Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жаратылыстану»


Жергілікті және белдеулік уақыт



бет115/203
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#86512
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   203
Байланысты:
ed04d2c0-d947-11e4-b960-f6d299da70eeУММ жаратылыстану

4.Жергілікті және белдеулік уақыт.
Уақыт. Жердің осімен айналу периоды – тәулік – уақыт өлшеудің табиғи бірлігі. Біз жердің осімен айналуын сезбейміз, бірақ аспан күмбезінің бізге көрінетін қозғалысы бойынша біз оны бақылай аламыз. Сондықтан да күн тәулігін қандайа да болмасын жұлдыздың (жұлдыз тәулігі), немесе Күннің (нақты күндік тәулік) екі кульминациялары арасындағы орташа уақытпен өлшеуге болады. Нақты күндік тәуліктердің ауысу жылдамдығы біркелкі еместігін еске түсірініз) және ол дәл уақытты өлшеуге жарамсыз. Практика мақсаты үшін орташа күндік тәуліктері қолданылады. Орташа күн уақыты – ойша алынған нүкте орташа Күнмен өлшенеді, ол біркелкі ауысып, яғни жыл ішінде толық айналып жасайтын периодты нақты Күнді белгілейтін нүкте. Орташа күндік тәулік – орташа күн уақытының 24 сағаты. Тәуліктің бастамасы болып орташа Күннің төменгі кульминация моменті, яғни түн ортасы алынады.
Тәулік барлық меридианда бір уақытта басталады. Әрбір меридианның өзіндік жергілікті уақыты бар, ол шығысқа қарай орналасқан сайын, онда соғұрлым жаңа тәулік ерте басталады. Жер айналасында әрбір сағат сайын 15 градусқа бұрылады; сондықтан бір-бірінен 15 градус қалып қойған меридиандарда жергілікті уақыт 1 сағат айырма жасайды. Егер меридиандардың аралық қашықтығы 1 градус болса, уақыт айырмашылығы 4 минут болады.
Дүние жүзілік уақыт ретінде бастапқы меридиан (гринвичтік) уақыты алынған. Жергілікті уақытты дүние жүзілікке болмаса керісінше келтіру үшін нүктенің бастапқы меридианнан бұрыштық қашықтығын - оның бойлығын – білу керек. Дүние жүзілік уақыт астрономияда пайдаланылады, ал ол нақты өмірде қоданылмайды.
Жергілікті уақыт көршілес пункттердің уақыттарының әр түрлі болуынан қолайсыздық туғызады. Сондықтан да XIX ғ. өзінде бүкіл Жер бетін әрқайсысы 15 градус есебімен 24 сағаттық белдеуге бөліп белдеулік уақыт жүзеге асырылды. Белдеулік уақыт сол белдеудегі орта меридиан бойынша есептелінеді. Белдеу шекарасынан асқан кезде уақыт 1 с. өзгереді.
Бастапқы немесе нольдік белдеуде гринвич меридианы уақыты болады, ол белдеуді қақ ортасынан бөледі. Бірінші белдеудің уақыты бастапқысының уақытынан 1 с., екінші 2 с. және сол сияқты айырмашылық болып отырады.
Белдеудердің шекаралары меридиандар бойынша емес, саяси, шаруашылық және басқа да шекаралар (сағаттық белдеулер картасын қараныз) бойынша жүргізілді.
Жергілікті уақытты белдеулік уақытқа және керісінше аудару үшін мынадай формула жасалды:

белдеулік уақыт (Тп) = жергілікті орташа уақыт (m) + белдеу нөмірі (n) – сағаттық өлшемде берілген географиялық бойлық () белдеулік уақыт – дүние жүзілікке + бөлдеу нөмірі.
ТМД елдер территориясында тәулік ішінде электр қуатын бірқалыпты жұмсау және кешкі сағаттарда электр станциялардың артық жұмыс істеуін болдырмау мақсатында 1930 ж. Үкімет декретімен сағат тілі бір сағат алға жылжытылды. Сол себепті ТМД елдер территориясының бүкіл сағаттық белдеулерінде белдеудің шығыстағы келесі уақыты бір сағат алда жүреді. Бұл декрет уақыты болып саналады.
Егер батыстан шығысқа ауысқан жағдайда, әрбір сағат белдеуінде сағатты жергілікті (белдеулік) уақыт бойынша, яғни олардың стрелкасын бір сағат алға жылжытатын болса, жер шарын айналған саяхаттың аяғында ол 24 сағатқа алға жылжытқан болып есептелінеді, сөйтіп артық тәулік “пайда” болады. Шығыстан батысқа ауысқан жағдайда сағат тілін кейін жылжыту керек, сонда саяхат аяғында бір тәулік есебі дұрыс болуы үшін шартты сызық – даталардың ауысу сызығы белгіленеді, моряктар мен ұшқыштар оны басып өткенде бір тәулікті шығыстан батысқа, бағытына қарай бір санды екі рет санайтын болады.
Күнге қараған меридианда тал түс болғанда, қарама-қарсы жағындағы меридианда түн ортасы болады. Әрбір меридианның өзіне тән жергілікті уақыты бар. Жергілікті уақытты пайдалану қолайсыз, өйткені олай еткен күнде шығысқа немесе батысқа қарай сапар шеккенде сағат тілін не алға, не артқа қарай үнемі жылжытып отыруға тура келер еді. Осындай қолайсыздықтың болмауы үшін халықаралық белдеулік уақыт қабылданған. Жер шары 24 белдеуге бөлінеді. Әр белдеуде осы белдеудің орташа меридианыньщ жергілікті уақытына тура келетін бір уақыт болады.
Белдеулік уақыт орта меридиан белдеуінде орналаскан пункттердің жергілікті уақытына сай келеді де, белдеудің басқа пункттерінін, барлығында жергілікті уақыттан не алда, не артта болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет