Қосымша әдебиеттер Естествознание и основы экологии. М., 2000.
Дубнищева Т.Я. Концепции современного естествознания. - Новосибирск, 1997.
21 Тақырып:Жер және әлем кеңістігі
Дәрістін жоспары: 1.Жалпы жертану пәнінің мазмұны, міндеті, мақсаты
2.Жер және әлем кеңістігі
3.Күн жүйесі планеталары
Дәрістің қысқаша мәтіні. 1.Жалпы жертану пәнінің мазмұны, міндеті, мақсаты Физика – географиялық ғылымдар (физикалық география) табиғатты зертейтін жаратылыс тану ғылымдарына жатады. Физикалық географияны зерттеу объектісі – Жердің комплексті қабығы, мұның өзі литосфераның, гидросфераның, атмосфераның, организмдердің жанасуы, өзара араласуы және өзара әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасып географиялық (ландшафтық) қабық деп аталады.
Біртұтас, ажыратылмас географиялық қабық бір тектес емес және оның құрылысы өте күрделі. Жердің барлық сыртқы қабықтарының ең тығыз контактіленген қабаты айрықша күрделілікпен ерекшеленеді. Мұны географиялық қабықтың компоненттері тау жыныстары және бұлардан пайда болған рельеф, су, ауа, топырақ, организмдер – оның әр түрлі учаскелерінің әркелкі дамуының нәтижесінде әр түрлі күрделілік пен әр түрлі масштабтағы ұштасуын қалыптастырады. Табиғат компоненттерінің мұндай тарихи қалыптасқан ұштасуын табиғат немесе физикалық – географиялық комплекстері деп атайды.
Географиялық қабық өзі ең ірі (планетарлық) табиғат комплексі бола отырып, көптеген салыстырмалы дербес, қарапайым және күрделі, ірі және ұсақ табиғат (физикалық-географиялық) комлпекстерінен тұрады.
Біртұтас географиялық қабықшада жер қыртысы, атмосфера, гидросфера мен биосфера бір-бірімен себеп-салдарлы байланыста дамиды. Негізгі ерекшеліктері:
заттар үш түрлі агрегаттық күйде болады;
планетаға тән барлық химиялық элементтердің кездесуі;
заттардың қозғалу формасының алуан түрлі болуы;
энергия қорының жер қойнауынан, ал басым мөлшерінің Космостан, соның ішінде Күн системасынан жиналуы;
тірі организмдердің болуы және олардан түсетін энергияның шоғырлануы;
зат пен энергия айналымының ерекшеліктеріне байланысты құрылымының күрделеніп отыруы.
Географиялық қабықты табиғат комплексі ретінде тұтас оның зат құрасының ең жалпы ерекшеліктерін, географиялық құрылымы мен дамуын – физикалық география (жалпы жер тану ғылымы) зерттейді. Көпшілік географтардың айтуынша географиялық қабықтың табиғат комплексін құрайтын учаскелерін және адам әрекеті арқылы өзгертілге, сол сияқты өзгертілмеген учаскелерін зерттеуімен шұғылданатын физикалық географияның – ландшафт тану саласы.
Жалпы жер тану және ландшафт тану өзара тығыз байланысты: олардың зерттейтіндері – табиғат комплексі;; сондықтан бұлар кейде “комплекстік физикалық география” (Арманд Д.Л., Григорьев А.А.) немесе жай жер тануға бірігіп кетеді.
Географиялық қабықтың компоненттерін зерттеумен жеке (компоненттік) физикалық-географиялық деп аталатын ғылымдар шұғылданады. Бұған геоморфология (рельеф туралы ғылым), климатология ( климат туралы ғылым), океанология (Мұхит туралы ғылым), құрылық гидрологиясы (құрылықтағы сулар туралы ғылым), топырақ тану (топырақ туралы ғылым), биогеография (биоценоздің бөлінісі мен ұштасуының заңдылықтары және бұларды құрайтын организмдер туралы ғылым) жатады.
Географиялық қабықтың қазіргі жағдайын, оны құрайтын барлық табиғат комплекстерді түсіну үшін олардың даму тарихын білу қажет. Мұнымен палеогеография шұғылданады.
Егер физикалық география жаратылыс ғылымы болса, экономикалық география қоғамдық ғылымғы жатады, өйткені бұл өндіріс құрылымы мен орналасуын, оның әр түрлі елдер мен аудандарда дамуының ерекшеліктерін және жағдайын зерттейді.
Қарта, оны жасау және пайдалану методтарын зерттейтін географиялық ғылымының өз алдына саласы картография пәнін құрастырады