Ұсылынған әдебиеттер (өтілетін тақырыптын беті көрсетілген) Негізгі әдебиеттер Қазіргі жаратылыстану концепциялары. А., 2000.
Оспанова А. Г. Экология. А., 2001.
Қосымша әдебиеттер Естествознание и основы экологии. М., 2000.
Дубнищева Т.Я. Концепции современного естествознания. - Новосибирск, 1997.
28 Тақырып:Қазақстанның табиғат зоналары
Дәрістін жоспары: Орманды дала зонасы.
Дала зонасы.
Дәрістің қысқаша мәтіні. 1..Жердің географиялық қабығы оның заңдылықтары Географиялық қабықтың пайда болуы мен даму ерекшеліктерін, құрылықтар мен мұхиттардың кеңістікте таралуын, климат пен атмосфераның, мұхит пен теңіз суларының тұздылығын, орогнедік және вулкандық процестердің қарқындылығын анықтау үшін, көпшілік жағдайда, жыныс қабаттарының орналасуына, өсімдіктер мен жануарлардың тасқа айналған қалдықтарын зерттеуге көңіл бөледі.
Жер өзіне бірнеше концентрациялық қабықтарды кіргізеді. Атмосфераныңың, литосфера мен гидросфераның тоғысуын, бір-біріне әсер етуінің нәтижесінде Жердің ерекше қабығы географиялық қабық тузілді. Географиялық қабық Жерде тіршіліктің пайда болуына және дамуына қажетті жағдай тудырды.Жер дамуының қазіргі кезеңінде тірішілік жеке биосфера қабығын құрайтын дәрежеге жетті. Географиялық қабықтың шекарасын нақты айту қиын. Географиялық қабықта адам қоғамы өмір сүріп, дамиды. Мұндағы барльщ процестер Күн энериясының әсерімен және бұдан аз деңгейде ішкі жер қуаты көздерінің әсерімен жүріп жатыр. Географиялық қабықтың барлық компонеріттері заттар мен энергияның айналымы арқылы біртұтас болып байланысқан. Оның құрамына кіретін Жер қабықтары бірінің өзгерісі басқаларының да өзгерісін тудырады. Мысалы, төрттік мұз басу. Климаттың суьш кетуі Еуразия мен Солтүстік Америка материктерінің солтүстік бөлігін қамтыған ежелгі мұз басуға әкелді. Соның әсерінен материктің жер бедері және топырақ пен өсімдік, жануар дүниесін өзгертті. Географиялық қабық дамуының зандылықтарына оның тұтастыгы, ырғақтылығы, зоналылығы жатады. Географиялық қабықтың тұтастыгына су айналым жүйесі мысал бола алады. Баренц теңізінде мұз көбейген жылы Африканың ірі көлдерінің су деңгейі төмендейді және керісінше мұзы аз жылдарда көлдер суы деңгейінің жоғары болатын жылдарына сәйкес келеді. Мұньң бәрі ауа массалары қозғалысының күшеюіне не азаюына байланысты. Егер ауа массаларының ауысу мөлшері мен жылдамдығы, әсіресе меридиан бағытында арта түсетін болса, онда арктикалық теңіздердің мұздылыгы азая түседі. Экваторлық зонада керісінше бұл жауатын жауын-шашынның мөлшерін көбейтеді, мұның өзі көлдердің деңгейіне әсер етеді. Белгілі бір құбылыстың уақыт ішіндегі мерзімділігі мен қайталануын ырғақтылық деп атайды. Жердің өз осінен айналуы тәулік ырғақтылығын туғызады. Әрбір ірі табиғат кешені үшін температураның, ылгалдылықтың, өсімдіктер мен жануарлар әректінің өзіне тән тәуліктік барысы жасалады. Жердің Күнді айналуы табиғи процестердің (маусымдық) ырғағын туғызады. Зоналық –географиялық қабықтың ең басты заңдылықтарының табиғаттың барлық компоненттері мен табиғат кешендерінің экватордан полюске қарсы өзгеруі- аса маңызды географиялық заңдылық. Зоналалақтың негізі мәні күн жылуы мен жарық сандарының біркелкі еместігінде, өйткені ол әр үлескіге әр түрлі таралады. Зоналылыққа көптеген табиғат компоненттері бағынады: климат, жер беті сулары, жер бедерінің кіші формалары, топырақ, өсімдік және жануарлар дүниесі. Жердің ішкі күші зоналылық заңдылыққа бағынбайды.