Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жаратылыстану»



бет113/203
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#86512
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   203
Байланысты:
ed04d2c0-d947-11e4-b960-f6d299da70eeУММ жаратылыстану

Жер магнетизмі. Жер магнит өрісін географиялық полюстерге сай келмейтін екі магниттік полюстері бар біркелкі магниттелген өрісті шар деп қарауға болады. Магниттік және географиялық меридиандар бағыттарының аралықтарындағы бұрыш магниттік бұрылу деп аталады. Магниттік бұрылу картасы теңіз саяхатшылары мен геодезистерге дәл бағытты анықтау үшін қажет. Компас тілінің магниттік полюс бағытынан ауытқуын магниттік аномалия деп атайды. Мысалы, Кривой Рог, Курск аймақтарында магниттік аномалия байқалады.
3. Жердің қозғалуы.Градус торы.
Жердің тәуліктік айналуы. Адамдар өте ерте замандарда аспан сферасының қозғалатын сияқты болып көрінетінін шындыққа балаған. XVII ғасырдан бастап, Галилейдің ашқан жаңалықтарының арқасында жұрт, Жерді айналып жүрген күн, планеталар мен жұлдыздар емес, қайта Жер батыстан шығысқа қарай өз осінен айналып, 24 сағатта бір рет айналым жасайтындығын білді. Күннің түнге алмасу себебі жердің осы тәулігіне бір айналым жасайтынынан.
Градус торы. Жердің тәуліктік айналуы нәтижесінде жер бетіндегі барлық нүктелер шеңбер сызып шығады. Ен, кіші шеңберді полюстерде орналасқан нүктелер сызады. Екі полюстен де бірдей қашықтықта орналасқан нүктелердің сызған шеңбері барлығынан да үлкен болады. Бұл шеңбер экватор деп аталады. Экватор жазықтығы жер осіне перпендикуляр болғандықтан Жерді екі жарты шарларға — оңтүстікке және солтүстікке бөледі. Жер шарын қиып ететін экваторға параллель жазықтықтар жер бетін де қиып өтіп, параллельдері деп аталатын шеңберлер түзеді. Олардың ұзындығы экватор ұзарған сайын кеми береді, есептеу экватордан полюстерге қарай (0°-тан 90°-қа дейін) жүргізіледі.
Жер осі арқылы ететін және жер шарын параллель жазықтарға перпендикуляр қиып өтетін жазықтар меридиан жазықтықтар деп аталады. Олар меридиандар шеңберлерін түзеді. Меридиан жазықтықтарының жер бетімен қиылысуынан пайда болған шеңберлер де осылай аталады. Меридианның қазақ тіліндегі мәні — тал түс. Меридианның жер бетінің кез келген нүктесінен тараған бағыты тал түстегі көлеңке бағытына тура келеді. Меридиандар есебі батысқа және шығысқа қарай басталатын Гринвич немесе бастапқы меридианнан жүргізуге келісілген. Шығыс пен батыс жарты шарларының шегі б. б.-ның 20°-тық жә-не ш. б.-ның 160°-тық меридианалары болып табылады.
Парлллельдер арқылы жер бетінің кез келген нүктелерінің географиялық ендігін анықтауға болады. Глобустағы және картадағы ендік экватормен белгілі орын арасындағы қашықтықты градуспен кескіндеу арқылы өлшенеді. Солтүстік және оңтүстік ендіктері болады.
Бастапқы меридиан жазықтығы мен берілген нүкте меридианы жазықтығының арасындағы бұрыштық қашықтық геогрфиялық бойлық деп аталады. Глобустағы және картадағы географиялық бойлық нүктесі бастапқы меридианнан осы нүктеге дейінгі қашықтыкты градуспен кескіндеу арқылы өлшенеді. Бойлықтар градустары бастапқы меридианнан шығыс пен батысқа қарай 180°-қа дейін есептеледі. Шығыс және батыс бойлықтары болады. Бойлық пен ендік арқылы жер бетіндегі кез келген нүктенің орнын, сондай-ақ градуспен кескінделген екі нүктелер арасындағы қашықтықты табуға болады. Экватор градусының, кез келген меридиан мен әрбір параллельдің ұзынды-ғын білсей, онда олардың градустармен кескінделген қашықтықтарын километрлерге айналдыра аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет