Тікен терілер типі Тікен терілілер типіне теңізді мекендейтін жануарлар жатады. Тікен терілілер типі бес класты: Теңіз жұлдыздары, Жылан қуйрықтылар, Теңіз кірпілері, Теңіз дүңгіршектері, Теңіз лилиялары кластарын қамтиды. Тікен терілілерге тән қасиет — ізбесті тақталардан құралған ішкі скелетінің болуы. Жиі-жиі бұл ізбесті тақталардан көп өскіндері — ізбесті инелері бар тығыз сауыт пайда болады, теңіз жұлдыздарында, теңіз кірпілерінде кейбір ізбесті инелер түрін өзгертіп, қимылдағыш аяқтарында болатын ерекше кішкентай қысқыштарға айналады. Қішкентай қысқыштардың көпшілігінде улы бездер болады. Демек, өзгерген инелер қорғаныш қызметін атқарады. Алайда олар санитарлық та қызмет атқарады: инелерде қалып қойған қорек түйіршіктерін, нәжісті тазаланды.
Теңіз жұлдыздары, барлық мұхиттар мен тұзды теңіздерде — Солтүстік Мұзды мүхит пен Антарктида жағалауларына ұласып жатқан сулардан бастап, мұхиттардың тропиктік және экваторлық зоналарына дейін таралған. Тұщы сулы теңіздерде (Азов, Каспий) теңіз жұлдыздары болмайды немесе қыспақта болады. Теңіз жұлдыздарының регенерациясы айқын көрінеді: үзіп алынған бір сәулесінен бүтін бір теңіз жұлдызы қалыбына келе алады.
Теңіз кірпілерінің денесі шар тәрізді, оның сыртын инелер қаптап жатады.
Теңіз кірпілері барлық мұхиттар мен теңіздерге таралған, тек суы өте тұщы теңіздерде ғана болмайды.