Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жаратылыстану»


Жердің физикалық қасиеттері



бет111/203
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#86512
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   203
Байланысты:
ed04d2c0-d947-11e4-b960-f6d299da70eeУММ жаратылыстану

2. Жердің физикалық қасиеттері
Жердің нағыз беті, оның ауысып отыратын ұшы – қиыры жоқ және сан алуан қыраттары мен ойпаттары жер бетін тегіс деп айтуға мүмкіндік бермейді. Жердің формасы туралы түсінік алу үшін жердің шын беті емес тек теориялық бетті зерттейді.
Ғылыми және практикалық мақсатта өте жиі Жер сфероидты түсінігі қолданылады (грекше sphaira - шар, eidos – түр), ол полюстерге қарай созыңқы, бірақ шарға жақын геометриялық фигура. Сфероид эллипсоид айналуына сәйкес те біркелкі тепе – тендіктігі сұйық массалы фигура. Оның барлық заттары бір – біріне тартылыс күшіне байланысты тартылады және өзгермейтін білік айналасында тұрақты бұрыштық жылдамдықпен айналады. Жер біртекті сұйық масса болмаса да Жер сфероидының эллипсоидтық айналудан айырмашылығы аз. Сфероид пен эллипсоидтық айналуының ең жоғарғы ауытқуы 45 ендікте - 3-4 м. Барлық геодезиялыө есептеулер эллипсоид бетінде жүргізіледі.
Жердің полярлық сығылуы XVII ғасырда белгілі болды. 1672 жылы Парижден Каеннаға сағатпен қозғалғанда оның маятнигінің экватор маңында тәулігіне 2 мин 28 секундқа қалып отыратыны анықталды. Сондықтан сағаттың маятнигін 2,8 мм-ге қысқартуға тура келді. Ньютон мен Гюйгенс бұл құбылысты полюстен экваторға қарай ауырлық күшінің азаюымен түсіндірді. Мұндағы жаналық: дұрыс есептеулер нәтижесінде қоныржай ендіктерден экваторға қарай ауысқанда салмақ күшінің жылдамдығы сол бағыттағы орталықтан тебетін күштің көбеюінен едәуір тез кемитіндігін көрсетті.
Ньютон мен Гюйгенс жер полюстерінің қысылынқы және экватордың дөнес болуы мүмкіндігін айтты, демек жер шар емес, сфероид, яғни эллипстің кіші білігінде (осінде) айналуынан шыққан дене (сфероид сүреті).
Сфероидта меридиандар дөнгелек шеңбер емес - эллипс, ал полярлық және экваторлық радиустардың ұзындығы әртүрлі.
Алғаш рет жердің полярлық сығылуын француз математигі А. Клеро есептеп шығарды:
Формула: =

мұнда,  -полярлық сығылу; а және в – экваторлық және полярлық радиус; - планетаның өз осімен бұрыштық айналу жылдамдығы;
c және p экватор мен полюсте аурлық күшінің үдеуі.
Сфероидтың үлкен жарты осін (экваторлық радиус) а арқылы, ал кішісін в арқылы белгілейміз, қатынасы жер сфероидының қысылуы деп аталады. Қысылудың шамасын қателеспей дәл табу градустық өлшеулердің қатесіз болуына байланысты. Сондықтан а-ның шамасы авторларда әртүрле, бірақ айырмашылықтары шамалы. 1924 жылы Мадридте болған халықаралық съезд жер сфероидының элементі үшін бәрінен дәлірек деп төмендегі көрсеткіштерді ұсынады;
а= 6378388м.
в= 6356911м.
а-в = 21477 м.
а= 1\297:
Кейінен 1940 жылы совет ғылымы астроном және геодезист Н.Ф. Красовский эллипсоидтың негізгі элементерінің размерін анықтады. Сондықтан 1946 жылы геодезиялық және картографиялық жұмыстарда жаңа эллипсоидқа көшу туралы үш осі барлығын еске ала отырып есептеп шығарылды, оны Красовскийдің эллипсоиды дейді. Мұнда;
Экваторлыө радиус - 6378245 м.
Полярлық радиус - 6356 863 м.
Полярлық сығылу – (а-в\а) - 1 : 298,3

Экваторлық және полярлық радиус арасындағы айырмашылық 21382 м. Қысылу соншалықты аз болғандықтан жер сфероидының дұрыс шардан айырмашылығы жоқ.
Жердің формасының шар тәрізді болуымен географиялық қабық шеңберінде өтетін аса маңызды физгеографиялық процестер байланысты:

  1. Мөлдір емес шардың барлық жағы жарық көзінен бірдей жарық алуы мүмкін емес: оның сәуле түсетін және түспейтін жақтары болады. Сондықтан – күн мен түн – бұл жердің шар тәрізді болуының нәтижесі. Жердің күн сәулесі түсіп тұратын жағы мен қарама – қарсы жағының жылу балансында айырмашылық едәуір. Сөйтіп жер бетіндегі барлық физгеографиялық процестерге: атмосфера температурасына, қысымға, су буына, өсімдіктердің вегетациялық, физиологиялық функцияларына әсер ететіні анық.

  2. Жер формасының шар тәрізді болуынан туындайтын құбылыс – ендік бойынша күн сәулесінің құлау бұрышына байланысты оның энергиясының әртүрлі таралуы. Күннің жерге жететін сәулесінің барлығын параллель деп есептеуге болады. Егер де сәуле жалпақ бетке түссе, онда беттің қалай бағдарланғанына қарамастан оған түсетін сәуле барлық жерде бірдей бұрыш жасайды )жазық бетке түсетін сәулесі барлық жерде бірдей бұрыш жасап түседі. 6 \Сүрет)

Бірақ, шындығында күн сәулесі дөнес, шар тәрізді бетке түсетіндіктен, күн сәулесі бір уақытта әртүрлі бұрыш жасап түседі. (сурет) Сондықтан да жердің кез – келген бөлігі күн сәулесінен біркелкі жылынбайды. Жылу біркелкі таралмағандықтан тура немесе жанамалы түрде басқа да климаттық элементтерге әсер етеді.
Демек, жердің формасы климат құрушы негізгі фактор, яғни жер бетіндегі барлық экзогендік процестердің активтілігі жылу жнергиясының мөлшеріне тікелей байланысты.
Сонымен, Жер формасынынң шар тәрізді болуы мен Күн сәулесінің ендік бойынша беркелкі таралмауы жер бетіндегі физгеографиялық процестердің зоналығының негізгі болып табылады. Зоналық ерекшелік тек жекелеген компоненттер мен табиғи комплекстерде ғана емес, физгеографиялық процестер мен құбылыстардан де анықтайды.
Жер көлемінің де географиялық фактор ретінде маңызы зор. Жердің көлемі оны құрайтын заттардың тығыздығы мен жер шары массасының шамасын, демек гравитациялық жнергияның кернеуін де анықтайды.
Жер массасы (5, 975х1021) ең алдымен планетада атмосфераның бар жоқтығын анықтайды. Тартылыс күшіне байланытсы жер өзінің айналасындағы атмосфераның газ құрамына әсер етіп оның космос кеңістігіне ұшып кетпеуінен сақтайды. Жердің тартылыс күші атмосфераның жоғарғы қабатында мардымсыз болғандықтан гелий мен сутек космос кеңістігіне онай ұшып кетеді. Сондықтан да Күн мен алып паленталардың массасының төраттен бір бөлігін гелий құрайды, ал Жер атмосферасында жоқпен тең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет