дәстүрлі қағидалары қосымша зерттеуді талап етеді. Бұл жерде оқытуды компьютерлендірудің екі түрлі негізгі бағыты бар екенін ескеру қажет, олар компьютер оқу объектісі және компьютер оқу құралы ретінде.
Информатиканы орта мектепте оқыту жөнінде қалыптасқан әртүрлі көзқарастар бар. Мектептегі информация курсының мазмұны мен әдістемелік ерекшеліктері мынадай:
Мектептегі «Информатика» курсының мазмұны «информация – алгоритм - ЭЕМ» деген үш іргелі ұғымға негізделеді. Ол бір жағынан пәннің информатика ғылымымен байланысын қамтамасыз етсе, екінші жағынан оқушылардың теориялық дайындық деңгейін меңгеруі үшін беріледі.
«Информатика» курсының маңызды ерекшелігі оның басқа пәндермен тығыз байланысы.
Информатиканы орта бiлiм беру жүйесiнде оқытудың мақсаттары:
оқушыларға ақпараттарды беру, өңдеу, сақтау, жеткiзу және оны қолдану үрдістерi туралы бiлiмдердi меңгерту, басқаша айтқанда, оқушыны ақпараттық бiлiммен қаруландыру;
оқушылардың оқу үрдісiнде компьютерлiк техниканы өзiндiк даму мен оны iске асыру құралы ретiнде, сонымен қатар, кәсiптiк қызметтерге пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
оқушының логикалық-құрылымдық және алгоритмдiк-шығармашылық ойлау қабiлеттерiн дамыту, ынта-ықыластары мен шығармашылық бейiмдiлiктерiн қалыптастыру.
Аталған мақсаттардан төмендегi мiндеттер анықталынады:
информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мазмұнын анықтау;
информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың оқу бағдарламасын жасақтау;
информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың әдiстемелiк жүйесiн жасақтау.
“Информатика” пәнi бойынша дайындалған стандарт бiлiм берудiң сәйкес сатысының базистiк оқу жоспарымен, бiлiм беру ұйымдарының типтiк оқу жоспарымен, оқу бағдарламаларымен кешендi түрде қолданылады.
“Информатика” оқу пәнiнiң базалық мазмұны (БМ) – оқу пәнiнiң мектепте мiндеттi түрде оқытылуы тиiс және үздiксiз бiлiм берудiң келесi сатылары мен деңгейлерiнде информатиканы оқуды жалғастыру үшiн жеткiлiктi болатын мазмұнының құрамы мен құрылымы.
“Информатика” оқу пәнi бойынша бiлiм берудiң негiзгi бағдарламасы (БНБ) – оқу пәнiнiң мазмұнын, яғни оқушыларда ғылыми дүниетанымдық негiздi қалыптастыруды, олардың ойлау қабiлетiн дамытуды, ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгертудi және оқушыларды өмiрге, еңбекке және бiлiмдерiн жалғастыруға даярлауды анықтайтын құжат. Оның мазмұны мемлекеттiк стандарт бойынша анықталады.
“Информатика” оқу пәнi бойынша бағдарлы бiлiм беру бағдарламасы (БББ) – “Информатика” оқу пәнiнiң мазмұнын анықтайтын, пәндi тереңдетiп, бағдарлы оқытуды қамтамасыз ететiн, оқушыларды кәсiби даярлау бағытына қарай көлемi мен мазмұны бойынша сараланған құжат. Оның мазмұны мемлекеттiк стандарт бойынша анықталады.
“Информатика” оқу пәнi бойынша қосымша бiлiм беру бағдарламасы (ҚББ) – мемлекеттiк стандарт мазмұнынан тыс, оқушылардың информатика пәнi бойынша бiлiмге деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған оқу курстарының мазмұнын анықтайтын құжат. Бұл бағдарлама факультативтiк немесе арнайы курстар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы ережелер:
Информатика пәнiн оқытудың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi төмендегiдей:
оқушылардың ғылыми дүниетанымдық негiзiн қалыптастыру;
оқушылардың ойлау қабiлетiн дамыту;
оқушыларға ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологияларды меңгерту;
оқушыларды өмiрге, еңбекке және бiлiмдерiн жалғастыруға даярлау;
информатика ғылымының негiзiн қалайтын үш ұғымның (зат, энергия және ақпарат) бiрi болып есептелiнетiн, қазiргi таңдағы әлем бейнесiн құрудың негiзiн құрайтын ақпарат ұғымын қалыптастыру;
қоршаған ортаны жаңа ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын қалыптастыратын ақпараттық үрдiстердi, табиғат, қоғам, техника аймақтарында қарастыру;
қоғам дамуында жаңа ақпараттық технологиялардың ролiн анықтау, қоғамның ақпараттық сатыға өту кезеңiнде адам еңбегiнiң мазмұны мен сипаттамасын өзгерту;
оқушылардың теориялық, шығармашылық ойлау қабiлеттерiн дамыту;
тиiмдi шешiмдер таңдай бiлуге бағытталған, оперативтi ойлау деп аталатын жаңаша ойлай бiлудi қалыптастыру;
ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар саласында бiлiм, бiлiк және дағдыларды қалыптастыру мен оларды дамыту;
оқушыларды ақпараттық бiрлiктермен қамтамасыз ететiн бiлiмдермен қаруландыру;
оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетiн қалыптастыру.
“Информатика” пәнiн зерттеу объектiлерi:
ақпарат;
ақпараттық ресурстар;
ақпараттық үрдiстер;
ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар.
“Информатика” пәнiнiң даму болашағы мына көрiнiстерге байланысты:
пәннiң жалпы бiлiмдiк, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, атап айтқанда:
оқушыларға формальдау, модельдеу және компьютерлiк тәжiрибе әдiстерiн меңгерту;
тиiмдi шешiмдердi таңдай бiлуге бағытталған оперативтi ойлау қабiлетiн дамыту.
информатиканың ғылыми пән ретiнде қалыптасуы, атап айтқанда, әлеуметтiк, экономикалық, құқықтық, биологиялық, қолданбалы информатика және т.б.
“Информатика” пәнiнiң даму бағыттары:
Теориялық информатика. Мұнда ақпараттың жалпы қасиеттерiн зерттеу, табиғаттағы және қоғамдағы ақпарат үрдiстерiнiң өзара қатынасы, сонымен қатар әр түрлi ақпараттық орталарда ақпараттық үрдiстердi жүзеге асырудың негiзгi заңдылықтарын зерттеу мәселелерi қарастырылады.
Ақпараттандыру құралдары. Мұнда дербес компьютерлердiң, микропроцесорлардың есептеу қызметiнiң мүмкiндiктерi және аймақтық желiлер арқылы ақпараттарды алмасу қызметтерi туралы мәселелер қарастырылады. Әр түрлi ақпараттарды сақтау, өңдеу және қолдану мүмкiндiктерiн одан әрi жетiлдiру бағытында ақпараттық технологиялардың даму мәселелерiн қарастырумен жалғасады.
Әлеуметтiк информатика. Мұнда информатика мен ақпараттық технологиялардың қазiргi қоғамдағы алатын орны, ақпарат пен және программалық өнiмдермен жұмыс жасаудың құқықтық, этикалық және моральдық нормалары, жеке тұлға мен қоғамның ақпараттық қауiпсiздiгi төңiрегiндегi мәселелер қарастырылады.
“Информатика” оқу пәнi бойынша оқушылардың мiндеттi дайындық деңгейiне қойылатын талаптар мектептiң әр түрлi сатысында берiлетiн оқу мазмұнына сәйкес берiлген. Сатылар негiзгi, жоғарғы (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық) деп қарастырылған. Аталған сатыларға сәйкес берiлген мазмұндық желiлер бойынша оқушының мiндетi дайындық деңгейiне қойылатын талаптар анықталған.
“Информатика” оқу пәнi бойынша оқу үрдісiн ұйымдастыру және оны жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптар мына бағыттарда қарастырылған: оқыту үрдісiн мамандармен қамтамасыз ету; оқыту үрдісiн оқу-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету; материалдық-техникамен базамен қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |