Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жаратылыстану»



бет107/203
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#86512
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   203
Байланысты:
ed04d2c0-d947-11e4-b960-f6d299da70eeУММ жаратылыстану

Планеталар — Күнді эллипс тәрізді орбита бойымен айналып жүретін шар тәріздес тығыз денелер. Олар күн жарығына шағылысып қана жарқырайды.
Күн системасына тоғыз ірі планеталар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон және күшті телескоп арқылы бақылауға болатын 1 600-ден астам кіші планеталар енеді. Кіші планеталардың көпшілігінің орбиталары Марс пен Юпитер орбиталарының аралығында жатады
Физикалық қасиеттері жағынан Жерге ең ұқсас планеталар Марс пен Шолпан.
Марс. Марстың кесе-көлденең ені Жерден екі есе кіші. Оның үстіңгі беті өте көп кратерлерге толы. Марс Жерден мөлшері, орташа тығыздығы, жыл маусымдарының екі есе ұзақ болуымен ерекшеленсе де, Жерге ұқсастығы да бар: Марстың айналу осінің көлбеулігі Жердікіндей дерлік; тәулік ұзақтығы 24 сағат 37 минут 22 секундқа тең. Марс массасы Жер массасынан тоғыз еседей кіші болғандықтан оның атмосферасы өте сирек. Марс ат-мосферасының тығыздығы Жер атмосферасының 1-—2%-дей. Марстың Жерден атмосфера құрамы жағынан да айырмашылығы бар: Марс атмосферасында оттегі аз, оның негізгі құрамы — көмір қышқыл газ бен азот. Атмосфераның өте сирек болуы Жерде бар тіршілік формаларының көпшілігінің Марста өмір сүруіне мүмкіндік бермейді. Марстың қысқы үскірік аязы мен біршама жазы жылы жердегі тундра климатының жағдайларын еске түсіреді.
Марс полюстеріндегі ашық ақ дақтар — поляр қалпақтары — ғалымдардың пайымдауынша қар мен тұманның жұқа қабаттарынан тұрады. Қызыл-сары түсті дақтардың мөлшері де, орналасқан орны да ауытқымайды — онда шөлдер орналасқан болар деп жорамалдайды. Марс аспаннан жай көзбен қарағанда қызғылттау түсті жарқыраған жұлдыз болып көрінеді.


Шолпан. Шолпан планетасының да Марс сияқты Жерге ұксастығы көп. Оның көлемі Жер көлеміндей, ал орташа тығыздығы жердің тығыздығына жуық. Тәулік ұзақтығы әлі дәл анықталған жоқ. Жарқыл күші жөнінен Шолпан Күн мен Айдан кейінгі үшінші орында. Ол аспанға Күн бата немесе Күн шығар алдында пайда болады, сондықтан оны кешкілікті немесе таң жұлдызы деп атайды. Шолпан атмосферасы тығыз (Шолпанның газды қабығын тұңғыш ашқан М. В. Ломоносов); ол үнемі . бұлтпен қоршалып жатқандықтан, оның үстіңгі беті бақылаудан көлегейленіп тұрады.
Планеталардың көпшілігінің серіктері бар. Мысалы, Марста екі, Юпитерде — он екі, Сатурнда—тоғыз, Уран-да —бес, Нептунда екі серік бар, Меркурийдің, Шолпанның және Плутонның серіктері жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет