Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жаратылыстану»



бет116/203
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#86512
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   203
Байланысты:
ed04d2c0-d947-11e4-b960-f6d299da70eeУММ жаратылыстану

Жердің жылдық айналуы. Жер Күнді бір жылда бір айналып өтеді. Күн шуақ немесе тропиктік жыл 365 тәулік 5 сағат 48 минут 46 секундқа тен,. Қолайлы болу үшін үш жылды 365 тәулікпен, ал төртінші жылды 366 тәулікпен есептейді. Бұл жылды толық жыл (високос) деп атайды.
Жер Күнді 30 км/сек жылдамдықпен айналады. Фокустарының бірінде Күн болатын Жердің айналу жолы немесе орбита эллипс пішінді болып келеді.Орбита ұзындығы жер экваторынан 23 мың есе артық.
Жыл мезгілдерінің алмасуы жер осінің орбита жазықтығына 66,5 градустық көлбеулікпен бұрыш жасауынан туады және бұл көлбеулікпен әрқашанда өзгеріссіз қалады: жер осі орбитаны бойлай өзіне өзі параллель қозғалады, Темірқазық жұлдызының әрқашан зенитте болуы да содан.
Жер осінің көлбеулігінен күн мен түн қөз ара тең болмайды. Жазғы күн тоқырауы — 22 июнь күні жарық пен көлеңке шегі Жер үстінен оңтүстікке қарағанда солтүстік жарты шарға жарықты мол түсіре өтетін болғандықтан, Күн сәулесі солтүстік тропикке тіп-тіке түседі. 22 июнь күні солтүстік жарты шарда күннің ұзақтығы түннен ұзағырақ, ал бұл уақытта Солтүстік поляр шеңберінде Күн көкжиекке батпағандықтан поляр күні болады. Солтүстік жарты шарға жылу мол түседі. Солтүстік жарты шарда жаз басталғанда. оңтүстікте қыс болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет