1. Балықтар класы Балықтар класына шеміршекті және сүйекті балықтар класы енеді.
Шеміршекті балықтар —- осы күнгі ең қарапайым балықтар. Көлденең орналасқан жұп қанаттары болады. Торсылдағы болмайды.
Акула — шеміршекті балықтардың кәдімгі өкілі. Акуланың дене пішіні созылыңқы, ұршық тәрізді болады. Көкірек және құрсақ қанаттары жұптасып көлденең орналасады. Кұйрық қанатының тілігі тең емес. Скелеті шеміршекті.
Акулалар желбезек арқылы тыныс алады. Қан айналу системасы жақсы дамыған. Жүрегі екі камералы, құлақша мен қарыншадан тұрады.
Миы үлкен, орта миы мен мишығы жақсы жетілген.
Акулалар жер шарына түгелдей таралған. Олардың ішінде ұзындығы 4 м-ге жететін ірі түрлері де (көгілдір акула немесс кісі жегіш акула) бар. Көгілдір акула тропиктік және субтропиктік теңіздерде кездеседі. Алып акула көгілдер акуладан да үлкен болады.Оның кейбір жеке түрінің ұзындығы 15 метрге жетеді.
Қара теңізде ит тұрпатты акула тіршілік етеді. Дене мөлшері — 1 м. Ол су түбіндегі омыртқасыздармен қоректенеді.
Акулалардың көпшілігі тірі туады.
Скаттар да (жұп балық) шеміршекті балықтарға жатады. Олар су түбінде баяу қозғалып тіршілік етеді. Скаттар су түбіндегі жануарлармен қоректенеді.
Скат денесі арқасы мен бауыр жағынан қысыңқы, жалпақ, кұйрығы жіңішке де, ұзын болады. Баренц теңізінде сәулелік скат. Қара теңізде тікенекті скат тіршілік етеді. Азов жәнс Қара теңізде шаншар құйрықтылар кездеседі.