Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін тексеру және бағалау. Оқыту процесінде оқушылардың білім, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі.
Бақылау – кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың творчестволық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Бағалау – оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау – бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу.
Білім және дағдыны бақылау және бағалау қызметіне тоқталамыз. Ол негізінен үш жақты сипатта болып келеді: білім беру, тәрбиелеу және дамыту.
Бақылаудың білім беру қызметі негізінде оқушылар жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді.
Тәрбиелік қызметі оқушыларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілік сезімдері артады.
Дамыту қызметінің маңызы – оқушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауда жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар әзірлейді, хабарламалар жасайды.
Бағалаудың да қызметі үш топқа бөлінеді: хабарлаушылық, басқарушылық, тәрбиелеушілік.
Бірінші топ өз алдына: белгілеп қоюшылық бағдарлаушы, бақылаушы болып келеді. Бұл топтың қызметі білім және дағдыны бағалауды, әрбір бағаның көрсеткіштері мен өлшемдеріне мұғалім мен оқушылардың арқа сүйеуі жағдайында іске асады.
Екінші топ: ұйымдастырушылық, реттеушілік, дәлдеп түзетушілік болып келеді. Осы топты жүзеге асырудың қажетті шарты бағадағы көрініс тек қана оқытудағы қол жеткізілген нәтиженің мөлшері ғана емес, сонымен бірге сапасын белгілейтін көрсеткіш.
Үшінші топ: қалыптастырушылық, дамытушылық, ынталандырушылық болып келеді. Бұл топтың қызметінің нәтижелі болуының кепілі, егерде баға оқытудың нәтижесін нақты бейнелей білсе.
Күні бүгінге дейін оқыту саласында қолданылып жүрген білім, білік және дағдыны тексеру мен бағалаудың «5» балдық жүйесі оның сапасын, дәрежесін анықтап, белгілеуде барлық жағдайда объективтік тұрғыда қамтамасыз етпейді. Соның нәтижесінде қазіргі кезде жоғары оқу орындарында оқыту процесіндегі рейтинг-тестік жүйе оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын бақылаудың жаңа түрі өмірге келді.
Бұл жүйесінің ерекшелігі оқытушының педагогикалық әрекеті мен студенттердің оқу әрекетінің сапасын жақсартуға мүмкіндік түғызады, оқу процесінің барлық кезеңдерінде олардың білім, білік, дағды нәтижелерін тексеру, бақылау және бағалаудың тиімділігін арттырады.
Рейтинг – «бағалау» немесе «жетістік өлшемі» деген ұғымды білдіреді.
Тест – оқытудың белгілі бір бөлігін меңгеру дәрежесін өлшеуге бағытталған тапсырмалар жиынтығы.
Бақылауда рейтинг-тестік жүйесін қолдану ерекшелігі, оқу материалдары логикалық тұрғыдан аяқталған бөлік, немесе тарау болып саналатын модульдерге біріктіріледі. Әрбір модуль нақтылы міндеттерден және өзбетінше тереңдетіп оқу тақырыптары мен тапсырмаларынан құралады.
Рейтинг-тестік бақылау түрлеріне:
күнделікті немесе ағымдық,
аралық,
қорытынды бақылау жатады.
Күнделікті немесе ағымдағы бақылау әрбір модулдер бойынша жүргізіледі. Ол курстың белгілі бір тарулары немесе бөліктері, болмаса күрделі тақырыптары аяқталған кезеңде ұйымдастырылады.
Аралық бақылау әрбір модульдер аяқталған кезеңде жүзгізіледі. Осы аралықта коллоквиум, реферат қорғау, өзіндік жұмыстарын қолдануға болады.
Қорытынды бақылау :
* Сынақ жұмыстары бақылаудың дәстүрлі тәсілдері арқылы жүргізіледі.
* Емтихан тестік форма негізінде жүргізіледі.
Қорытынды бақылауға тек күнделікті және аралық бақылау қорытындысын жинақтап орта есеппен 41% жоғары балл жинағында ғана жіберіледі.