Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жаратылыстану»


ҚР-ның табиғатта қорғау туралы заңдары



бет170/203
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#86512
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   203
Байланысты:
ed04d2c0-d947-11e4-b960-f6d299da70eeУММ жаратылыстану

2.ҚР-ның табиғатта қорғау туралы заңдары
Еліміз егемендік алған күннен бастап-ақ республикамызда табиғат қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп келеді. Әсіресе, ерекше қорғалатын аумақтардың жер көлемін кеңейту және ондай аумақтарда табиғат байлықтарын корғау, сақтап қалу жэне көркейту шараларын мейлінше кеңінен жүргізуді насихаттау жұмыстары қалың бұқара қауым арасында жан-жақты жүргізіліп келеді.
Әрбір азаматтың бойында туған жерінің, атамекенінің және өз Отанының табиғат байлықтарын аялау сезімін, оған деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Мектепте оқылатын барлық пәндерді экологияландыру мәселесіне ұстаздар мен ғалымдар да үлкен үлес қосып келеді. Бастауыш сыныптарда оқылатын дүниетану, жоғары сыныптардағы география, биология, химия жәнс т.б. пәндерде табиғат қорғауға қатысы бар арнайы тараулар енгізілген. Сонымен қатар, соңғы жылдары еліміздің кейбір мектептерінде экология пәні жеке пән ретінде оқыла бастауы да ұстаздар тарапынан үлкен қолдауға сүйеніп отыр.
Отанымыздың әрбір саналы азаматы өз еліміздегі ерекше қорғауға алынған табиғи аумақтар жайлы мәліметтермен кеңінен таныс болуы үшін жэне ондай табиғаты тамаша аймақтарды көзінің қарашығындай аялауы үшін мектеп қабырғасынан бастап-ақ ондай аумақтардың қандай өңірлерде орналасқанын және ондағы қорғалатын табиғат байлықтарын білуі міндетті.
Елімізде "Ерекше қорғалатын аймақтар туралы" Заң 1997 жылы 6-тамызда қабылданған. Онда ерекше қорғалатын аумақтарға республикамыздағы арнайы бөлініп алынған жер алқаптары, су айдындары, ормандар және жер қойнауы ерекше ережеге сай құқықтық түрғыдан да және шаруашылық тұрғыдан да қатаң тәртіппен қорғалып, табиғатты сақтап қалу үшін, әрі қалпына келтіру үшін бөлінеді деп атап көрсетілген.
Қазіргі кезде республикамызда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына мынадай табиғат байлықтары жатады.
1. Мемлекеттік табиғи қорықтар. Оған бұрынғы қорықтардың негізінде ұйымдастырылатын биосфералық қорықтар да жатады.
2. Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар.
3. Мемлекеттік табиғи саябақтар. Табиғат қорғаудың мұндай формасы өзінше біздің елімізде ұйымдастырылған жоқ.
4. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері. Ондағы қорғауға алынған табиғат байлығының ғылыми, тарихи және табиғи маңызына байланысты республикалық және жергілікті мәні бар табиғат ескерткіштері деп бөлінеді.
5. Мемлекеттік қорықтың белдемдер. Табиғат қорғаудың мұндай жолы көбіне мемлекеттік қорықтармен шекаралас алқаптарда ұйымдастырылады.
6. Мемлекеттік табиғи қорықшалар (заказник). Мұндай аумақтардағы қорғалатын табиғи объектілердің ерекшелігіне сәйкес олар — кешенді зоологиялық ботаникалық, геологиялық ландшафтылық және т.б. бөлінеді.
7. Мемлекеттік зоологиялық саябақтар (зоопарк). Қазіргі таңда еліміздің үш ірі қаласында (Алматы, Қарағанды, Шымкент) зоологиялық бақ ұйымдастырылған.
8. Мемлекеттік ботаникалық бақтар (ботсад).
9. Мемлекеттік дендрологиялық саябақтар.
10. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты аумақтар. Оған Теңіз Қорғалжың және Ырғыз-Торғай аумақтары жатады.
ІІ.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың орманы.
12.Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми тұрғыдан құнды су айдындары
13.Жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және тарихи, табиғи жағынан ерекше алқаптары.
14.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік есебі мен мемлекеттік кадастры.
15. Ерекше қорғалатын табиги аумақтар саласындагы бақылау.
Республикамызда соңғы ресми деректер бойынша, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер көлемі 14 млн. 663 мың гектар, бұл еліміздің жалпы жер келемінің 5,3% тең.
2004 жылдың 1-каңтарына дейін республикамызда 9 мемлекеттік қорық, 7 ұлттық табиғи саябақ, 2 мемлекеттік табиғи резерват. 57 мемлекеттік қорықша, 4 республикалық мәні бар қорық белдемі, 26 республикалық мәні бар табиғат ескерткіштері, 1 жергілікті мәні бар ұлттық табиғи саябақ жэне 66 жергілікті мэні бар ерекше қорғалатын аумақ ұйымдастырылған.
Еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ең маңыздысы -мемлекеттік қорықтар.
Қорықтар - ғылыми мекемелер қатарына жататындықтан олар ең басты мәселе ғылыми-зерттеу жұмыстарына ерекше көңіл бөледі. Қорықтарда арнайы жоғары білімі бар мамандар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданады. Қорыққа бөлінген аумақтарда ешқандай шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді, тек қана үгіт-насихат, биотехникалық жұмыстар (жабайы жануарларды қолдан үстеме қоректендіру, т.б.) жүргізіледі.
Қорықтарды ұйымдастыру кезінде еліміздің эрбір табиғи белдемдерінің табиғат ерекшелігін және сол аймаққа тән табиғат байлықтарын сақтап қалуға және қалпына келтіруге ерекше мән беріледі.
Қазіргі кезде еліміздің жеке табиғи белдемдеріндегі табиғат байлықгарьш қорғауға арналған 9 мемлекеттік қорық ұйымдастырылған
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың келесі маңызды тобына мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар жатады. Қазіргі кезде республикамызда 7 үлттық табиғи саябақ ұйымдастырылды. Ұлттық табиғи саябақтарда табиғат қорғау шаралары үгіт-насихат, экологиялық білім мен тәрбие беру, туризмді дамыту жұмыстарымен бірге жүргізіледі.
"Елміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тағы бір маңызды тобына — табиғат ескерткіштері жатады. Олардың ішінде әлемге әйгілі Ертіс өзенінің аңғарындағы "Қазқонақ " (гусиный перелет) ескерткіші бар. Бұл өңірде бұдан 7 млн. жыл бұрын тіршілік еткен ірі жануарлардың каңқа қалдықтары сақталған. Бұл табиғи ескерткіштің әрі тарихи, әрі ғылыми маңызы орасан зор.
Қызыл кітап (КесШаіаВоок), халықаралық табиғат қорғау о д ағынъщ (ХТҚО) "Қызыл кітабы" — халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапта сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықтар. дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет қүстарды қорғаудың халықтар. конвенциясына қол қойылды. 1948 жылы. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықтар. табиғат корғау одағы үйымдастырылды ХТҚО-ның қызыл кітабы 1966 ж. тұңғыш рет 2-том болып шықты. Оныі 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966-71 жылы. қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер кайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978-80 жылы 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында қүстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бүрынғы томдар негізінде "Қызыл кітап" қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан қызыл кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, қүстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушьшардың 37 түрі дүниежүзі зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. ХТҚО-ның қызыл кітабын шығаруға қүстарды қорғау жөніндегі халықар. кеңес, су қүстарын зерттейтін халықарапалық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіл әлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап. табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.
Біздің елмізде жануарларды қорғауды ұйымдастыру негізгі екі бағытта жүргізіледі. Оның бірі қорықтар ұйымдастыру да, екіншісі кәсіптік маңызы бар жануарларды пайдалану барысында сақтайтын қорық. Бұл екі бағыт та қажет, әрі олар бір-бірін толықтырып отырады.
Көптеген хайуанаттардың таралу аймағы шағын, экологиялық өрісі тар, сондықтан да олар белгілі табиғат жағдайында ғана тіршілік ете алады. Адам табиғи ландшафтарды интенсивті түрде өзгерткенде бүл түрлердің саны күрт азайып, тек «соңғы пана» дейтін шектеулі жерлерде ғана сақталып қалады. Мұндай жануарлардың азынаулағы тек кұрылықтарда ғана сақтала алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет