Популяция туралы түсінік және оны зерттеуге қысқаша шолу жасаңыз


) Ценопопуляцияның жастық құрылымы, ценопопуляцияның кеңістіктегі құрылымы жайлы жазыңыз



бет2/5
Дата18.02.2020
өлшемі86,32 Kb.
#58334
1   2   3   4   5
Байланысты:
Экология особи, жауаптар


7) Ценопопуляцияның жастық құрылымы, ценопопуляцияның кеңістіктегі құрылымы жайлы жазыңыз

Өcімдікіердің популяциялық экологиясының дамуы XX ғасырдың оргасанда жатады, ал биогеоценоздағы (фитоценоздовы) түрлер популяциясының релімсн бойланысты. Сондықтан фитоценологияда «Ценопопуляция» - түсінігi фитоценоздағы белгілі түр турғындарының орны мен релін көрсетеді. Ценопопуляция -белгriлі фитоценоздоғы, оның құрылысы және динамикасына байланысты өсімдік түрлерінің тіршілік зандылығын анықтайды. . Eкі жағдай да популяция — түтас, өзін-өзі қолдайтын, ерекше функциясы бар, түрдің тіршілік формасы peінде жүйе ол, биогеоценоздың функциональды бірлiri және эволюцияның элементарлы бірлiгі. Сыртқы әсерлердің кешеніне турдің жауабы тек популяция деңгейінде көрінеді. Адамныңда түрге белсенді әсері тек популяция деңгейінде іске асады. . Дегенмен, ecімдіктердің ерекше популяциялық процестерін зерттеу дәрежесі әлі де жеткіліксіз, сондықтан популяция экологиясының проблемаларының негізіне жануар популяциясын зерттеу барысЫнда алынған мәліметтер қарастырылады.

Әрбр гогулацияа биотикалық потенцал тән, яни, белгілі біруақыт оралығындағы потуляциялы бар аралығында сандық мөлшерінің қаблетилгі. Әртурлі ағзаларла биотикалық погенциал арқалай. Көбеюдің жогары потенциалы бар акаларга, мысалы, кейбір бактерияларды жаткызура болалы. Әрбір 20 минут сойьн жай белну арқылы көбейетін Васіls cof бактериялары колайлы жагдайларда букіл жер шарын 36 сaғатта игерeін еді. Ал 7.5 млрд-қа дейін спора тузетін жауын саңырауқулаы екінші Урпагында букіл Жер бетн басып калатьн еді. . Биотикалық потенциалдын мелшері ар түрлі турлерде әркалай. Мысалы. eлikтiң аналығы бүкіл өмірінде 10-15 лақты дүниеге алып келеді. нематод трихина (Trichinela spirais)-18 мың жұлмыртка салса, бал арасыныщ аналыгы -50 мың жумыртқа, ал ай-балық (Мola mola) 3 млрд уылдырық шашады. Бұл түрлердің биоткалық потенциалы бұданда жогары, ойткені дамып келе жаткан жумырткалар мен урыктардың копшілігі тyылмай жатып өліп кетеді

Ценотикалық популяция дегеніміз ол - түрдің тиісті фитоценозда өмір сүру формасы, оның осы жағдайда мекендеуге бейімделу формасы. Ол өсімдіктің тіршілік стратегиясын бейнелейді.

Ценотикалық популяцияның санын және құрамын анықтайтын өсімдіктің бейімделу қасиеттерінің ішіндегі маңыздылары мыналар:

1. тұқымдардың бірден өнбей және топыраққа көмілген ұзақ уақыт өмірге төзімділігін сақтау;

2. Жарықтың, минералды заттардың және судың жеткіліксіз жағдайында ұзақ ювенильдік және /немесе/ имматурлық күйінде қалу қабілеттілігі;

3. Ересек өсімдіктердің ұзақ уақыт өсіп жетілуге қолайсыз жағдайға шыдап, өлмей тек күйін өзгертіп сақталу қабілеттілігі.

Ценопопуляцияны құратын дербес организмдердің, жастық және тіршілік күйінің айырмашылықтарына байланысты, жер үсіндегі және жер астындағы мүшелерінің қуаттылығы, олардың биогоризонттарда орналасуы әртүрлі болады /мысалы, жер үстіндегі мүшелерінің биіктігі және тамырларының тереңдігі бірдей емес/. Өсіп жетілу жағдайының өзгерісіне дербес организмдердің жауабы әртүрлі болатынына байланысты, олардың экологиялық және биологиялық қасиеттері де бірдей болмайды.

Жасы жағынан әртүрлі топқа жататын бір түрдің особьтарының мекендейтін ортаның өзгеруіне әрқалай жауап қайтару қабілеттілігі - түрдің фитоценеоздағы тұрақтылығына жәрдем ететін маңызды қасиеті.




8) Синэкологиялық негізгі ұғымдары, биотоп биогеоценоз жөнінде айтыңыз

Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын , өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды. Табиғатта әртүрлі популяциялар бірігіп ірі бірлестіктерді немесе қауымдастықтарды құрайды. Синэкологиядағы «син» деген сөздің өзі «бірге», яғни бірлесіп, қауымдасып тіршілік ету деген мағынаны білдіреді. Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда мекендейтін , әртүрлі түрлерден құралған, тірі организмдер жиынтығы. Биоценоз (bios-өмір, koinos-жалпы) – табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер жиынтығынан тұрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологы К.Мебиус (1877). Кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды. Ол әрқашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді. Биоценоздағы әртүрлі түрлердің биотикалық қарым-қатынасқа түсуі олардың бірлестіктегі негізгі тіршілік жағдайларын, қорек табуын және жаңа кеңістікті меңгерулерін анықтайды. Тікелей немес жанама түраралық қарым-қатынастардың мәні бойынша түрлер биоценозда белгілі орынға ие болады. В.Н.Беклемишовтың (1970) классификациясы бойынша биоценоздағы түраралық биотикалық қарым-қатынастар 4 түрге бөлінеді: 1) трофикалық байланыстар - бір түр басқа түрмен қоректенгенде қалыптасады. 2) топикалық байланыстар – бір түрдің мекен теу ортасының физикалық немесе химиялық жағдайларының басқа түрдің тіршілік әрекеті нәтижесімен өзгеруі. Бұл байланыс әрқилы. Бір түрмен басқа түр үшін ортаның жасалуы. 3) форикалық байланыстар – бір түрдің басқа түрдің таралуына қатысуы. Тасымалдаушы ролін жануарлар орындайды. Жануарлармен өсімдіктердің тұқымдарын, спораларын, тозаңдарын тасымалдауы зоохория деп аталады. Жануарлармен басқа ұзақ жануарларды тасымалдауы форезия деп аталады. 4) фабрикалық байланыстар – бір түрдің баспана құру үшін басқа түрдің шығару өнімдерін, өлі қалдықтарын немесе тірі особьтарын пайдалануы. Әрбір нақты түр таралуында барлық түраралық байланыстарды жасап үлгермейтін болғандықтан, физикалық ортаның өзіне жайлы жеріне орналасады. Соған байланысты түрдің таралуында екі түрлі оптимум болады; 1. физиологиялық оптимум - түр үшін барлық абиотикалық факторлардың жағымды үйлесімділігі жағдайында өсу мен көбею темпінің жылдам болу мүмкіндігі. 2. синэкологиялық оптимум - түр үшін барлық биотикалық факторлардың жағымды үйлесімділігі жағдайында көбеюдің табысты болу мүмкіндігі. Екі түр бірге тұрып, бір-біріне нейтралды, жағымды немесе жағымсыз әсер етеді. Соған байланысты қарым-қатынастар келесі түрлерге бөлінеді: 1) Жыртқыш-жемтік - биологиялық қарым-қатынас. Жыртқыш пен жемтік үшін әрқайсысына тән әртүрлі экологиялық адаптациялары бар. Симбиоз- ұзақ , өзара тиімді байланыстар. Бұршақ тұқымдастарының тамырындағы түйнек бактериялар, саңырауқұлақтар микоризасы, теңіз жануарларының жарық беретін фотобактериялары, т.б. Комменсализм- біреуі басқасына мекен- жаймен тамақ береді, бірақ ешқандай тиімді емес: мысалы, медуза қоңырауы астындағы ставрида шабақтары, қи қоңыздары денесіндегі кенелер. Бәсекелестік – бір немесе бірнеше түрге жататын организмдердің өзара қорек, мекені, т.б. ресурстардың жетіспеушілік жағдайындағы қарым-қатынастардың көрінісі. Паразитизм – бір түр өкілінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқылы тірішілік ету. Мутуализм - әр түрге жататын организмдер бір-біріне қолайлы жағдай туғыза отырып селбесіп тіршілік ету. Амменсализм- организмдерге теріс ықпалын тигізу арқылы қарым-қатынас жасаудың тағы бір түрі. Нейтрализм – екі түр тәуелсіз және бір-біріне ешқандай әсері жоқ

9) Биоценоздағы биотикалық байланыстар, биоценоздағы түр аралық қатынастар жайлы сипаттама беріңіз

Бірлесіп тіршілік етуші және ағзалардың өзара байланысы биоцеоноз деп аталады (лат. Биос-тіршілік,цено – жалпы). Биоценоз алып жатқан абиотикалық орта аймағы биотоп яғни, биоценоз тіршілік ететін орта деген ұғымды береді (лат.биос - өмір,топос – орын). Биоценоздағы бір түрдің өкілдері биотикалық қатынастарының көптеген формалары олардың бірлестіктегі өмірлерінің негізгі жағдайларын, қоректерін табу жолдарын және жаңа кеңістікті иемдену мүмкіншіліктерін (конкуренттілік, комменсализм, жыртқыш – жәбірленуші және т.б.) анықтайды Әрбір бірлестіктегі жеке түрлерге жататын даралардың өзара және олардың басқа түрлер популяцияларымен қарым-қатынасын, дамуы мен алмасуына айналадағы орта жағдайларының тигізетін әсерін зерттеу де – экологиялық міндеттердің бірі В.Н.Беклемишевтің түрлер арасындағы биоценоздағы биотикалық қатынастар мынандай төрт типке бөлінеді: а) трофикалық, б) топикалық в)фористік г)фабрикалық. Трофикалық байланыс бір түрдің екінші түрмен, тірі немесе өлі күйінде,содай –ақ тіршілік ету үшін қажетті тағамдар түрінде қоректенуі кезінде туындайды. Топикалық байланыс бір түрдің тіршілік ету барысында екінші түрдің кез келген жағынан, физикалық немесе химиялық тіршілік ортасының өзгеріске ұшырауынана туындайды. Форикалық байланыс бір түрдің екінші түрдің таралуына қатысунан туады. Транстортировкалық тасымалдаушы ролін жануарлар атқарады.Әртүрлі өсімдіктердің тұқымдарын, спораларын, тозаңдарын жануарлардың тасымалдауы зоохор деп, ал басқа ұсақ жәндіктермен тасымалдануы – форезия деп аталады (форас – латынша сыртқа шығару дегенді білдіред). Фабрикалық байланыс бір түрдің өз қажеттілік құрал жабдықтарына (фабрикациясына) басқа бір түрдің шығару өнімдерін, тірі немесе қалдық түріндегі, кейде тіпті тірі особтарында пайдалануды айтады. Биоценоздың құрылымыКез келген жүйенің құрылымы – оның бөлімдерінің байланысы мен қатынастарының заңдылықтарында. Биоценоздаң құрылымы көпжақта,олар мынандай аспектыларды бөледі. Биоценоздың түрлік құрылымы – бұл ондағы әртүрлі түрлердің олардың сандық немесе массалық қатынасы. Биоценоздың бай және кедей түрлерін бөледі. Жеке түрлердің ролін анықтау үшін олардың сандық сапасын анықтап, санақ жүргізіп алады: Түрдің өте көп болуы –бір түрдің белгілі бір аудан көлемінде қаншалықты жинақталуында, мысалы, шаянтектестердің 1 дм³ суда немесе тоғандардағы саны.Кездесетін жиілігі биоценоздағы сол түрдің қаншалықты біртекті немесе әртүрлі таралуында.Боминантталу көрсеткіші – қарастырылып отырған бір түрдің топтағы барлық түрлердің жалпы санына ара қатынасымен өлшенеді.Биоценоздың кеңістіктік құрылымы оның өсімдіктік бөлімінің – фитоценоз, жерүсті және жерасты өсімдік массаларының қосындысымен анықталады.



10) Өсімдіктер қауымдастығы, өсімдіктердің сәйкестілігінің заңдылығын атап көрсетіңіз

өсімдіктер қауымдастығы — құрлықтың біртекті телімдерінде орналасқан, өзара және сыртқы ортамен тығыз әрекетте болатын өсімдіктер жиынтығы. Олардың өздеріне тән құрылысы бар және сұрыптау нәтижесінде бір-бірімен және басқа организмдерменбірге белгілі бір жағдайда тіршілік ете алатын түрлерден құралады. Фитоценоз — ашықбиологияжүйе, яғни, адам менгетеротрофтыжануарларға қажетті органиктік зат өндірілетін биогеоценоздың негізгі бөлігі болып саналады. Фитоценоз зооценоз және микроценозбен бірігіпбиоценозқұрады. Фитоценоздың қандай да бір өсімдігі өзіне қажетті ресурстарды (жарық, су, минералды қоректік заттар, т.б.) пайдаланып, тіршілік ортасын өзгертуінің нәтижесінде сыртқы ортаға зат алмасуға қажетті өнімдерді шығарады, топырақта және оның бетінде қурап қалған өсімдік қалдықтары ғана қалады. Бұл қалдықтар ерекше бірмикроклиматтыңқұрылуына ықпал жасайды. Фитоценоз жыл бойына және жыл сайын өзгеріп тұрады.

Әртүрлі өсімдіктер қауымдарының биологиялық өнімділіктері олардың жер үстіндегі және астындағы мүшелерінің массаларының ара-қатынастары әртүрлі екендігін 9 кестеден көруге болады. Бұл кестедегі деректерден барынша көп фитомасса тегістегі және таудағы ылғалды тропикалық ормандарда, содан кейін субтропикалық ормандарда, қоңыржай белдеудегі ормандарда, Мангр тоғайларында, шөптесін тоғайларда фитомассаның барынша көп мөлшерде, ал тақырлардағы балдырлар қауымында, шөлдерде, Арктикалық тундрада фитомассаның ең аз мөлшерде болатындығын көруге болады.

Өсімдіктердің балауса көк-жасыл масса бөлігі, көпжылдық жер үсті және жер асты бөліктерінің ара-қатынасы бойынша да өсімдіктер қауымдары бір-бірінен ажыратылады. Өніммен биомассаның ара-қатынасы да өзгеріп отырады. Мысалы, орманда өнімнің биомассаға қатынасы 1/50-1/30 болса, далада, опад кейде өнімге тең, кейде өнімнің 1/2-1/3 бөлігіне тең болады.



11. Популяция гомеостазы туралы жазыңыз

12. Ценопопуляция динамикасы және оның түрлерін көрсетіңіз

13. Биоценоз және экожүйе түсініктерін сипаттап жазыңыз.

14. Ценопопуляцияның функционалдық құрылымын көрсетіңіз.

15. Популяцияның генетикалық құрылымы жайлы айтыңыз

16. Өсімдіктер қауымдастығының қалыптасуы, өсімдіктер қауымдастығы және биосфера түсінігіне сипаттама беріңіз

Өсімдіктер табиғатта жекелеп өспей бір-бірімен әр түрлі дәрежеде күрделі байланысып қауым құрады. Орман, батпақ, егіс даласы, бауша, парк – бұлардың барлығы өсіміктер қауымы, немесе фитоценоз /гректің Phyton - өсімдік, koinos-жалпы/ деп аталады, олардың әрқайсысының құрылысында өздеріне тән ерекшеліктері бар. Өсімдіктер қауымдарының құрылу заңдылықтарын білу – оларды қорғаудың, өнімділігін арттырудың және ғылыми түрде дұрыс пайдаланудың негізі болып табылады. Өсімдік қауымының тіршілік заңдылықтарын арнайы ғылым фитоценология /фитоценоз және гректің logos – ілім/ зерттейді. Геоботаника өсімдіктер жабыны туралы ілім, ал өсімдіктер жабыны фитоценоздардан тұрады. сондықтан А.П.Шенников /1964/ «Геоботаника» және «Фитоценология» терминдерін синонимдер деп қарайды. Өсімдіктер дегеніміз - орман, батпақ, дала, шөл, тундра сияқты жерлерде қалыптасатын әртүрлі өсімдіктер қауымдарының жиынтығы. Өсімдіктер табиғатта жекелеп өспейді, бір – бірімен байланысып қауым құрайды. Бұл фитоценоз деп аталады.

Өсімдік қауымының тіршілік заңдылықтарын арнайы ғылым – фитоценолгия зерттейді.

Сонымен, геоботаника өсімдіктер туралы ғылым, ал өсімдіктер жабыны фитоценоздардан тұрады.

Биосфера – ерекше биос - өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді.

Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернацкий болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50 % -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.

Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар.

1.1. Атмосфера

Атмосфера жер шарын түгелден орап тұрады. Ол гректің «atmos» - бу, «sphairi» (сфера) сөзінен шыққан. Оның қалыңдығы 100 км-ге дейін жетеді. Атмосфераның негізгі құрамында оттегі (20,95 %), яғни 1,5 * 1015 тонна аргон (1,28 %), азот (75,50 %), яғни 3,8 * 1012 тонна және басқадай газдар кездеседі. Атмосфера негізінен – тропосфера, стротосфера және иопосфера қабаттары болып үшке бөлінеді.

Тропосфера – грекше «tropos» (тропос) – бұрылысы, «sphaira» (сфера) – шар. Өзгермелі қабат деген мағына береді. Жер бетіне тікелей жайласқан төменгі тығыз қабаты. Орташа биіктігі 10 * 12 км-ге жетеді.

Стротосфера – латынша «stratum» - төсем, тағы сондай сияқты теңіз деңгейінен 9-11 км жоғары жататын атмосфера қабаты.

Иопосфера – гректің «ion» - қозғалғыш қабат деген сөзінен алынған. Қалыңдығы 800 км-ге жетеді.

1.2. Гидросфера

Гидросфера – табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Бұл құрлықтың 70 % алып жатыр. Гидросфераның көлемі 400 млн шаршы км.

1.3. Литосфера

Литосфера – жердің қатты қабаты. Ол екі қабаттан құралған. Үстіңгі қабаты граниттен, оның қалыңдығы 10 км-ден 40 км-ге дейін жетеді. Ал астыңғысы базольттан тұрады. Қалыңдығы 30-80 км. Жоғарыда айтылғандай минералды қабаттардан басқа, жерді ерекше тағы бір қабат – биосфера қоршап тұрады. Ол тірі органимдер тараған аймақтардың бәрін қамтиды. Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетінде тірі организмдер өсіп-өніп, сыртқы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасады. Биосфера теңіз деңгейінен бастап, тау жоталарының шыңдарына дейін бүкіл құрғақ жерді алып жатыр.

Атмосферадағы биосфераның жоғары шегі 20 км биіктікке дейін жетеді. Онда микробтардың споралары (өршігіш тұқымы) кездеседі. Бактериялар атмосфералардың азон қабатында да өсіп-өнеді. Биосферада мол кездесетін микроорганизмдер жер бетінен 50-70 метрге дейінгі биіктікке ғана тарайды.

Литосферадағы биосфераның төменгі шегі 2000 – 3000 м-ге дейін тереңдікке жетеді. Олар онаэробта бактериялар. Гидросферадағы биосфераның шегі 11 км-ге дейінгі тереңдікке жетеді. Теңіз жануарлары және өсімдіктері (қызыл, жасыл, қоңыр балдырлар) үшін су өте қолайлы орта. Таза, мөлдір болғандықтан күн сәулесі оның 200 метр тереңдігіне дейін тарайды. Бұдан кейінгі судың қабаттарын мәңгілік қараңғылық басып тұрады. Мұндай қабаттарда да тіршілік ететін организмдер болады.



17. Өсімдіктер қауымдастығының классификациясы жайлы сипаттама жазыңыз

Өсімдіктер дегеніміз - орман, батпақ, дала, шөл, тундра сияқты жерлерде қалыптасатын әртүрлі өсімдіктер қауымдарының жиынтығы. Өсімдіктер табиғатта жекелеп өспейді, бір – бірімен байланысып қауым құрайды. Бұл фитоценоз деп аталады.

Өсімдік қауымының тіршілік заңдылықтарын арнайы ғылым – фитоценолгия зерттейді.

Сонымен, геоботаника өсімдіктер туралы ғылым, ал өсімдіктер жабыны фитоценоздардан тұрады.

Фитоценоздың құрамы мынадай элементтерден тұрады:

1. Флоралық құрамы;

2. Экобиоморфты құрамы;

3. Түрлердің ценотикалық маңыздылығы жағынан айырмашылығы;

4. Фитоценозды құрайтын түрлердің ценопопуляциялық қасиеттері;

Өсімдіктің флоралық құрамын зерттеген кезде біріншіден фитоценоздың немесе ассоциацияның флоралық құрамына көңіл бөлу керек.

« Ассоциация» сөзі латын тілінен аударғанда « қосылу, қосылған » деген мағынаны береді. Ол - өсімдіктер қауымдарын жіктеу жүйесінің негізгі өлшемі. Ассоциация дегеніміз – белгілі орында табиғи пайда болатын белгілі құрамды, тіршілік жағдайы біркелкі қауым. Фитоценозды зерттеуді оның флоралық құрамын анықтап, өсімдік түрлерінің тізімін жасаудан бастау керек.

Флоралық құрам фитоценоздың маңызды белгісі. Көбіне сипаттама бергенде күрделі өсімдіктер мен қыналардан басқа қауымның құрамына балдырлар, саңырауқұлақтар және актиномицеттер кіреді.

Фитоценоздың флоралық құрамы дегеніміз – онда өсетін барлық өсімдік түрлерінің жиынтығы. Кейбір түрлер орта жағдайының индикаторы бола алады. Сондықтан, қауым туралы толық мағлұмат алу үшін оның флоралық құрамын, экологиялық жағдайын және тіршілік ортасын жете білу қажет. Көптеген өсімдіктер вегетациялық кезеңді әртүрлі уақытта өткізеді. Соған байланысты қауымның флоралық құрамын толық анықтау үшін ондағы түрлерді толық тізімге алу немесе инвентаризация жұмысын 2 мезгілде жүргізу керек: көктемде – жазда, көктемде – жазда және күзде. Нақтылы фитоценоздардың флоралық құрамы оларға диаспоралардың ( diaspora грек тілінен аударғанда «таралу», өсімдіктің таратылуға арналған кез – келген бөлігі ) келіп түсуіне және олардың осы жағдайда өніп - өсе алатындығына байланысты анықталады.

Флоралық байлық – белгілі бір фитоценоздың немесе ассоциацияның құрамында өсіп, жетілген түрлердің сандық көрсеткіші. Флоралық байлыққа терең талдау жүргізу үшін әрбір систематикалық топтың – қынаның, мүктің т.б. топтардың түрлерінің санын есептеп шығару керек. Құрамындағы түрлердің санына байланысты жай және күрделі болып бөлінеді. Жай фитоценоз бір немесе бірнеше түрден, күрделі көп түрден тұрады. Әсіресе орман флорасы бай флоралық құрамға жатады.

Л. Т. Раменский 1924 жылы флоралық құрамы толық және толық емес деген фитоценоз түрлерін бөлді. Өмір сүруге қабілеті бар кейбір түрлер кірмей қалса, оны Раменский толық емес деп атады. Фитоценозға адамдардың басқа жақтан алып келген өсімдік түрлерін кіргізу – интродукциялау соңғы кезде жиі кездеседі. Қауымда өсетін өсімдік түрлерінің шамамен 90% - ке жуығы кездесетін қауымның ең аз көлемді ауданын флоралық байлықты табу ауданы дейді. Ал ассоциацияны анықтау ауданы дегеніміз – ассоциацияның барлық негізгі белгілері айқындалатын ең аз ауданды айтамыз. Флоралық байлықты табу ауданы флораны құрайтын өсімдіктің мөлшеріне, үлкен – кішілігіне, өсу молдығына және таралуының біркелкілігіне, тіршілік ету жағдайының бірыңғайлығына байланысты.

Флораның толықтығы .Флоралық байлықты табу ауданының мөлшері өсімдіктің типтеріне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Қауымның флоралық толықтығын анықтауда түрлерді санау оның барлық ауданында немесе оның бір бөлігінде жүргізіледі. Қауымның флоралық толықтығы дегеніміз – ол белгілі бір аудан көлемінде өсетін түрлердің саны. Далалық жерлерде қауымның флоралық толықтығы 1 шаршы метр көлемінде 12 – ден, құрғақ далада, бозды далада 60 – қа дейін, шалғынды далада 80 – ге дейін өзгеріп отырады. Ассоциацияда кездесетін әрбір түрдің маңызды белгісі – оның тұрақтылығы. Ассоциацияны сипаттағанда түрдің тұрақтылығы % - пен көрсетіледі. Тұрақтылық дәрежесі 10 балдық шкаламен белгіленеді.

Экобиоморфа – белгілі бір сыртқы және биоценотикалық ортаның жағдайда табиғи сұрыптау нәтижесінде өсу формалары, биологиялық ритмі және экофизиологиялық, соның ішінде ортаны жасаушы ерекшеліктері ұқсас түрлердің жиынтығы. « Экобиоморфа » гректің

« эко - өмір, био - өсімдік » деген сөздерінен шыққан. Биоморфаның ерекшк түріне қыналар, мүктер, папоротниктер жатады. Экоморфа – сыртқы ортаның жағдайымен қарым – қатынасына байланысты тіршілік формасы. Ең алдымен оған ылғалдылық жатады.


18. Өсімдіктер жамылығысын зерттегенде сирек кездесетін және реликт, эндемик өсімдіктер түрлерін анықтап көрсетіңіз

Қазақстан флорасында 13 мыңнан астам түрді қамтиды. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің түр байлығы, интродукцияланған, мәдени дақылдар мен кездейсоқ әкелінген 500-ден аса түрлерді қоспағанда, 161 тұқымдасқа, 1120 туысқа жататын 6100-ге жуық түрден тұрады. Бүкіл флораның 14 % (730) эндем түрлер, арасында реликтті түрлер де бар. Қазақстан флорасындағы түрлердің басым бөлігі 15 тұқымдасқа топтасқан. Алғашқы құрлықтық өсімдіктердің қалдықтары Оңт. Балқаш өңірі мен Бұрынтауда жоғ. ордовиктік қатпарлардан табылған. Олар плаун тәрізділерге жататын Akdalophyton caradockі пен қырықбуынға жататын – Sarіtuma tatjanae. Бұлар шамамен 450 млн. жыл бұрын тіршілік еткен. Республикамыздың қазіргі флорасы эоцендік субтропиктік (36 – 58 млн. жыл бұрын), олигоцендік орманды-мезофильдік (26 – 35 млн. жыл), неогендік ежелгі жерортатеңіздік таулы-ксерофиттік, субтропиктік-ксерофитті бұталық және миоцен-плиоцендік алғашқы далалық (13 – 25 млн. жыл), плейстоцендік (2 млн. жыл) флоралардың негізінде қалыптасқан. Өсімдіктердің Қазақстан жерінде таралуы, түрлер мен эндемиктердің топтасуы, табиғи аймақтар мен таулық белдеулерде әр түрлі. Республиканың осыншама бай өсімдіктер дүниесі түрлердің биол., экол., эвол. ерекшеліктеріне байланысты әр түрлібірлестіктер мен қауымдастықтарда жүйеленген. Қазақстанның өсімдік дүниесі әр алуан. Мұнда флора эндемизмінің мынадай орталықтары - Қаратау таулары, Батыс Тянь-Шань, уникалды табиғи комплекстер бар. Орман фитоценозы ағаш породаларының 20, ал бұталардың 40-тан аса түрлерімен көрсетілген. Қазақстан жабайы алманың (яблоня Сиверса – Malus sieversii(Ledeb.)шығу орталығы екенін әлем мойындады. Қарақаттың 10 түрі кездеседі. Жуа (пияз) мен сарымсақтың 120 жабайы түрлері өседі. Бұл ұлттық қана емес, глобальды деңгейде құндылыққа ие. Жауқазын елі деп Голландияны айтқанмен, Қазақстанда жауқазындардың 31 түрі өседі.



19. Друде және Браун-Бланке шкалалары және Раменский торы бойынша өсімдік жамылғысын сипаттаңыз

Обилие – это количество особей вида, приходящееся на единицу площади. Обилие видов определяется по специальным шкалам. При описании растительных ассоциаций для характеристики обилия вида до 90-х годов XX века часто использовали 5-балльную шкалу Гульта-Друде, часто называемую шкалой Друде

Шкалы для оценки обилия и проективного покрытия растений



Друде**

Раменский и др.**

Браун-Бланке* * *

1890

1956

1951

un (unicum) — единствен­ный экземпляр







Sol. (solitariae) — единично

s -единично; покрытие ничтожно мало (в каж­дом аре 1-3 экз.)

р - мало (покрытие от менее 0,1 до 0,2 %



+ — незначительное по­крытие (до 1 %)

Sр. (sparsae) – редко

n - умеренно обильно (покрытие 0,5 - 2,5 %)

1 — покрыто до 5% площа­ди или растений много, но они довольно разрежены

Сор1 (copiosae) — довольно обильно

с - массово обильно (по­крытие - 8 %)

2 — покрыто от 5% до 25% площади; или же растений очень много, но покрытие около 5%

Сор2 (copiosae) — обиль­но

с - массово обильно (по­крытие 3 - 8 %)

3 — покрытие от 25 до 50% площади

Сор3 (copiosae) — очень обиль­но

m**** - фоновое обилие (покрытие 9 - 70 % и выше)

4 — покрытие от 50 до 75%, площади

Sос (sociales) — сплошь




5 — покрытие более 75% площади

Однако следует отметить, что шкала Друде вышла из активного употребления около 15 лет назад. Вероятнее всего, это связано с тем, что данная шкала дает лишь общие безмасштабные, нередко субъективные оценки. Тем не менее, она до сих пор используется многими ботаниками.

В настоящее время при характеристике количественного участия видов в фитоценозе пользуются балльной шкалой обилия видов Браун-Бланке (Braun-Blanquet J., 1964):

r – вид встречается единично с проективным покрытием менее 1%;

+ – проективное покрытие вида – 1-5%; 

1 – проективное покрытие вида – 5-10%;

2 – проективное покрытие вида – 10-25%;

3 – проективное покрытие вида – 25-50%;

4 – проективное покрытие вида – 50-75%;

5 – проективное покрытие вида более 75%.

Константность (постоянство видов) (от лат. constans – постоянный, неизменный) – в геоботанике, одна из количественных характеристик участия вида растений в сложении растительной ассоциации; определяется процентом площадок равной величины, на которых встречается данный вид, от общего числа обследованных площадок.

Постоянство видов приводится в традиционных для направления Ж. Браун-Бланке баллах константности. Выделялось 5 классов константности (с 20% объемом класса): I класс – вид присутствовал не более чем на 20% площадок, II класс – от 20 до 40% площадок, III класс – от 40 до 60%, IV класс – от 60 до 80%, V класс – более 80% (табл.3).

 

Таблица 3 – Классификация встречаемости по классам константности (для направления Браун-Бланке)




Классы константности

Встречаемость вида, %

1

до 20

2

20-40

3

40-60

4

60-80

5

более 80



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет