1.Препаратты және оның фармакологиялық тобын анықтаңыз Фурациллин,антисептикалық топ 2.Препараттың жанама әсерлерін сипаттаңыз Аллергиялық реакциялар, дерматиттер болуы мүмкін, олар уақытша үзілісті немесе препаратты қолдануды толық тоқтатуды талап етеді. 8-билет 1. Туберкулезге қарсы орташа белсенділігі бар синтетикалық препарат. Түс ажырату қабілетін төмендетеді. 1. Препаратты және оның фармакологиялық тобын анықтаңыз. Препарат: Этамбутол.
Фармакологиялық тобы: Туберкулезге қарсы синтетикалық II топтың заттары
2. Препараттың әсер ету спектрін сипаттаңыз. Этамбутолдың белсенділігі микобактериялардың жасуша қабырғасының синтезіне қатысатын ферменттердің тежелуімен байланысты. Препарат бактериостатикалық әсер етеді. Ол тек микобактериялардың көбеюіне қатысты белсенді, әсер 1-2 күннен кейін дамиды.Этамбутол M. tuberculosis-ке, сондай-ақ бірқатар атипті микобактерияларға (M. kansasii, M. avium, M. xenopi) қатысты белсенді. Этамбутол асқазан-ішек жолынан тез және 80% сіңеді. Дене салмағының әр кг-на шаққанда 15мг дозада қабылдағаннан кейін плазмада ең жоғары концентрацияға 2-4 сағаттан кейін жетеді және 4 мг/л құрайды. Концентрацияның төмендеуі екі кезеңмен жүреді: жартылай шығарылу кезеңі, тиісінше, 4 және 10 сағаттық. Ең төмен басым концентрациясы 1 мкг/л құрайды. Таралу көлемі орта есеппен 3,89 л/кг құрайды. Плазма ақуыздарымен байланысуы – 10-40%. Этамбутол өкпе тіндерінде жақсы сіңеді, онда оның концентрациясы сарысулық деңгейінен 5-9 есе артық болуы мүмкін. Енгізілген заттың аздаған бөлігібауырда, басқа тіндерде де метаболизденуі мүмкін. Енгізілген дозаның 50-70%-ға жуығы несеппен бірге карбоксильдік және альдегидтік метаболиттер түрінде шығарылады. Препараттың шығарылуы бүйрек қызметі төмендеген науқастарда кідіреді.Этамбутол плацента арқылы өтеді. Ұрықтың қанында этамбутолдың концентрациясы ана қанындағы препарат концентрациясының шамамен 30%-ын құрайды.
3. Препараттың жанама әсерлерін сипаттаңыз. Жанама әсерлерінен этамбутолға көрудің бұзылуы тән (соның ішінде түсті ажыратудың бұзылуы, әсіресе жасыл және қызыл түсті ажырата білу қабілеті). Егер көру жүйкесінің невриті пайда болса, бұл асқыну ауыр түрде өтеді. Көрудің бұзылуы әдетте этамбутолмен емдеп бастағанда 2-6 айдан кейін дамиды және ол мөлшерге байланысты болады. Препаратты беруді дер кезінде тоқтатса көру біртіндеп қалпына келеді. Осындай жанама әсерлердің мүмкіндігәне байланысты, этамбутолмен емдегенде көру қызметін үнемі бақылап отыру керек. Этамбутол аллергиялық реакцияларды сирек шақырады - сананың бұлыңғырлануы, бағдарсыздық, елестеулер, депрессия, бас ауыру, бас айналу - сарғаю немесе бауыр қызметінің өткінші бұзылулары, трансаминаза белсенділігінің жоғарылауы, асқазан-ішектің бұзылулары, мысалы ауыздан тот тату, жүректің айнуы, құсу, анорексия және іштің ауыруы - шеткергі невриттер (қол-аяқтың парестезиялары, ұюы, парезі, қышуы) - аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, терінің қышуы; буындардың ауыруы, дене температурасының жоғарылауы, анафилаксия - лейкопения, қан сарысуында несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы, подаграның асқыну, несеп қышқылының диатезі құбылысы.
2. Қызғылт түсті антисептик, иісті жоятын, қармаушы әсері бар, жоғары концентрацияда күйдіргіш әсері бар. Шаю, бүрку, жараларды суландыру, күйік беттерін өңдеу және т. б. үшін қолданылады.