Дәрістің қысқаша мәтіні. 1.Жер мен космостың өз ара әрекеттестігі Жер, космостың бір бөлігі болғандықтан, оған ол алуан түрлі әсер етіп отырады. Олардың ең бастылары мыналар:
1. Ай меп Күннің тарту күштернің әсерінен Жер үстінде, Дүние жүзілік мұхитта, атмосферада жәпе жер қабығында көтерілулер мен қайтулар пайда болады.
2. Жер Күннен жер бетіндегі жылу қоры ретінде пайдаланылатын, сондай-ақ құрылықта, мұхитта, атмосферада және организмдерде болып жататын процестердің негізгі қозғаушы күші болып табылатын жылу энергиясын алады.
3. Жер массасы жерге құлап түсетін метеориттер есебінен үздіксіз артып отырады. Сонымен бірге жер атмосферасының жоғарғы қабаттарынан газ бөлшектері бөлініп шығып, планета аралық кеңістікке сіңіп кетеді.
4. Күннен Жерге зарядталған бөлшектер ағыны құйылады. Әлем дүниесі түңғиығынан жер атмосферасының жоғарғы қабаттарына көзге керінбейтін космостық сәулелер — әр түрлі химиялық элементтердің (ең алдымен сутек атомының ядросы) атомдары ядроларының түйдегі енеді.
Жер үстіндегі кейбір құбылыстар — поляр шұғыласы, магниттік дауылдар, ауаның иондануы, атмосферадағы кейбір газдардың молекулалық күйден атомдық күйге көшуі, т. б. космос бөлшектері мен сәулелерінің жер атмосферасына қаулап енуінің әсерінен пайда болады.
5. Жер әлем тартылыс күшімен аспан денелеріне әсер етеді және өзі күн жүйесіне, Галактика мен метагалактика жүйесіне енетін басқа аспан денелерінің әсеріне душар болады.