Правила организации обучения по сокращенным образовательным программам 5 Правила организации обучения с применением дистанционных образовательных технологий 48


Қорқыт Ата атындағы ҚМУ оқытушысының кәсіби этика Кодексі



бет183/189
Дата06.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#58660
түріПравила
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   189
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ оқытушысының кәсіби этика Кодексі


1. Жалпы ережелер

1.1. Кодекс- бұл университеттің абыройын қолдап, оқытушы мен білім алушы буынның қарым-қатынас дәстүрлерін жалғастыру арқылы беделін арттыратын негізгі моральдік-этикалық және әлеуметтік мінез-құлық ережелерінің жинағы болып табылады.


1.2. Кодекс сыйластық, сыпайылық, бір-біріне қамқорлық қатынасты және университет қызметінде ынтмақтастық пен жауапкершілікті енгізетін білім алушылардың, оқытушылардың және университет қызметкерлерінің бірлескен өмірлік әрекеттерінің негізгі қағидаларын анықтайды.
1.3. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті оқытушысының кәсіби этика Кодексі (әрі қарай - Кодекс) Қазақстан Республикасының Конституциясына, ҚР-ғы Білім туралы заңына (2007), Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне және университеттің ішкі тәртіп Ержесіне сәйкес келеді.
1.4. Кодекстің мақсаттары болып табылады:
- педагогикалық ұжым мүшелерінің кәсіби қызметтерін орындаудағы этика нормалары мен мінез-құлық ережелерін орнату;
- оқытушылардың беделін нығайтуға ықпал ету;
- оқытушылардың бірыңғай мінез-құлық нормаларын жасап, қабылдауды қамтамасыз ету.
1.5. Оқытушылар Кодексі кәсіби этиканың төмендегідей негізгі нормаларын анықтайды:
- оқытушылар мен білім алушылар, сонымен қатар университеттің басқа да қызметкерлері арасындағы қарым-қатынасты реттейді;
- олардың адамзаттық құндылықтары мен абыройын қорғайды;
- оқытушылардың кәсіби іс-әрекет сапасын және мамандықтың абыройын қолдайды;
- сенім, жауапкершілік және әділдік негізінде білім беру ұйымының мәдениетін құрады.
1.6. Кодекс университеттің барлық оқытушыларына таратылады. Бұл білім беру үдерісіне қатысушылардың кәсіби этика мен мінез-құлықтарының негізгі ережелерінің қағидалары туралы келісімділік нәтижесін білдіреді, оны университеттің педагогикалық ұжымының әрбір мүшесі басшылыққа алады
1.7. Басшылар, оқытушылар және басқа да университеттің қызметкерлері осы Кодекстің сақталуына мүмкіндік жасайды.
1.8. Кодекс негізіне мынадай қағидалар енгізілген:
- адамгершілік;
-әділдік;
- кәсіпқойлық;
- жауапкершілік;
- шыдамдылық;
- демократиялық;
- әріптестік;
- ынтымақтастық.
1.9.Университетпен еңбек қатынастарында тұратын және білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу міндеттерін орындайтын оқытушыға өз қызметінде Кодекс ережелерін сақтау ұсынылады.
1.10. Кодекс- басқару құралы болғандықтан, әріптестердің оған жүгінуін үйрету қажет. Әртүрлі қиын жағдаяттарды шешуде пайдалану дағдыларын дамыту маңызды. Ондай жағдайларды шешу үшін университетің Академиялық кеңесіне жүгіну қажет болады. Кеңестің міндеттеріне әріптестердің мәселелері, этикалық жағдаяттарды талдау, мұндай жағдайға жауап қайтару кіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет