Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жаратылыстану»



бет108/203
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#86512
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   203
Байланысты:
ed04d2c0-d947-11e4-b960-f6d299da70eeУММ жаратылыстану

Ай -Жер серігі. Ай диаметрі Жер диаметрінің 0,027-сіне тең, ал массасы жердікінен 82 есе кіші. Айдың орташа тығыздығы да жердікінен кіші (3,3 г/смг). Ай өз осінің айналысында 271/3 жер тәулігінде айналып, осы мерзімде Жер төңірегінде де айналма жол салып өтеді, сондықтан да «ай жылы» оның тәулігіне тең. Жерге Айдың үнемі бір жағы қарап тұрады. Айға әдейі ба-ғытталған советтік космос станциясы көмегімен 1959 ж. октябрьде Айдың көрінбейтін жағы тұңғыш рет суретке түсірілді.
1965 ж. бұрынғыдан анағұрлым жетілдірілген ғылыми станция «Зонд-3» аппаратурасының көмегімен айдың көрінбейтін жағы қайтадан суретке түсірілді, Айдың жаңа түсірілген суреттері Ай бетінің көрінетін жағына қарағанда көрінбейтін жағында «теңіздердің» әлдеқайда аз деген 1959 ж.
алынған мәліметтердің дұрыстығын дәлелдеп берді. Соңғы мәліметтерге қарағанда Айдың үстіңгі беті вулкандық процестер негізінде түзілген болар деп ойлауға болады. Қазіргі, кезде Айдың үстіңгі бетінің түзілуін бес типке ажыратады:
1) «теңіздер» —күңгірт үлкен аймақтар;
2) сақиналы таулар—цирктер немесе ай кратерлері;
3) тау тізбектері;
4) жарықтар;
5) жылылық шығару жүйелері. Цирктер немесе кратерлер Айдың үстіңгі бетінің негізгі ерекшеліктері болып табылады.Олардың жер кратерлерінен айырмашылығы: мөлшерлері үлкен болып келеді. Олардың кейбіреулерінің (Птолемей циркі) диаметрі 185 км-ге жетеді. Айдағы таулар жердегіден биік, Айдың оңтүстік полюсіне таяу асқарларының бірінің биіктігі шамамен 9 км. Ай бетіндегі сызат-жарықтар жіңішке де терең келеді, олар жүздеген километрге дейін созылып жатады.
1966 ж. 31 январьда Айға ұшырылған советтік автоматтық станциясы 3 февральда Айға жетіп, ай бетіндегі Дауыл Мұхиты аймағына жайлап қонды.
«Луна-9» станциясынан берілген телевизиялық кескін өте сирек табыс және ғалымдардың пікірінше Ай бетінің құрылысы мен ерекшелігін анықтау үшін ғылыми бағалылығы айрықша болып саналады.
Айда атмосфера да, су да жоқ, сондықтан жердегідей онда өсімдіктерде де, жануарлар да тіршілік ете алмайды. Ай аспаны үнемі қап-қара, одан жұлдыздар түндегідей күндіз де жақсы көрініп тұрады. Атмосфера болмағандықтан, онда жайма-шуақ күндізгі жылылық та болмайды. Ондағы көлеңкелер өте айқын.
Айдың Күн мен Жерге қатысты орналасуына байланысты Ай фазалары ажыратылады. Жаңа ай кезінде Ай Күн мен Жердің аралығында болады. Ол Жерге Күн сәулесі түспеген жағымен қарайды, сондықтан Жерден қарағанда көрінбейді.
Одан кейін «жаңа» айдың күн сәулесі түскен орағы пайда бола бастайды. Ол біртіндеп ұлғая келе жаңа айдан кейінгі 7-ші күні аспаннан жарты шеңбер болып көрінеді. 14—15-ші күндері Айдың Жерге қараған бетіне Күн сәулесі толық түседі — мұны толған ай дейді. Толық ай -соңынан Күн сәулесінің Ай бетіне түсуі кеми береді. Толық айдан кейінгі 7-ші күні — соңғы тоқсанда Ай түн ортасынан кейін ғана жарты шеңбер тәрізденіп туады, оның Күн сәулесі түскен бөлігі тек екінші жағына қарап орналасады. Толықсыған Ай жарығы күн жарығынан 450 мың есе әлсіз болады.
Метеор денелер темірден немесе силикаттардан құрылады. Олар Жерге планета аралық кеңістіктен құлап түседі. Бұлар кішкене планеталар — астероидтардың сынықтары. Әдетте метеор денелер жер атмосферасына тап болғанда бұрынғы жылдамдығынан айырылады да, кейде ұсақ бөлшектерге ыдырап кетіп, метеоритті жаңбыр түзеді.
1947 ж. Қиыр Шығыстағы Сихотэ-Алинь ауданына ірі метеоритті жаңбыр жауды. Жаңбыр болған жерден диаметрі 26 м 24 кратер және диаметрі 9 метрден кішілеу 176 шұңқырлар табылған. Жерге 3—4 км/сек жылдамдықтағы ірі метеорит құлап түскенде, өте күшті қопарылыс болады. Мысалы, 1908 ж. құлап түскен Тунгус метеоритінің қопарылысынан орасан зор аумақтағы ағаштар түгел оталып кеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет