Пререквизиттері



бет22/36
Дата11.05.2020
өлшемі140,61 Kb.
#67217
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36
Байланысты:
сссссссссссссс
0904000 ЭНС , 0904000 ЭНС , Әдістемелік бірлестік туралы Е Р Е Ж Е, 130 приказ қосымшалары1, 130 приказ қосымшалары1, Кітап қажетті, Жас мамандарға арналған әдістемелік коучинг, Describe people, Оп Каз 30, Doc1, 1-4 сынып stud.kz-64387, Тәжібай Берік мұғалімнің жетістігі
Торуылды ұрыстың барлық түрінде барлау жүргізудің бір әдісі ретінде барлау шолғыны және барлау шолғыны жіберген шолғын бөлімі сонымен бірге осыған арнайы белгіленген взвод (бөлімше, танк, топ) қолданады. Жақсы ұйымдастырылған және дайындалған торуыл — қарсылас үшін тор іспетті. Оған түсу оңай, бірақ құтылу өте қиын. Барлаудың бұл әдісін көбіне танк бөлімшелері қолданады. Торуыл қарсылас қозғалысының ықтимал бағыттарында ұрыстық ретке тез жазылуы қиын жерлерде ұйымдастырылады, Бұл қарсыласты атыспен және шабуылмен кенеттен жоюға мүмкіндік береді.

Торуыл ауданындағы жер взводтың жеке құрамының жасырын орналасуына, оны мұқият бүркемелеуге, қарсыласқа тез және ынғайлы шабуыл жасауға, өз әскерінің орналасқан жеріне жасырын кетіп қалуына жағдай жасауы тиіс. Торуылға бекітілген взводқа пулеметтер, зеңбіректер, отшашарлар, танкілер, саперлер және басқа да күштер мен құралдар білінуі мүмкін.

Орман, елді мекен шеті, қарсылас жағындағы бейіттер, көпірлерге, өткелдерге, темір жол станцияларына кіре берістер торуыл ұйымдастыруға қолайсыз. Өйткені қарсылас мұндай аудандарға жақындағанда өте сақ болады, тұтқиылдан торуыл жасау мүмкіндігі мейлінше азаяды. Сондықтан торуылдарды тар өткел, бөгеттерге жақын, орман-тоғайдан, елді мекеннен шығар жерге, қарсыластың әдейі бұзылған телефон желілері жанында, байланысшылар, мотоциклшілер, автомашиналар қозғалысы жолында, оқ-дәрі (азық-түлік) тасушылардың жолында су көздері және т.б. тұсында таңдаған жөн.

Торуыл мақсаты — аз күштердің кенеттен атысы арқылы күші жағынан басым қарсыласты жою және тұтқынын алу, маңызды құжаттар, қару-жарақ, жабдықтар мен ұрыс техникасының үлгілерін қолға түсіру, сондай-ақ дүрбелең тудырып, қарсыластың ядролық шабуыл құралдарын жою.

Торуыл жасау үшін жекелеген жауынгерлер немесе қарсыластың шарын топтары, нақты бағыт бойынша жылжып келе жатқан көліктік машиналар нысан болуы мүмкін.

Торуылдың алдында жіберілген бақылаушылар жақындап келе жатқан қарсыласты дер кезінде тауып, ол туралы взвод командиріне радио арқылы немесе келісілген жасырын белгі бойынша мәлімдеуі керек. Қарсыластың ұсақ топтары, жекелеген жауынгерлері мен офицерлері бөлімшенің кенеттен батыл қимылы, атыс жүргізбей шабуыл жасауы арқылы қолға түсіріледі. Қарсыластың ірі топтары жақын келтіріліп, бір-екі бөлімшенің бойлата атысымен жойылады. Ал тірі қалған жауынгерлері мен офицерлерін шабуыл бөлімшелері тұтқынға алады. Қару-жарақтың жаңа түрлері және мүмкіндігінше ұрыс техникасы басып алынады, ұрыс техникасындағы шартты белгілер мен эмблемалардың суреттері салынады немесе фотосурегке түсіріледі. Өлтірілгендер мен ұрыс техникасы тінтіледі, барлық табылған құжаттар алынады.

Торуылдағы қимыл аяқталған соң взвод дереу жасырын кетеді, кейде взвод командирінің нұсқауы бойынша басқа ауданда жиналу үшін әр түрлі бағытта бөлімшелерге бөлініп тарайды.

Іздеуді барлау жүргізудің әдісі ретінде мотоатқыш немесе штаттық барлау взводы қолданады (танк взводы іздеуді жүргізбейді, өйткені ол тек жаяу ретпен жүргізіледі).

Іздеуді жүргізуге белгіленген взвод, әдетте, бөгет құралдары бар саперлер бөлімімен күшейтіледі және артиллериялық, минаатарлық атыстармен сүйемелденеді.

Іздеу қарсылас орналасқан терендікте де, алдыңғы шеп алдында көбінесе түнде немесе көрінуі шектеулі жағдайларда жүзеге асырылады. Ол алдын ала белгіленген қарсылас нысанына жасырын жақындап келіп, тұтқын, құжаттар, қаружарақ үлгілері, ұрыс техникасы және құрал-жабдықтарды қолға түсіру үшін кенеттен оған шабуыл жасайды. Іздеу шабуыл алдында да, командир шептілгімен қорғаныс жүргізу кезінде де ұйымдастырылады. Іздеу нысанына қарсылас топтар немесе жауынгерлері, жекелеген офицерлер, бақылаушылар, байланысшылар, патрульдер, экипаждар, атыс құралдары мен ұрыс техникасының есептоптары, сақшылар, бақылау посты, байланыс торабы және т.б. жатуы мүмкін. Күшейтілген взвод құрамында, бөлімшедегі іздеуді жүргізу үшін үш топ құралады:

  1. негізінен, саперлер – өтпе жасау тобы, олар іздеуді жүргізетін жеке құрамның бөгеттер мен кедергілерден өтуін қамтамасыз етеді;


  2. шабуыл тобы – іздеу нысаның қолға түсіруді тікелей жүзеге асырады, оған, әдетте, батыл, мықты және бастамалы сарбаздар кіреді;


  3. атысты қамтамасыз ету тобы – шабуылдаушылар қимылын атыспен талқандаушылар.


Іздеуге взводты дайындау тек қарсыластан ғана емес, сонымен бірге өз әскерлерінен де жасырын жүргізіледі. Дайындыққа бөлінген уақыт қалыптасқан жағдайға байланысты бір тәуліктен бес тәулікке дейін созылуы мүмкін.

Іздеудегі взводты түнде басқаруды взвод командирі электр шамымен белгі беру, баулар көмегімен, дауыстап пәрмен беру арқылы жүзеге асырады.

Іздеуді жүргізу кезінде взвод қимылы төмендегі ретпен жүзеге асырылады. Жеке құрамның іздеуге дайындығын тексергеннен кейін взвод күшейту құралдарымен бірге іздеу үшін бастапқы қалыпқа шырады, ол бірқатар жағдайларда қорғаныстың алдыңғы шебінде — бейтарап жасақта болуы мүмкін. Кейде іздеу жүргізу алдында артиллерия және минаатар атысымен қарсыластың анықталған түнгі көру құралдарын басу керек.

Өтпе жасау топтары алға жылжып, қарсыластың инженерлік бөгеттеріне өтпе (кейде екі өтпе) жасайды және оның дайын болғандығы туралы белгі береді. Белгіні алғаннан кейін атысты қамтамасыз ету тобы өтпеден өтіп, көрсетілген атыс позициясына қарай жасырын жылжиды. Атысты қамтамасыз ету тобының артынан өтпеден жасырын түрде шабуылшы тобы өтеді.

Шабуыл нысанына шусыз, жасырын және мейлінше жақын келген шабуыл тобы взвод командирінің белгісімен (әдетте, ол шабуыл тобында болады) кенет шабуылдап іздеу нысаның қолға түсіреді. Егер нысанға жасырын жақындау мүмкін болмаса, онда нысанның қапталына жасалған атысты қамтамасыз ету тобының қарқынды атысы астында бір мезгілде граната лақтырылады. Шабуыл барысында шабуыл тобы кезекпен бағытталған қысқа автоматтың атыс (жүру барысында), ал атысты қамтамасыз ету тобы бір орыннан (жатып) көздеп ұзақ кезекпен автоматтық атыс жүргізеді.

Қойылған міндеттерді орындағаннан кейін, ең әуелі атысты қамтамасыз ету тобы өз атысымен талқандай отырып шабуыл тобын жібереді де, соңын ала өзі де кетеді. Ең соңынан өтпе жасау тобы кетеді. Іздеу ауданынан взводтың кету ауданы, әдетте, маңдайшеп пен қапталдардан сүйемелдеуші артиллерия мен минаатар атысымен іске асырылады, бұл қарсылас тарапынан ізге түсуді болдырмау үшін жасалады. Атысқа шақыру (пәрмен беру) белгісін іздеуді басқаратын командир береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет