Дискреттеу тәсілдерді жіктеу
Фурье қатарының коэффициенттерін графикалық түрде көрсетуді спектрлі диаграмма деп атау қабылданған. Спектрлі диаграммалардың екі түрінен – амплитудалық және фазалық – көбінесе біріншісі пайдаланылады.
Осы спектрлі құрамалардың сигнал құрайтын қосындысы түріндегі жиынтығын спектр деп атаймыз.
Екі маңызды моментке назар аударайық:
Біріншіден, испульстер ұзақтығының азаюымен (тамысалдау жылдамдығының өсуімен) спектр ұлғаяды;
Екіншіден, спектр энергиясының үлкен бөлігі жиілігі диапазонында тұр (байланыс желісі жиілігінің осы диапазоны сигнал амплитудасын тасымалдауға жауапты).
Сигналды сипаттайтын негізгі параметрлер Тс сигналының ұзақтығы, Fс жиілік спектрінің ені және Pc орташа күштілігі болып табылады. Сигналдардың қауіпсіз тасымалдау үшін осы сипаттамаларды бір-бірімен байланысқан түрінде қарастыру қажет. Сондықтан тағы бір сипаттама бар, ол Vc сигналының көлемі деп аталады.
Тс сигналының ұзақтығы – берілген сигнал байланыстың берілген арнасы бойынша берілетін жиілік жолын көрсететін сипаттама.
Рс сигналының орташа күштілігі – күштілікті көрсететін сипаттама, тасымалдайтын аппаратура мен байланыс арнасы бойынша өтетін процесте сигналды жаңарту аппаратурасы қамтамасыз етеді
Дәріс №8. Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер
Сигнал
Сигналдың математикалық модельдері
Дискреттеу әдістері
Дәріс №9. АҚПАРАТТЫҚ ҮРДІСТЕР – АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ НЕГІЗДЕРІ. АҚПАРАТТЫҚ ҮРДІСТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ТҮСІНІГІ
Уақыт бойынша дискреттеу
Тәжірибеде сигналдың энергетикалық сипаттамасы ретінде Рс сигналының орташа күштілігін Рп бөгетінің орташа күштілігіне қатынасын алып, оны динамикалық диапазон деп атайды:
Dc = log(Pc/Pп)
Vc сигналының көлемі – сигналдардың сапалы түрде берілу үшін байланыс арналарын қамтамасыз ететін шарттың формасын көрсететін жинақы сипаттама:
Vc = Tc*Fc*Dc
Осыған ұқсас сипаттама байланыс арнасы үшін де бар, ол байланыс арнасының мөлшері (емкость) деп аталады.:
Vk = Tk*Fk*Dk,
мұндағы Tk – арнаны пайдалану уақыты; Fk - арнамен өткізілетін жиілік жолының ені; Dk – сигналдың әртүрлі деңгейлерін тасымалдау мүмкіндігін сипаттайтын арнаның динамикалық диапазоны.
Сигналдың ақпаратты тасымалдау арнасымен жалпы шарты келесі қатынаспен анықталады
Vc <= Vk.
Бірақ бұл қатынас қажеттілікті, бірақ арнамен сигналдың жеткілікті шартына сәйкессіздігін білдіреді. Жеткілікті шарт барлық параметрлер бойынша келісім жасасу болып табылады:
Tc <= Tk, Fc <= Fk, Dc <= Dk.
Хабартар құрылымы бойынша сигналдар үзіліссіз және дискретті болып бөлінеді. Егер сигнал (хабар) амплитуданың соңғы интервалында мәндердің дербес санын қабылдаса, онда ол үзіліссіз деп аталады. Мысалы, аналогты құрылғылардағы сигналдар. Егер сигнал (хабар) амплитуданың соңғы интервалында мәндердің шектеулі санын қабылдаса, онда ол дискретті деп аталады.
Дискретті сигналдар ақпаратты тасымалдау әдісі ретінде үзіліссіз сигналға қарағанда кең қолданылады. Бұл дискретті сигналдардың байланыс арналарындағы бөгеттің әсер етуіне байланысты екендігінімен түсіндіріледі, дискретті сигналдың тежелуін үзіліссіз сигналға қарағанда оңай табуға болады, және де дискретті сигналдар ЭЕМ-де (цифрлік) тез өңделеді.
Дискретті сигналдар көмегімен үзіліссіз хабартарды тасымалдау мүмкіндігін 1933 жылы академик Котельников дәлелдеді.
Котельниковтың теоремасы бойынша санау дәлділігін таңдау
Шектеулі спектрмен сигнал моделін пайдалану арқылы санау дәлдігін дискреттеу кезінде шекті қадамды таңдау ережесін академик В.А.Котельников қарастырды: «Кез келген спектр Fmax жиілігімен шектелген s(t) үзіліссіз функция толықтай бір-бірінен интервалына қалып отырған уақыт моментінде өз мәнінің реттілігімен анықталады». Сонымен қатар, Котельников санау дәлдігі бойынша сигналын нақты қалпына келтіру әдісін береді. Сигналды Котельников (5) қатары түрінде көрсету жеке жағдайы болып табылады. Базистік болып түріндегі функция табылады. Олар санау дәлдігі функциялары деп аталады. Санау дәлдігі функциялары ортогональды, өйткені
Котельников қатарымен сигналын дискреттеудің практикалық жүзеге асуы және оның әрі қарай қалпына келуі келесідей жүзеге асады. интервалдары арқылы берілетін жақта сигналдың мәні анықталады және санау дәлдігіне тең ауданмен d- испульстер түрінде байланыс арналарына беріледі. Қабылданатын жақта мұндай импульстер тізбегі төменгі жиіліктің идеалды фильтрі арқылы өткізіледі. Фильтрден шығуында сигналдың ұзақ берілу кезінде берілген үзіліссіз сигнал нақты шығарылады.
Қалпына келтірілген сигналды тежеу (Котельников бойынша) келесі жағдайлар бойынша жүргізіледі. Шынайы сигналдың шексіз спектрі болады. интервалымен оны дискреттеу спектрін шектейді және сигналдың шығуын тежейді. Екінші жағынан үзіліссіз сигналдың берілуі кезінде сигнал тежеледі. Бірақ дискреттеу кезінде сигналдың шектеулі уақытында санаудың соңғы саны есебінен қосымша тежеу пайда болады, бұл уақытта олар шексіз көп болуы керек, яғни сигнал спектрінің шексіздігі оның шексіздікке дейін ұзақтығына сәйкес келеді. Мұндай екі тежеу тасымалдау қателігін теориялық анализдеу үшін қиыдықтар тудырады.
Ең үлкен ауытқу критерийі бойынша дискреттеу
Тәжірибеде сигналды қалпына келтіру кезінде минималды қателікті қамтамасыз ету есебі көбінесе қойылмайды. Жиі қателігінің мәні көрсетіледі. Базисті функция ретінде бірінші (сызықты), екінші (параболды) ретті полиномдар таңдап алынады. Аппроксимацияны дискреттеудің әрбір қадамында жүргізеді. функциясының уақыттың әртүрлі моментінде өзгеруі кезінде дискреттеу қадамы әрбір қадамда тең қателікті қамтамасыз ете отырып, әртүрлі болуы мүмкін. Дискреттеудің мұндай типі адаптивті деп аталады. Тейлордың дәрежелік аппроксимациясы кезінде адаптивті дискреттілігін қарастырайық:
Деңгейлік бойынша кванттау
Испульсті модуляция немесе кодтауды пайдаланумен байланыс жүйелері бойынша үзіліссіз хабартарды тасымалдау кезінде уақыт бойынша хабарты дискреттеу қажеттілігі туындайды. Соңғы уақытта үзіліссіз сигналдарды дискреттеу қажеттілігі кванттау әдісінің, сигналдар формасының дискретті анализімен, цифрлік және есептеу техникаларының дамуына түсіндіріледі.
|
Дисркттеу түсінігі s(t) функциясының уақыт бойынша үзіліссіздігі. Амплитуданың қысқа импульстері тізбегімен ауыстырылады, мұндағы ск (координаттар) жалпы жағдайда дискретті функция көмегімен анықталады:
|
xк(t) .
Үзіліссіз функцияның оның дискретті координаттары бойынша туындауы базисті функция жүйесі көмегімен жүргізіледі. Кейде салмақты және базисті функциялар бірдей қабылданады. Координатты функцияларды анықтау қиындығын ескере отыра, дискретті әдіс кең таралды, ондағы s(t) сигнал оның таңдама деп аталатын мәнінің жиынтығымен ауыстырылады. Бұл жағдайда салмақты (весовые) функция ролін d-функциясы ойнайды, Dt – дискреттеу қадамы (теңдестік болмауы мүмкін). .
Дәріс №9. Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер
Детерминделген сигналдар
Котельников теоремасы
Кванттау
Дәріс №10. АҚПАРАТТЫҚ ҮРДІСТЕР – АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ НЕГІЗДЕРІ. ТАСЫМАЛДАУ ҮРДІСІНІҢ МОДЕЛІ.
Ақпаратты өлшеу.
Үзіліссіз және дискретті байланыс арналарының модельдері.
Үзіліссіз және дискретті байланыс арналарының өту қабілеті.
Ақпаратты өлшеу
Ақпараттың саны, мәні мен бағалылығының түсінігі мағыналы болады, егер қарастыруда осы ақпаратты пайдаланатын жүйе – субъектісі пайда болса. Мұндай жүйе, мысалы қандайда бір агрегатпен басқаратын тірі ағза, адамдар қоғамы немесе компьютер болуы мүмкін.
Жүйе әрқашанда қандайда бір ортада жүреді. Өзінің есептерін шешу үшін оның өз ортасының моделі болуы керек және алынатын мәліметтер негізінде оларды түзетіп отыру керек.
Қандай да бір жағдай күтілсін, бастапқы мәні белгісіз болсын. n мүмкін бастапқы санға қатысты Н қандайда бір анықсыздық бар делік. Жағдай туындаған кезде, анықсыздық алынады және біз оның нақты бастапқы мәнін І ақпаратты аламыз.
Мысалы, ойын сүйегі (n = 6), немесе монета (n = 2) лақтырылады, n көлемді алфавиттен хабартар символы келіп түседі.
Жалпы жағдайда қандайда анықсыздық жағдай туындағаннан кейін сақталып (мысалы, алыстан сүйекте 4 немесе 6 түскенін айыру қиын) қалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |