Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жаратылыстану»


Жердің тығыздығы мен температурасы



бет112/203
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#86512
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   203
Байланысты:
ed04d2c0-d947-11e4-b960-f6d299da70eeУММ жаратылыстану

Жердің тығыздығы мен температурасы. Жердің тығыздығы тұңғыш рет 1774 ж. анықталған. Кейінірек орташа тығыздығы 5,5 г/см3 болып анықталған әлдеқайда нақтылы мәліметтер алынды. Жердің шөгінді жыныстарының тығыздығы аз —2,5 г/см3 болады, демек, Жердің ішіндегі тығыздық көбірек болуы керек. Жер орталығында ол 9—11 г/см3-ке дейін жетеді деп жорамал-дайды. Бұл мәліметтер жер сілкінуден пайда болған сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығын бақылау арқылы анықталуда. Толқындар жылдамдығының секіртпелі өзгерістері 60 км тереңдікте жер қабығының қабық асты затпен немесе мантиямен (аралық қабат) шектесетіндігін, ал 2900 км тереңдіктегі қабық ,асты затынан кейін ядро қабығы болатындығын көрсетті. Одан әрі 5120 км тереңдікте ядро орналасқан.
Жердің бетінен орталығына қарай кысым, тығыздық және температура арта түседі.
Температурасы тұрақты Жер қабаттары климат пен тау жыныстарының өзгешеліктеріне байланысты әр түрлі тереңдіктерде жатады. Бұл қабаттың температурасы сол жердің жылдық орта температурасына тең болады. Тұрақты температура қабатынан әрбір 33 м тереңдікке төмендеген сайын Жер температурасы орта есеппен 1°-қа артып отырады. Геотермиялық саты, яғни температураның 1°-қа артуы жүзеге асатын қашықтық рельефке, вулкан ордасының жақын орналасуына, су қоймасы мен ыза суларының болуына байланысты 1-ден 200 ж-ге дейін ауытқиды. Тереңдеген сайын температураның артуы баяулап, кейінірек мүлде тоқтайды. Жердің ішкі максимальды температурасы 2000—-3000° болады деген жорамал бар.
Ғалымдар Жердің ішкі жылуының қайнар көзі радиоактивтік ыдырау болар деп жорамалдайды. Жер ішінде жылудың енуі жылулық бөлінуін жоюдан артық болғандықтан да жылудың жинақталуы пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет