Методикалық нұсқаулар: Күн жүйесінің құрылысының схемасын сызу.
Жұлдыздар. Космостық объектілердің ең маңыздысы – жұлдыздар. Олар әр түрлі келеді, себебі олардың даму стадиясы түрліше жағдайда өтетіндіктен. Жұлдыздың химиялық құрамы, температурасы, жарқырауы, диаметрі, массасы, тығыздығы, қозғалысымен оларға дейінгі қашықтығы олардың сәулеленуіне қарай анықталады
Күн системасына: Күн, тоғыз ірі планета және олардың серіктері, астероидтар (кіші планеталар), кометалар және метеор денелер енеді.
Күн — күн системасындағы орталық дене. Күннің көзге көрінетін сәулелерінің барлығы фотосфера деп аталатын күн атмосферасының төменгі бөлігінен шығады. Фотосфера қабатының қалыңдығы 100-ден 300 км-ге дейін болады. Фотосфера үстінде хромосфера орналасқан, оның қалыңдығы 14 000 км-ге дейін жетеді. Хромосферадан жоғарыда Күн атмосферасының ең ыдыраңқы бөлігі — күн тажы бар.
Планеталар — Күнді эллипс тәрізді орбита бойымен айналып жүретін шар тәріздес тығыз денелер. Олар күн жарығына шағылысып қана жарқырайды.
Күн системасына тоғыз ірі планеталар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутонжәне күшті телескоп арқылы бақылауға болатын 1 600-ден астам кіші планеталар енеді. Ай -Жер серігі.
Қазіргі, кезде Айдың үстіңгі бетінің түзілуін бес типке ажыратады:
1) «теңіздер» —күңгірт үлкен аймақтар;
2) сақиналы таулар—цирктер немесе ай кратерлері;
3) тау тізбектері;
4) жарықтар;
5) жылылық шығару жүйелері. Цирктер немесе кратерлер